Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру


 Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата30.03.2017
өлшемі6,03 Mb.
#10592
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
14.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  білім 
мазмұнын  анықтайтын  оқу  жəне  ғылыми  жұмыстардың  түрлерінен  тұрады 
жəне олардың ара қатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді. 
15. Магистратураның білім беру бағдарламасында: 
1)  базалық  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдерін  меңгеруді  қамтитын 
теориялық оқыту; 
2)  магистранттардың  практикалық  даярлығы:  практика,  кəсіптік 
тағылымдама түрлері; 
3)  ғылыми  жəне  педагогикалық  магистратура  үшін  магистрлік 
диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы; 
4)  бейіндік  магистратура  үшін  магистрлік  диссертацияның  орындалуын 
қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы; 
5) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады. 
16.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік 
кешендерінің  негізінде  жүзеге  асырылады.  Мамандық  пен  пəндердің  оқу-
əдістемелік  кешендерінің  нысаны,  құрылымы  жəне  əзірлеу  тəртібін  білім 
беру ұйымы өзі анықтайды. 
17. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген 
материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге  асады  жəне  оқудың  нақты  нəтижесіне 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

63 
 
жетуге  қажетті  магистранттар  мен  оқытушылардың  еңбек  шығындарының 
өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. 
Бұл  ретте  алдыңғы  білім  деңгейлерінде  игерілген  кредиттерді  ескеретін 
жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады. 
18.  Магистранттың  магистратураға  түсер  алдында  магистратураның 
тиісті кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері 
болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  магистрантқа  оларды  ақылы 
түрде  меңгеруге  рұқсат  етіледі.  Бұл  жағдайда  магистратурада  білім  алу 
магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады. 
19.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 
кезінде  əр  оқу  пəнінің  көлемі  кредиттің  бүтін  санын  құрауы  тиіс.  Бұл  ретте 
пəн, əдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады. 
20.  Магистратураның  оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  оқу 
пəндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. 
21.  Əрбір  оқу  пəнінің  қайталанбайтын  бір  атауы  болуы  тиіс.  Ол  бір 
академиялық  кезеңде  меңгеріліп,  аяқталған  соң  магистрант  емтихан 
нысанындағы  қорытынды  бақылауды  тапсырады,  ал  кəсіптік  практиканың 
барлық  түрлері,  курстық  жұмыстар  (жобалар),  магистранттардың  ғылыми-
зерттеу  (эксперименталдық-зерттеу)  жұмыстары  бойынша  дифференциалды 
сынақ тапсырады. 
22.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламалары  пəндерді  оқудың 
модульді жүйесі негізінде жобаланады. 
23. Базалық пəндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті 
пəндерінен тұрады. 
24. Ғылыми жəне педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің 
көлемі  үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы  көлемінің  48%-ын  құрайды,  оның 
ішінде  40%  міндетті  компонент  пəндеріне,  ал  60%  таңдау  компоненті 
пəндеріне тиесілі. 
Бейіндік  бағыттағы  магистратурада  БП  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу 
жоспарының  жалпы  көлемінің  44%-ын  (оқу  мерзімі  1  жыл)  жəне  28%-ын 
(оқу  мерзімі  1,5  жыл)  құрайды,  оның  ішінде  62%  жəне  50%  міндетті 
компонент пəндеріне, ал 38% жəне 50% таңдау компоненті пəндеріне тиесілі. 
25.  Ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттағы  магистратурада  бейіндеуші 
пəндер  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы  көлемінің  52%-ын 
құрайды,  оның  ішінде  9%-ы  міндетті  компонент  пəндеріне  жəне  91%-ы 
таңдау компоненті пəндеріне тиесілі. 
Бейіндік  бағыттағы  магистратурада  бейіндеуші  пəндер  циклінің  көлемі 
үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) жəне 
72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 10% жəне 12% міндетті 
компонент  пəндеріне,  ал  90%  жəне  88%  тиісінше  таңдау  компоненті 
пəндеріне тиесілі. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

64 
 
26.  Міндетті  компонент  пəндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен 
анықталады.  Міндетті  компонент  пəндерінің  көлемін  қысқартуға  жол 
берілмейді. 
27.  Таңдау  компоненті  пəндерінің  тізбесін  жоғары  оқу  орны  өзі 
анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының 
сұранысы ескеріледі. 
28. Ғылыми жəне  педагогикалық  бағыттағы  магистратураның білім  беру 
бағдарламасының мазмұны 1-кестеге сəйкес белгіленеді. 
1-кесте 
  
Р/с № 
Пəн жəне қызмет түрлерінің атауы 
Кредит бойынша 
көлемі 

Базалық пəндер (БП) 
20 
1) 
Міндетті компонент (МК): 

  
Ғылым тарихы мен философиясы  

  
Шет тілі (кəсіби) 
2* 
  
Педагогика  

  
Психология 

2) 
Таңдау компоненті (ТК) 
12 

Бейіндеуші пəндер 
22 
1) 
Міндетті компонент (МК) 

2) 
Таңдау компоненті (ТК) 
20 
  
Теориялық оқыту бойынша барлығы 
42 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 
кемінде 13 
1) 
Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу) 
кемінде 6** 
2) 
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын 
магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) 
кемінде 7 

Қорытынды аттестаттау (ҚА) 

1) 
Кешенді емтихан (КЕ) 

2) 
Магистрлік диссертацияны ресімдеу жəне қорғау (МДРҚ) 

  
Барлығы 
кемінде 59 
* Педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пəндер цикліндегі шет тілі (кəсіптік) пəні 
бойынша кредит саны 3-еуді құрайды, тиісінше таңдауы компоненті 11 кредиттен тұрады. 
** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет 
болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. 
  
29.  Бейіндік  бағыттағы  магистратураның  білім  беру  бағдарламасының 
мазмұны 2-кестеге сəйкес белгіленеді.2-кесте 
  
Р/с № 
Пəн жəне қызмет түрлерінің атауы 
Кредит бойынша көлемі 
  
Оқу мерзімі** 
1 жыл 
1,5 жыл 

Базалық пəндер (БП) 

10 
1) 
Міндетті компонент (МК) 


  
Шет тілі (кəсіби) 


  
Менеджмент 


  
Психология 


2) 
Таңдау компоненті (ТК) 



Бейіндеуші пəндер (КП) 
10 
26 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

65 
 
1) 
Міндетті компонент (МК) 


2) 
Таңдау компоненті (ТК) 

23 
  
Теориялық оқыту бойынша барлығы 
18 
36 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 
кемінде 6 
кемінде 8 
1) 
Практика (өндірістік)* 
кемінде 2 
кемінде 4 
2) 
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын 
магистранттың эксперименталды- зерттеу жұмысы 
(МЭЗЖ) 
кемінде 4 
кемінде 4 

Қорытынды аттестаттау (ҚА) 


1) 
Кешенді емтихан (КЕ) 


2) 
Магистрлік диссертацияны ресімдеу жəне қорғау 
(МДРҚ) 


  
Барлығы 
кемінде 28 
кемінде 48 
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. 
Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. 
**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне жəне 
алған мамандығына байланысты осы стандартқа сəйкес анықталады. 
  
30.  Бейіндік  магистратураны  бітірген  магистрант  педагогикалық 
қызметке  кəсіптік  педагогикалық  бейіндегі  бағдарламаларды  қосымша 
меңгеріп,  негізгі  дипломға  қосымша  тиісті  куəлік  берілгеннен  кейін  ғана 
жіберіледі. 
31.  Бейіндік  магистратураны  бітірген  тұлғалар  үшін  педагогикалық 
бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны 3-кестеге сəйкес белгіленеді. 
  
3-кесте 
  
Р/с № 
Пəндердің жəне қызмет түрлерінің атауы 
Кредит бойынша 
көлемі 

Базалық пəндер (БП) 

1) 
Міндетті компонент: 

  
Ғылым тарихы мен философиясы 

  
Педагогика 

2) 
Таңдау компоненті 

  
Теориялық оқыту бойынша жалпы саны 


Практика (педагогикалық) 
кемінде 3* 
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. 
Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады. 
  
33.  Магистратурада  оқыту  мемлекеттік,  орыс  жəне  ағылшын  тілдерінде 
жүргізіледі. Оқу тілін магистранттың өзі таңдайды. 
34. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын 
жоспарлау,  оқу  сабақтарын  жүргізу  тəсілдерін,  магистранттың  өзіндік 
жұмысын,  олардың  оқу  жетістіктерін  қорытынды  бақылау  нысандарын 
таңдау арқылы жүзеге асады. 
35.  Білім  беру  мазмұнының  құрылымы  білім  берудің  есептеу-өлшегіш 
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

66 
 
академиялық  кезеңдер  ұзақтығына,  академиялық  сабақ  түрлеріне,  оқу 
материалының көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес анықталады. 
36.  Білім  беру  қызметін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  оқу  жоспарының 
негізінде жүзеге асады. 
Оқу  жоспарлары  үлгілік  (ҮОЖ),  жеке  (ЖОЖ)  жəне  жұмыстық  (ОЖЖ) 
болып бөлінеді. 
37.  ҮОЖ  осы  стандарт  негізінде  магистратураның  нақты  мамандықтары 
бойынша  əзірленеді  жəне  оны  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітеді. 
ҮОЖ-да  міндетті  компоненттің  əрбір  оқу  пəнінің  еңбек  сыйымдылығы 
жəне əрбір оқу қызметінің түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, 
магистрлік диссертацияны жазу жəне қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу 
пəндерінің  əр  циклі  бойынша  таңдау  компоненті  кредиттердің  жалпы 
санымен көрсетіледі. 
38.  ҮОЖ-ға  қосымша  жыл  сайын  жоғары  оқу  орны  таңдау 
компонентіндегі  барлық  пəндердің  жүйеленген,  аннотацияланған  тізімі 
болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК) жасайды. 
ЭПК-де əр оқу пəнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. 
ЭПК  магистранттарға  элективті  оқу  пəндерін  баламалы  таңдау  мүмкіндігін 
қамтамасыз етуі тиіс. 
39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің 
көмегімен  ЖОЖ  құрады.  ЖОЖ  əрбір  магистранттың  жеке  білім  алу 
траекториясын анықтайды. 
ЖОЖ-ға  ҮОЖ-дан  міндетті  компонент  пəндері  мен  оқу  əрекетінің 
түрлері  (практикалар,  МҒЗЖ  (МЭЗЖ),  кешенді  емтихан,  магистрлік 
диссертацияны  ресімдеу  жəне  қорғау)  жəне  ЭПК-дан  таңдау  компоненті 
пəндері кіреді. 
40.  ОЖЖ  оқу  жылына  мамандықтардың  ҮОЖ-ы  мен  магистранттардың 
ЖОЖ-ы  негізінде  жасалады  жəне  оны  Ғылыми  кеңестің  шешімі  негізінде 
білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 
ОЖЖ-да  оқу  жылында  оқытылатын  пəндер  тізбесі  жəне  олардың 
кредитпен 
санағандағы 
еңбек 
сыйымдылығы, 
оқытылу 
реті, 
оқу 
сабақтарының  түрлері,  бақылау  нысандары,  сондай-ақ  оқу  қызметінің  басқа 
да  түрлері  (практикалар,  МҒЗЖ  (МЭЗЖ),  кешенді  емтихан,  магистрлік 
диссертацияны ресімдеу жəне қорғау) айқындалады. 
ОЖЖ  оқу  сабақтарының  кестесін  құруға  жəне  оқытушының  оқу 
жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады. 
41.  ЭПК,  ЖОЖ  жəне  ОЖЖ-ның  нысанын,  құрылымын,  əзірлеу  жəне 
бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
42. Барлық оқу пəндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. 
Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс жəне силлабус болып бөлінеді. 
43.  Үлгілік  оқу  бағдарламалары  (ҮОБ)  міндетті  компонент  пəндері 
бойынша  əзірленеді  жəне  оларды  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітіледі. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

67 
 
44.  Жұмыс  оқу  бағдарламалары  мен  силлабустар  (магистранттарға 
арналған  пəн  бағдарламалары)  оқу  жоспарының  барлық  пəндері  бойынша 
əзірленеді жəне оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды əзірлеу 
міндетті  компонент  пəндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде 
жүзеге  асырылады,  ал  таңдау  компонентінің  пəндері  бойынша  жоғары  оқу 
орны  өзі  əзірлейді.  Жұмыс  оқу  бағдарламалары  мен  силлабустардың 
формасын, құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орнының өзі 
анықтайды. 
45.  Магистрант  ғылыми  жетекшісінің  көмегімен  жасалатын  жеке  жұмыс 
жоспары негізінде оқиды. 
46.  Магистранттың  жеке  жұмыс  жоспары  оқудың  толық  кезеңіне 
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады: 
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады); 
2) 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмысы 
(тақырыбы, 
зерттеу бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
4)  негіздемесі  мен  құрылымы  көрсетілген  магистрлік  диссертация 
тақырыбы; 
5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары; 
6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары. 
47.  Магистратурадағы  оқу  сабақтары  инновациялық  технологиялар  мен 
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс. 
48.  Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  жоғары  оқу  орны  білім  беру 
бағдарламасы  компоненттерін  бөлу  нормаларын  осы  стандартқа  1-
қосымшаға  (ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттар  үшін)  жəне  2,  3-
қосымшаларға(бейіндік магистратура үшін) сəйкес басшылыққа алады. 
   
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
49.  Магистранттың  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу  жылы  ішінде  əр 
пəн  немесе  оқу  жұмысының  түрі  бойынша  игеретін  кредит  санымен 
өлшенеді. 
50. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу 
сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке 
бекітілген  график  бойынша  оқытушының  магистранттармен  байланыс 
жұмысының 
уақытын 
білдіретін 
академиялық 
сағаттармен 
жүзеге 
асырылады. 
Студиялық жəне зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың 
бір  академиялық  сағаты  50  минутқа  тең.  Студиялық  сабақтар  үшін  бір 
академиялық сағат 75 минутқа жəне зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа 
тең. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

68 
 
Магистрант 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысының жəне қорытынды аттестаттаудың бір 
академиялық сағаты 50 минутқа тең. 
51. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 
1)  семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойындағы  магистранттың 
аудиториялық жұмысының; 
2) кəсіби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының; 
3)  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысы  кезеңіндегі 
магистранттың оқытушымен жұмысының; 
4)  магистранттың  магистрлік  диссертацияны жазу  жəне қорғау  бойынша 
жұмысының; 
5)  магистранттың  кешенді  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру 
кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет. 
52.  Магистранттардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың 
ұзақтығымен  жəне  оқу  жұмыстарының  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен 
ілесе  жүретін  оқу  сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс 
сағаттары) анықталады. 
53.  Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең 
болуы  мүмкін.  Магистранттардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық 
сағаттары  тиісті  МӨЖ  сағаттарымен  толығады,  осылайша  бір  кредитке 
магистранттың  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір  аптасындағы 
жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 
54.  Практиканың  əр  академиялық  сағаты  магистранттың  қосымша 
жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  (50  минуттан)  толықтырылады: 
педагогикалық  практика  үшін  -  1  сағат,  өндірістік  практика  үшін  -  4  сағат 
жəне зерттеу практикасы үшін - 7 сағат. 
55. 
Магистранттың 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) 
жұмысының,  магистранттың  магистрлік  диссертацияны  орындауын  қоса 
алғанда, əрбір академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады. 
56.  Магистрантты  қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты 
магистрлік  диссертацияны  жазу  жəне  қорғау  немесе  кешенді  емтиханға 
дайындық  жəне  оны  тапсыру  бойынша  магистранттың  оқытушымен 
байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты 
қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты  6  сағаттық  МӨЖ-бен 
қамтамасыз етіледі. 
57.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  магистранттардың  өздігінен 
орындайтын жұмысының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының 
жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы  (ОМӨЖ)  жəне 
магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ). 
58.  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік 
жұмысы  жеке  график  бойынша  оқытушымен  байланыста  орындалатын 
магистранттың  аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады  жəне  жалпы 
оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым 
қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар)  бойынша 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

69 
 
консультациялар  өткізіледі,  МӨЖ  тапсырмаларының  орындалуына  бақылау 
жүргізіледі. 
59.  ОМӨЖ  бен  МӨЖ-дің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі 
арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
60.  Дəріс  пен  практикалық  (семинар)  сабақтар  кезіндегі  магистранттың 
оқытушымен  жұмысының  байланыс  сағаттары  жиынтығында  əр  байланыс 
сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
61.  Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтар,  магистранттың  ғылыми-
зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмыстары, 
қорытынды 
аттестаттау 
сияқты  оқу  жұмысының  түрлері  үшін  МОӨЖ  сағаттарын  жоспарлау 
қажеттілігін  жəне  оның  көлемін  жоғары  оқу  орны  өзі  белгілейді  (мысалы, 
магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін). 
62.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңінен, 
практикалардан, 
демалыстардан, 
магистранттың 
ғылыми-
зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан жəне соңғы курста қорытынды 
аттестаттаудан тұрады. 
63. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады. 
64.  Əр  академиялық  кезеңнен  кейінгі  аралық  аттестаттаудың  ұзақтығы 
кемінде 2 аптаны құрайды. 
65.  Аралық  аттестаттау  кезеңінде  барлық  оқытылған  пəндер  бойынша 
қорытынды  бақылау  жүргізіледі  жəне  ағымдағы  үлгерім  бағаларын 
(ағымдағы  жəне  межелік  бақылаулар  бойынша  бағалардың  арифметикалық 
ортасы) ескере отырып, пəндердің қорытынды бағалары шығарылады. 
Пəн  бойынша  қорытынды  бағада  ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60 
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс. 
66.  Оқу  жылы  ішіндегі  демалыс  ұзақтығы  соңғы  курсты  қоспағанда, 
курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс. 
67.  Магистранттардың  кəсіби  практикасы  бекітілген  академиялық 
күнтізбе мен магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес осы стандартпен 
жəне мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі. 
68.  Практикалардың  ұзақтығы  магистранттың  практика  кезіндегі  30 
сағатқа  тең  апта  бойғы  (5  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне  6  сағат) 
нормативті  жұмыс  уақытын  есепке  ала  отырып,  аптамен  анықталады.  Апта 
санын  шығару  үшін  практиканың  кредитпен  есептелген  көлемін  тиісті 
практика  түрінің  байланыс  сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына 
көбейту керек жəне оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, 
яғни 30 сағатқа бөлу керек. 
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика 
үшін  30  сағатты  (50  минуттан),  өндірістік  практика  үшін  75  сағатты  (50 
минуттан),  зерттеу  практикасы  үшін  120  сағатты  (50  минуттан)  құрайды.  1 
кредитке  сəйкес  келетін  практиканың  ұзақтығы  аптамен  есептегенде 
педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, 
зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

70 
 
69.  Магистранттарды  қорытынды  аттестаттау  жəне  МҒЗЖ,  МЭЗЖ 
аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең магистранттардың апта бойғы жұмысының 
нормативті  уақытына  (6  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  МӨЖ-ді  қоса 
есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады. 
МҒЗЖ,  МЭЗЖ  бір  кредитіне  магистрант  жұмысының  120  (15х8)  сағаты, 
яғни 2,2 апта сəйкес келеді. 
Қорытынды  аттестаттаудың  бір  кредитіне  105  (15х7)  сағат,  яғни  2  апта 
сəйкес келеді. Оның ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен 
жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді. 
Кешенді  емтиханға  дайындалуға  жəне  тапсыруға  1  кредит,  яғни  2  апта 
бөлінеді. 
Магистрлік  диссертацияны  ресімдеуге  жəне  қорғауға  3  кредит,  яғни 
тиісінше  6  апта  беріледі.  Магистрлік  диссертацияны орындау  процесінің  өзі 
алдын  ала  магистранттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу) 
жұмысы барысында жүргізіледі. 
70.  Магистранттардың  қосымша  оқу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
үшін,  оқу  жоспарларындағы  академиялық  айырмашылықты  немесе 
академиялық  қарызды  жою  үшін,  игерген  кредиттері  өз  ЖОО-да  міндетті 
түрде  қайта  есепке  алынатын  жағдайда  басқа  ЖОО-да  оқу  пəндерін  оқып-
үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 
6 апта жазғы семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 
71.  Магистрлер  даярлау  бойынша  білім  беру  процесінің  аяқталуының 
негізгі өлшемі: 
1)  ғылыми  жəне  педагогикалық  дайындық  бойынша  -  59-дан  кем  емес 
кредитті,  оның  ішінде  теориялық  оқытудың  42-ден  кем  емес  кредитін, 
практиканың  6-дан  кем  емес  кредитін,  ғылыми-зерттеу  жұмысының  7-ден 
кем емес кредитін игеруі; 
2)  бейіндік  дайындық  бойынша  -  кемінде  28  кредитті  (оқу  мерзімі  -  1 
жыл)  жəне  кемінде  48  кредитті  (оқу  мерзімі  -  1,5  жыл),  оның  ішінде 
теориялық  оқытудың  тиісінше  кемінде  18  жəне  36  кредитін,  практиканың 
тиісінше  кемінде  2  жəне  4  кредитін,  эксперименталды-зерттеу  жұмысының 
тиісінше кемінде 4 жəне 4 кредитін игеруі болып табылады. 
Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, 
оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне 
қарамастан «магистр» академиялық дəрежесі беріледі. 
72.  Бейіндік  магистратураны  бітірген  магистрант  педагогикалық 
бейіндегі  пəндер  циклін  меңгеріп,  педагогикалық  практикадан  өткен 
жағдайда  ғана  ғылыми  жəне  педагогикалық  қызмет  атқара  алады.  Осы 
пəндер  циклі  жəне  педагогикалық  практика  қосымша  академиялық  кезең 
ішінде  меңгеріледі,  оны  аяқтаған  соң  негізгі  дипломға  белгіленген  үлгідегі 
тиісті куəлік қоса беріледі. 
73. Магистратураның білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқудың  толық 
курсын  меңгерген,  бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін  орындамаған 
магистрантқа  келесі  оқу  жылында  ақылы  негізде  ғылыми-зерттеу 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

