Сабақ 1
Тақырыбы: Нүктенің, қатты дененің кинематикасы
Мақсаты:
1.Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік
графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс
кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
2. Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Механика-физиканың материя
қозғалысының формаларын, пайда болу,
өзгеру себебін
және салыстырмалы тыныштық күйін зерттейтін саласы.
Механиканың негізгі мақсаты-дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.
Дененің механикалық қозғалысы деп уақыт өтуіне
қарай оның басқа денелермен
салысырғанда кеңістікте орын ауыстыруын айтады. Барлық нүктелері бірдей орын
ауыстыратын дененің ілгерілемелі деп аталады. айналмалы
қозғалыс кезінде дененің
барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалады және олардың центрлері айналыс осі деп
аталатын бір түзудің бойында жатады. Тербелмелі қозғалыс деп белгілі бір уақыт мерзімі
өткен сайын дәлме-дәл не жуықтап қайталанатын қозғалыстарды айтады.
Материалдық
нүкте қозғалыстың берілген шарттарында өлшемдері ескерілмейтін денені айтады.
Қарастырылатын мысалдың шарттарында деформациясын елемеуге болатын денені
абсолют қатты дене деп атайды. Дененің қозғалысы санақ жүйесіне
қатысты
қарастырылады.Координаттар жүйесі,онымен байланысты уақыт пен таңдап алынған
қозғалмайтын санақ денесі санақ жүйесін құрайды. Материалдық нүктенің
кеңістіктегі
орны (декарт кооринаттар жүйесінде)
r радиус-векторымен
*
немесе оның Х,Y, Z
осьтеріндегі проекцияларыен (координаттарымен) анықталады.
Z
r
Y
X
(1 сурет): r=xi+yi+zk; r=√х² + 𝘺² + 𝘻²;
Дененің қозғалу траекториясы дегеніміз-қозғалыстағы нүктенің
радиус векторының
ұшының сызған сызығы.
Орын ауыстыру (
∆𝑟 ,м) деп дененің бастапқы орнын оның соңғы орнымен қосатын
түзудің кесіндісіне тең векторлық шаманы айтады. Орын ауыстыру векторы нүктенің
радиус-векторының өсімшесіне тең:
∆r=∆xi+∆yi+∆zk; ∆r
х
=
∆x=x-x
0
;
∆r
y
=
∆y=y-y
0
;
∆r
z
=
∆z=z-z
0
;
Жол (
∆𝑠, м) деп нүктенің берілген ∆𝑡 уақыт ішінде бір орыннан екінші орынға айтады.
Достарыңызбен бөлісу: