Бақылау сұрақтары:
1. Мектептiң оқу-тәрбие үрдiсiмен басқаруды түсіндіріңіз.
2. Мектептің басқару қызметтерi.
3. Педагогикалық ұжыммен басқару стильдерi.
4. Мектептiң әдiстемелiк жұмысы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мажикеев Т. Руководитель школы как менеджер – организатор образовательного процесса. // Мектеп директоры. – 2002-. №5-С.31-38.
Курочкин Н.И., Максимова Н.А. Руководитель – Воспитатель – Педагог. - М.: Сов.Россия, 1982.-192 с.
Уткин Э.А. Профессия менеджер. -М.: Экономика, 1992.-176 с.
Гагарин А.С. Конаржевский, В.Ф. Молодой руководитель в трудовом коллективе. Основы организационной и воспитательной работы. - Свердловск -1990.-143с.
Фриш Г. Первые шаги директора новичка //Директор школы.-2002.- №5. - С.51-72.
Мехедов В.В., Скворцов В.Н. Управленческие знания и умения директора общеобразовательной школы. - Л.-1991.
Битянова М. Стиль руководства: ваш выбор (директивная модель, кооперативная модель) //Управление школой. 2004.№ 12 (351) 24-31 марта, С.28
Дерзаков Н., Ушаков К. Эффективность предполагает адекватность. О стилях профессионального поведения руководителя //Директор школы. - 1995. №2.- С.20-28.
2 Модуль – Бiлiм сапасымен басқару
4-дәріс Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау- 2 сағат
Мақсаты: басқару сапасын көтеру негізінде педагогикалық процестің диагностикасы туралы білім қалыптастыру.
Жоспары:
1. «Педагогикалық процесс диагностикасы» ұғымы.
2. Басқару негізі ретіндегі педагогикалық процестің мәні.
1 «Педагогикалық процесс диагностикасы» ұғымы.
Басқару негізі ретінде – педагогикалық процесс диагностикасының мәні. Ұстаз еңбегі психологиялық- педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдері нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалім-ұстаздар жоғары оқу орнының педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.
Жалпы алғанда басқару- белгілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топтың, ұжымның, ұйымның және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету. Яғни, шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Халықаралық тәжірибеде басқарудың міндеттер бойынша, жоспардан тыс, ерекшелікке байланысты, нәтижелер бойынша т.б. түрлері іске асырылуда. Ал, қазiргi заманда қазіргі мектептi басқарудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуда, өйткені ол – күрделi жүйе. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп басшыларының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiнуі тиіс. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Мектептi басқарудың басты мәнi – педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатын көздейді. Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |