2. Мектепті басқарудағы Қазақстан тәжірибесі Басқарудың қызметтерiн тек дидактикалық тұрғыдағы аспектiлермен шектеген қате болар едi. Бiлiм беру мектептерiндегi педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқаруға келеді.
Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқарудың ең маңызды мәселесiне айналуда.
Қазiргi жағдайларда қазақстандық мектептiң жаңа моделiн жасау жүрiп жатқан кезде өткеннiң және қазiргi уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжiрибесiн арнайы зерттеу керек: олардың тәжiрибесiндегi жаңа бiлiмнiң мазмұны қандай (сапасы, деңгейi), педагогиканың әртүрлi саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшiн педагог жаңашылдардыњ қосар үлесi қандай. Педагогика єдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдiстемелердiң жаңашылдық тәжiрибелердіњ басты назарында болуы керектiгiн анықтау қажет. Басқару ісін дұрыс атқару үшін басқарушы өзін-өзі басқара алуы қажет. Бұл туралы Қытай данышпаны Лао Цзы “Басқаны басқара білген адам мықты, ал өзін-өзі басқарған мықтырақ”-деген екен.
Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқарудың ең маңызды мәселесiне айналып отыр.
Г.И. Щукинаның пiкiрiне қосылып, басқару дегенiмiз – мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу деп есептеймiз. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-±сыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудыњ мақсатты іс-әрекет болып табылады; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленедi.
К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару – нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.
Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.
Практикалық іс-әрекет ретiндегi педагогикалық басқару – оқушылардың оқуы мен тәрбиесiн басқару. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерiн басқару туралы бiлiмдер.
“Педагогикалық басқару” ұғымы “бiлiм берудi басқару” ұғымынан кең, өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген “адам – адам” жүйесiнде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негiзгi түрiне бағынады – педагогикалық процесс субъектi іс-әрекетiн басқару.
Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты объектiсi – өсiп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекетi. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер, тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.
Бiлiм беру мекемесiн басқару іс-әрекетiнiң басқа мекемелер немесе өнеркәсiп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуiр айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: “Егер қаржы немесе әкiмшiлiк әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемiнде ашық айтылып, ашық қабылданған пiкiрден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ”. М.И. Кондаков: “Мектеп жұмысын басқару өндiрiстiк және қоғамдық өмiрдiң басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткенi мұнда күштердi орналастыру мен үйлестiру, байланыс пен өзара тәуелдiлiк жүйесiн жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесiнiң барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелерi басты мәнге ие болады”, - дейдi.
Бiлiм беру жүйесiнiң иерархиялық құрылымының әрбiр элементiнде, министрлiк болсын, облыстық, аудандыќ басқарушы орган (департаменттер, бiлiм беру бөлiмдерi) немесе мектептер болсын, бәрiнде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлерi кездеседi, мысалы: әкiмшiлiк, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлерi бiлiм беру жүйесiнiң шеңберiнде бiр-бiрiмен байланысты, олардың бәрi жалпы тәрбиелiк және бiлiм беру мiндеттерiн шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: “Бiлiм берудi басқаруды жiктегенде мынаны ескеру керек: басқару – адам іс-әрекетiнiң ең маңызды түрлерiнiң бiрi. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейдi” - деп, дұрыс айтқан.
Егер бiлiм беру жүйесiн қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерiнiң үлес салмағы мен қатынасы әртүрлi екенiн байќауѓа болады. Мысалы, министрлiк, облыстық, аудан және қалалық бiлiм беру басқармасы деңгейiнде кешендi процесс ретiндегi басқару жүйенiң арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетiне қажеттi материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлiк және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, мұғалiмдер деңгейiнде педагогикалық басқару практикалық қызмет-әрекеттерiндегi педагогикалық талаптарды тiкелей жүзеге асыру ретiнде толығырақ көрiнедi. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептiң материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бiрақ бағынушылық мәнге ие.
Әдетте, бiлiм беру жүйесiндегi басқару туралы сөз еткенде, көбiнесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлiктi, облыстық, аудан, қалалық бiлiм беру басқармалары бiрiншi болып аталады. Оқу-тәрбие процесiн тiкелей басқару мектеп әкiмшiлiгi деңгейiнде, ең бастысы, мұғалiмніњ жүзеге асыратын ж±мыстарын ұмытпауымыз керек.
Мектептi басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретiнде объектiлерi, басқарудың тәсiлдерi мен нәтижелерiнде айырмашылықтар бар.
Мектептi басқару теориясының объектiсi – барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың объектiсi – мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының іс-әрекетi (ұжым, сынып, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң амал-тәсiлдерi – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiл, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру органдарының жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi – тәжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi – жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.