Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет1/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)


Білім беруді дамыту орталығы


10-11-сыныптарға арналған
«Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі»
таңдау курсының бағдарламасы

Орал, 2021


Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
Білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып,
облыс педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Хаттама №1 26.02.2021 жыл


Құрастырушылар: С.У.Нурсапина
№41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
біліктілік санаты педагог-зерттеуші мұғалімі
С.А.Беккужиева
№41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
І санатты мұғалімі
Пікір жазғандар: А.Б.Қайыров
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық
университетінің доценті, ф.ғ.к.
Г.С.Иманиязова
№41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
біліктілік санаты педагог-зерттеуші мұғалімі
Бұл 10-11-сыныптарға арналған таңдау курсы бағдарламасында оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін практикада дамыту мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер, шығармашылық тапсырмаларды пайдалану жолдары берілген. Әдістемелік құралдың оқушылар үшін коммуникативтік міндеттерге сәйкес саналы түрде таңдап алынған дағдыларды дамытып жетілдіруде көмегі зор.
Ұсынылып отырған таңдау курсын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады.
Түсінік хат

Бағдарлама 10-11-сынып оқушыларына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделіп жасалды. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете үйренгісі келген оқушылар пайдалана алады.


Ауызша мәтіндердің мазмұнын айта алу және жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Қазіргі уақытта оқушының бойындағы сауаттылығы пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылады.
10-11-сынып - аптасына 1 сағат, барлығы - 36 сағат. Аталмыш бағдарлама оқушылардың ауызша-жазбаша тілін дамытуға көмек көрсетеді.
Қазақ тілі - мәдениеттің, өнер-білімінің ұлы қаруы, қазақ тілі мен әдебиетінің келешегі білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интеллектуалдық деңгейін биіктетеді. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала игерген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет