Тақырыбы 4
|
Ауызекі сөйлеу мәдениеті
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру.
Оқушыларды жылдам ойлауға, кез келген кедергіден өтіп, пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдері жетіледі.
Оқушылар жылдам ойлауға, кез келген кедергіден өтіп, пікірін еркін білдіре білуге дағдыланады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, түсіндіру
|
Қолданылатын ресурстар
|
Кітаптар , қосымша материалдар интерактивті тақта, слаидтар, кесте,
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі.
Мақалдын мағынасын қалай түсінгендерін сұрау.
«Әдеп басы – тіл» деп неліктен айтады?
|
Ойланады. Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқы. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Мәтінге ат қой.
Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің? Оларды сөйлеу кезінде пайдаланасың ба?
|
Оқиды. Ойланады. Сұраққа жауап береді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтады. Нені басшылыққа алып, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу керектігін айтады.
|
Оқиды. Мәтін мазмұнын айтады.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Кез келген әдеби шығарма мазмұнын жазады және әңгімелеп береді. Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазуды қалай пайдаланғанын айтады. Қандай жағдайда ойларыңды жеткізу (жазбаша немесе ауызша) қиын болғанын айтыңдар.
|
Әдеби шығарма мазмұнын айтады. Жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Ойды жалғастырыңдар
Дұрыс сөйлеу дегеніміз...
Дұрыс жазу дегеніміз...
Мен дұрыс сөйлеп, дұрыс жазамын, себебі ...
Мен дұрыс сөйлеп, дұрыс жазатынымды.... дәлелдей аламын.
|
Ойды жалғастырады.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Сұраққа жауап жазу
Көркем сөз несімен көркем? деген сұраққа толық жауап жазыңдар. Ойларыңды мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен қорытындылаңдар.
|
Сұраққа толық жауап жазады. Қорытынды жасайды.
|
Бағалау
|
Көркем сөйлеп үйрену өте қиын болса да, көп еңбектеніп үйреніп жүрмін, себебі ...
|
Не үшін дұрыс сөйлеп,дұрыс жазып үйреніп жүргенін айтады.
|
Рефлексия
|
Стикерге жазыңдар.
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келді?
|
Не қиын болғанын, нені білгісі келетіндерін стикерге жазып, плакатқа жапсырады.
|