Білім беруді дамыту орталығЫ



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата13.11.2022
өлшемі0,87 Mb.
#49702
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сабақ 3 
 Тақырыбы: Ньютон заңдары. Ньютонның І,ІІ заңдары 
Мақсаты: Бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың 
алгоритмдерін құру; 
Денеге сырттан әсер болмағанда оның жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп 
аталады.
Ньютонның бірінші заңы. Қандай да бір санақ жүйелерінде денеге басқа денелер әсер 
етпесе немесе әсерлер компенсацияланса, дене тыныштық күйде ( 𝜗 = 0) немесе 
түзусызықты бірқалыпты ( 𝜗 = 𝑐𝑜𝑛𝑠𝑡) қозғалыста болады. Сыртқы әсерлер 
компенсацияланған кезде, дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын санақ жүйелері деп 
аталады. Дененің механикалық қозғалысы салыстырмалы. Мысалы, поездағы жолаушы 
өзін поезға қарағанда тыныштық күйдемін деп есептесе, жол жағасындағы үйлерге 
қарағанда қозғалыстамын деп ойлайды. Сондықтан дене қозғаысын зерттегенде оның 
қандай жүйеде қарастырылып отырғанын анықтап алуымыз керек. Көптеген тәжірибелер 
екі дене өзара әсерлескенде олардың үдеулерінің абсолют шамаларының қатынасы 
тұрақты болатынын көрсетті: 
а1
а2
= const.
Инерттілік барлық денелерге тән қасиет, өзара әсер нәтижесінде екі дененің 
қайсысының жылдамдығы аз өзгерсе, сол дене инерттірек делінеді. 
Масса(m,кг)-дененің инерттілігінің өлшемі. Өзара әсерлескен екі дененің қайсысы аз 
үдеу алса, яғни инертті болса, соның массасы үлкен болады: 
𝑚1
𝑚2
=
𝑎2
𝑎1
Классикалық механикада дененің массасы оның жылдамдығына тәуелді емес,дененің 
массасы m сол денені құрайтын материалдық нүктелердің m
1
,m
2,....
массаларының 
қосындысына тең, яғни масса аддитивтік қасиетке; толық оңашаланған денелер жүйесінде 
болып жатқан кез келген процесс кезінді масса өзгермейді (массаның сақталу заңы). 
Заттың тығыздығы (
𝜌, кг/м
3
) дегеніміз заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама: 
𝜌 =
𝑚
𝑣
 
Күш дегеніміз денелердің өзара әсерін сипаттайтын векторлық шама, ол қозғалыс 
жылдамдығын өзгертеді, яғни үдеу туғызады немесе дене деформацияланады. Күш 
шамасы мен бағытына қоса, түсу нүктесімен де сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет