Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған


 Сөйлемдерді ырғақ, интонациямен әсерлі оқы. 4



бет14/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

3. Сөйлемдерді ырғақ, интонациямен әсерлі оқы.
4. Шығарма тартымды болу үшін жұмсалған синоним сөздер, тұрақты тіркестердің астын сызып оқы.
5. Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.
3-тапсырма. Ақын сөзінің мағынасын түсіндіреді. Еңбек қылмай тапқан мол дәулет болмас: қырдың суы секілді тез суалар. (Абай)

Тапсырмаларды орындайды.

Қолдану

4-тапсырма.Мына кестедегі сөйлемдерді оқып, көркемдегіш құралдарды дәптерлеріңе жазып отырыңдар.
Бірінші кестені оқып шыққан оқушы теңеулерді тауып, қалған оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Үшінші кестеден метафораны табу, ал төртінші кестеден жігіттің сыртқы портретін дәптерлеріне жазып алу тапсырылады.

Жазады.
Кесте толтырады.

Талдау

5-тапсырма. Төмендегі үзінділер кодоскоптан оқылады.
Төмендегі эпитеттерді қатыстыра отырып, портреттеуге арналған сөз тіркестерін пайдаланып, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаға мінездеме жазу. Мінездемені бірнеше оқушыға оқытып, эпитет, мінездеме деген сөздерді әрі қарай дәптерлеріне жазу тапсырылады. Төмендегі сөз тіркестерінен қарапайым фразеологизмдерді бір бөлек, тұрпайы фразеологизмдерді бір бөлек жазыңдар.
Оқушылар төмендегі литоталарды қатыстырып сөйлем құрайды.
Оқушылар орындаған тапсырмаларындағы көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мен көркемдегіш құралдың түрлерін оқиды.
Әдеби шығармалармен жұмыс істейді.
Үзіндіні кестеден оқыған оқушыға стильдік талдау жасату. Оқушы сұрақ-жауап арқылы көркем әдебиет стильінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды

Оқиды.

Мінездеме жазады.


Топтастырады.
Сөйлем құрастырады.

Талдайды.



Жинақтау

6-тапсырма. Мына теңеулерді қатыстырып, фантастикалық әңгіме жазыңдар: қордың қызындай, шөккен нардай, көзге біткен сүйелдей, атқан оқтай, иненің жасуындай.
7-тапсырма. М.Мақатаевтың «Қара шалғы» өлеңін қарасөзге айналдырып жазып келу.

Әңгіме жазады.


Өлеңді қарасөзбен жазады.

Бағалау

Әдеби тілде сөйлеп үйренген болашақ өмірде қажет деп ойлаймын, себебі ...

Ойды жалғастырады.

Рефлексия

Мен тапсырма орындадым ....
Мен түсіндім, ... дегенді.
Мен .... дегенді сездім
Мен ... істей алдым.
Мен істеп көрейін ...
Мен .... үйрендім
Мен ... істегім келді.

Стикерге ойларын жазып, плакатқа жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет