Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет7/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 2

Ауызекі сөйлеу стилі

Мақсаты:

Ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік беріп, түрлі әдістерді пайдаланып, балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінеді, түрлі әдістерді пайдаланып, тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттырады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі, талдау, ойтолғау, сұрақ - жауап, шығармашылық іздену.

Қолданылатын ресурстар

Интербелсенді тақта, слайдтар көрсетемін,
плакат, марекерлер, стикерлер. кеспе қағаздар, қосымша материалдар,
т. б

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

  1. Адамның сөйлеу мәдениеті – оның ішкі жан-дүниесінің айнасы. (В.А.Сухомлинский)

  2. Сөзді дәл, нақты айту – сөйлеу мәдениетінің заңы. (Л.Н.Толстой) 

  3. Оқушыны жетектейтін карта.

Ассоциация (қағазға әр оқушы жазады)
Ерекшелігі, дауыс ырғағы, лексика, сөздің жасалуы, морфология, синтаксис.

Оқушылар ойларын ортаға салып талқылайды топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады. Диалект-жаргон сөздерді айтады.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырады. Өзара сөйлеседі. Тақырыпшаларға бөліп, мәтін мазмұнын өз сөйдерімен айтады.
(Талдау ерекшелігі, дауыс ырғағы, лексика, сөздің жасалуы, морфология, синтаксис.)
Ауызекі сөйлеу стилі
Мақсаты: Кеңесу, көзбе-көз тілдесу мен пікірлесу, ой бөлісу
Қолданылу аясы: Еркін әңгіме-сұхбат, дауласу, көпшілік алдында сөйлеу кезінде қолданылады.
Стильдік сипаты: Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі. Ым - ишара қолдану
Білдім(І), мен үшін жаңа(ІІ), басқаша деп ойладым(ІІІ), түсінбедім, білгім келеді(ІҮ)
Әр топ оқиды, басқалары тыңдайды.
Оқушылардың түсінбегенін, білгісі келетінін мұғалім түсіндіреді.

Мәтінді мұқият оқып, сөйлемдер құрастырады. Сөйлеседі. Түсінгендерін айтады.
Талдайды.

Түсіну

2-тапсырма. Сұраққа жауап беру. Кесте толтыру.
Балалар, сонымен біз не туралы айтып жатырмыз?
Ақпараттық, сендіру, шақыру, көңіл көтеру сөйлеу тілдерімен кесте толтырады.
Кәртішкемен жұмыс

Сұраққа жауап береді.
Кесте толтырады.


Кәртішкемен жұмыс істейді.

Қолдану

3-тапсырма.  Кәртішкелердегі мәтіннің стилін анықтаңдар.
а) Тапсырмадағы сөйлеу өнеріне байланысты пікірлердің авторын табу.
э) Автор жөнінде деректер айту.
б) Стиль түрлерін анықтау.
Сөйлемдерді ауызекі сөйлеу стилінің түрлеріне қарай талдаңдар.
4-тапсырма. Мәтінді түзету.

Стильді анықтайды.
Кәртішкемен жұмыс істейді.


Мәтінді түзетеді.

Талдау

5-тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде түсіндір.
Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта.

Түсіндіреді. Сөздердің ерекшелігін анықтайды.

Жинақтау

  1. 6-тапсырма. Үнтаспадан ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу тілінен гөрі әдеби норманың сақталатындығы, тақырыбы әр түрлі болып келетіндігі талқыланады. Автор орындығы.

  1. Күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу стилі туралы, оның маңызы туралы ойларын білу.

Тыңдайды. Талқылай
ды.

Тыңдайды. Ойларын айтады.



Бағалау

Әдеби тіл және оның нормасының мәтінмен байланысын айқындаңдар.

Әдеби тілдің мәтінмен байланысын айқындайды.

Рефлексия

Сабақта не түсіндік? Не білдік? Не үйрендік?

Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабаққа қорытынды ойларын жазып, плакатқа жапсырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет