Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеу нәтижелерін жариялау мен тарату



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

6.6. Зерттеу нәтижелерін жариялау мен тарату 
Зерттеу нәтижелерін жариялау зерттеушілік жобаның қорытынды 
кезеңі болып табылады. Бүгінгі таңда зерттеу деректеріне сүйеніп жа-
рық көрген еңбектер – білім зерттеушісінің академиялық ортадағы та-
быстылығын танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі.
Зерттеудің кез келген сатысы сияқты ғылыми жарияланым белгілі 
бір ережелер мен талаптар бойынша әзірленуі керек. Бұл нормалар 
қолжазбаны баспаға дайындауды және баспамен жұмыс жасау кезең-
дерін қамтиды. 
6.6.1.
Білім зерттеушісі зияткерлік өнім авторларының тізіміне тек 
оны дайындауға елеулі үлес қосқан адамдардың енгеніне көз 
жеткізуі керек.
6.6.2.
Білім зерттеушісі зияткерлік өнімге елеулі үлес қосқан 
адамдардың барлығы кәсібі, қоғамдағы мәртебесі немесе т.б. 
сипаттамаларына қарамастан, автор ретінде әділ көрсетіл-
геніне көз жеткізуі қажет. 
6.6.3.
Білім зерттеушісі есте сақтауға тиіс қағидалар: 
a.
өзгенің туындысына автор немесе бірлескен автор болуға 
келісімшарт немесе басқа да міндеттеме арқылы кепілдік бе-
руге болмайды; 
b.
авторлықты әділ мойындауға кедергі жасайтын кез келген 
келісім жасасуға жол берілмейді;
c.
бөгде кісінің зияткерлік өнімінің авторлығын иемденуге 
болмайды;
d.
авторлар қатарында көрсетілген кез келген адам осындай 
тізімге енгізуге өзінің келісімін беруі тиіс.
6.6.4.
Білім зерттеушісі зияткерлік өнімде көрсетілген авторлар-
дың тәртібі авторлық ұжым мүшелерінің қосқан үлесінің 
елеулігімен анықталатынына көз жеткізуі тиіс. 
6.6.5. 
Зерттеуге қатысушының академиялық мәртебесі немесе ең-
бек/зерттеу тәжірибесінің кез келген көрсеткіші оны зият-
керлік өнімнің бірінші авторы етіп көрсетуге негіз болмай-
тындығын білім зерттеушісі есте ұстауы тиіс.
6.6.6.
Авторлық ұжым мүшелерінің арасында іс жүзіндегі лауа-
зымдарының ықпалымен «басшы–қызметкер» қарым-қаты-
насының орнауына жол бермеу керектігін білім зерттеушісі 
есте ұстауға тиіс.


42
6.6.7.
Білім зерттеушісі студентпен бірлесіп жұмыс жасағанда, не-
гізінен диплом немесе диссертация жұмысынан туындайтын 
зияткерлік өнімнің бірінші авторы осы студент болып көр-
сетілетіндігін есте ұстауы тиіс.
6.6.8.
Білім зерттеушісі өзінің студенттері мен әріптестеріне олар-
дың білімі, кәсіби дайындығы мен тәжірибесіне сүйене 
отырып, өздігінен орындай алатын міндеттерді ғана сеніп 
тапсыра алады, басқа міндеттерді тек тәлімгердің тікелей 
бақылауымен ғана тапсыруға болады.
6.6.9.
Қолжазбаны дайындауға қатыса тұра, үлесі елеулі деуге 
болмайтын адамдардың барлығы зияткерлік өнімнің «Риза-
шылық» атты бөліміне көрсетілетінін білім зерттеушісі есте 
ұстауы қажет.
6.6.10.
Егер авторлық ұжымның басқа өкілдері ғылыми жобаның 
қайсыбір нәтижелерін шамадан тыс талғамдылықпен та-
ратса я болмаса жаңылысатындай таратса, онда ғылыми 
жобамен айналысатын авторлық ұжымның әрбір мүшесі, со-
нымен қатар жобаның демеушісі бұл жобадан жария түрде 
бас тартуға құқылы екендігін білім зерттеушісі есте сақтау 
қажет.
6.6.11.
Білім зерттеушісі өзінің зияткерлік өнімінің толықтай біре-
гей зерттеудің нәтижесі екендігіне көз жеткізуі тиіс.
6.6.12.
Білім зерттеушісі қолжазбаны жариялауға ұсынған кезде 
оның қолжазбасының басуға алғаш рет беріліп отырған-
дығына кепілдік беруі тиіс.
6.6.13.
Білім зерттеушісі қолжазбаны бір мезгілде бірнеше баспаға 
жібермеуі тиіс. Қолжазбаны басқа баспаға тек алдыңғы бас-
па ресми түрде бас тартқаннан кейін ғана жіберуге болады.
6.6.14.
Білім зерттеушісі өзінің жарияланған туындысында айтар-
лықтай қателік немесе олқылық тапқан жағдайда, ол осы 
туындыны жариялаған баспаға дереу хабарлауға міндетті. 
6.6.15.
Егер баспа өздігінен немесе үшінші тараптың көмегімен жа-
рық көрген еңбекте айтарлықтай қателік немесе олқылық 
тапса, білім зерттеушісі осы баспамен олқылықтың орнын 
толтыру үшін міндетті түрде бірлесіп қызмет етуге міндетті.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет