Түсінік хат
Физикада материяның қасиеттері мен өзгерістерін сипаттайтын,
өлшенетін әрі санмен өрнектелетін көптеген физикалық шамалар енгізіледі.
Бақылау мен тәжірибе арқылы құбылыстар мен физикалық шамалар
арасында тағайындалған тәуелділіктер физикалық заңдылықтар болып
табылады. Ұғымдар, заңдар, принциптер физикалық теорияның негізін
құрастырып, белгілі бір құбылыстар жөніндегі біздің білімізді жинақтап және
жалпылап отырады. Физика-техника негізі; техникалық құрылғылар
(қозғалтқыштар, реакторлар, есептеу техникасы т.б.) физикада ашылып,
зерттелген табиғат құбылыстары мен заңдарын пайдалануға негізделген.
Курс бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика
курсының жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныпқа
арналған бағдарламасының мазмұнына сай аптасына 1- сағаттан барлығы 34
сағатқа арналып құрылған.
Бағдарламада физиканың мектеп курсындағы негізгі бөлімдері бойынша
берілген тақырыптарға тереңірек, ауқымды түрде есептер шығару
қарастырылған және оқушылардың білімдерін, негізгі физикалық
заңдылықтарды, формулаларды қайталауына жол ашады. Бұл оқушылардың
білімін, біліктігін арттыруға мұғалімді бағыттайды. Оқушылардың
теориялық білімін графиктік, мәтіндік, сапалық есептерге қолдана білуге,
оны шешудің әдіс-тәсілдерін үйренуіне, өз бетімен жұмыстануына, ҰБТ
есептерін тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.
Курстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы,
бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне
жоғары талаптар жүктеледі.
Курстың өзектілігі физиканың негізгі заңдарын теориялық және
практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: