Курсқа қатысатыноқушыларға қойылатын талаптар:
-қазақ тілінде емін-еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
-көркем шығармалардан үзінділер оқып, мазмұны бойынша талдау жасау;
-сауатты оқу, жазу, есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту;
-сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастыра алу керек;
-мәтіндегі сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажырата алу керек;
-мәтін қандай тәсілмен жазылғанын ажырата алу керек.
Оқушылардың үйренетін білім-білік, дағдылары: Қарым-қатынас жасауды меңгеріп, түрлі стилдер мен жанрда мәтін құрастырады (пікір алысады, аннотация, реферат, баяндама) жазады.
Тақырып мақсатына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тілдік құралдарды таңдап ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Түрлі монологтарды меңгереді (хабарлау, сипаттау, талдау) және диалог (өзара пікірлесуге, тұлғааралық қарым-қатынас жасауға).
Ауызша және жазбаша формада өз ойларын еркін, дұрыс жеткізеді. Мәтінді дұрыс құрастыру нормасын сақтайды (логикалық, бірізділік, байланысын, тақырыпқа сәйкестігін және т.б.).
Қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерге, оқығанына, тыңдағанына, көргеніне және т.б. фактілерге дұрыс көзқараста болады.
Ауызша сөйлеу барысында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің негізгі нормаларын орынды сақтайды (лексиканы, грамматиканы, жазуды, этикетті, дұрыс сөйлеуді).
Сөйлеу тілінде өзін-өзі бақылайды, өзінің басқамен қарым-қатынасын дұрыс бағалайды, грамматикалық, тілдік қателерді таба біледі, оны түзете, жетілдіре біледі және өзінің құрастырған мәтінін қайта түзете біледі.
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты бақылау жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытынды бақылау жұмысына арналған.
10-сынып оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар: Оқушылар нені білу керек: — қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
— білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
— талдау машығының жоғары болуы;
— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
— салыстыра алу қабілетінің басым болуы.