71 
 
компонентінің  кредиттерін  қайта  игеруге  жəне  диссертацияны  қорғауға 
мүмкіндік беріледі. 
74.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқытуының 
толық 
курсын 
меңгерген, 
бірақ 
белгіленген 
мерзімде 
магистрлік 
диссертациясын қорғамаған магистрантқа магистратурада оқу мерзімі ақылы 
негізде ұзартылады. 
75. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға 
сəйкес  ұйымдастырады  жəне  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде 
қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс. 
76.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен, 
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет 
жəне  басқа  да  ақпараттық  қорлармен,  қаладан  тыс  жерлерден  келген 
магистранттарды  жатақханамен  жəне  басқа  да  қолдау  қызметімен 
қамтамасыз етеді. 
77. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: 
Магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыратын  жоғары  оқу 
орнында  қолданыстағы  санитарлық-техникалық  нормаларға  сəйкес  келетін 
жəне оқу жоспарында көзделген теориялық жəне практикалық дайындықтың 
барлық  түрлерін  жүргізуді,  сондай-ақ  магистранттың  ғылыми-зерттеу  жəне 
эксперименталды-зерттеу  жұмыстарының нəтижелі орындалуын  қамтамасыз 
ететін  материалдық-техникалық  базасы  (аудиториялық  қор,  компьютерлік 
сыныптар, 
зертханалар, 
құрал-жабдықпен 
қамтамасыз 
ету, 
қор 
материалдары) болуы тиіс. 
78. Оқу-əдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: 
1)  Оқу  процесін  оқу-əдістемелік  жəне  ақпараттық  қамтамасыз  ету 
магистранттардың  магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  сапалы 
меңгеруіне кепілдік беруі тиіс. 
2)  Білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  халықаралық  ақпараттық 
желілерге, 
электронды 
деректер 
қорларына, 
кітапхана 
қорларына, 
компьютерлік  технологияларға,  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми  əдебиеттерге 
еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс. 
3) Кітапхана қоры мен электронды жəне магнитті тасымалдаушылардағы 
оқу  əдебиеттерімен  қамтамасыздандыру  білім  беру  қызметін  лицензиялау 
кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс. 
79. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 
Ғылыми 
жəне 
педагогикалық 
магистратурадағы 
білім 
беру 
бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді: 
1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика; 
2)  диссертацияны  орындау  орны  бойынша  өткізілетін  зерттеу 
практикасы. 
Педагогикалық  практика  оқытудың  практикалық  дағдылары  мен 
əдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

72 
 
Педагогикалық  практика  теориялық  оқыту  кезеңінде  оқу  процесінен  қол 
үзбей  өткізіледі.  Осы  ретте  магистранттар  бакалавриатта  сабақ  жүргізуге 
тартылуы мүмкін. 
Магистранттың  зерттеу  практикасы  отандық  жəне  шетелдік  ғылымның 
жаңа  теориялық,  əдіснамалық  жəне  технологиялық  жетістіктерімен,  ғылыми 
зерттеудің,  эксперименталды  деректерді  өңдеу  мен  интерпретациялаудың 
қазіргі əдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі. 
Бейіндік 
магистратураның 
білім 
беру 
бағдарламасы 
өндірістік 
практиканы қамтуы тиіс. 
Магистранттың  өндірістік  практикасы  оқу  процесінде  алған  теориялық 
білімін  бекіту,  оқып  жатқан  мамандығы  бойынша  кəсіптік  қызмет 
дағдыларын,  құзыреттері  мен  тəжірибесін  жинақтау,  сондай-ақ  озық 
тəжірибені игеру мақсатында өткізіледі. 
Зерттеу/өндірістік  практиканың  мазмұны  диссертациялық  зерттеу 
тақырыбымен анықталады. 
80. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар: 
Ғылыми 
жəне 
педагогикалық 
магистратурадағы 
ғылыми-зерттеу 
жұмысы: 
1) 
магистрлік 
диссертация 
қорғалатын 
мамандықтың 
негізгі 
проблемасына сəйкес келуі; 
2)  өзектілігі,  ғылыми  жаңалығы  жəне  практикалық  маңыздылығының 
болуы; 
3) 
ғылым 
мен 
практиканың 
қазіргі 
теориялық, 
əдістемелік, 
технологиялық жетістіктеріне сүйенуі; 
4) ғылыми зерттеудің қазіргі əдістерін қолдану арқылы орындалуы; 
5)  негізгі  қорғалатын  ережелер  бойынша  ғылыми-зерттеу  (əдістемелік, 
практикалық) бөлімдерінің болуы; 
6)  тиісті  білім  беру  саласындағы  алдыңғы  қатарлы  халықаралық 
тəжірибеге негізделуі тиіс. 
81.  Магистранттың  эксперименталдық-зерттеу  жұмысына  қойылатын 
талаптар. 
Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы: 
1) 
магистрлік 
диссертация 
қорғалатын 
мамандықтың 
негізгі 
проблемасына сəйкес келуі; 
2)  ғылым  мен  техниканың,  өндірістің  қазіргі  жетістіктеріне  негізделуі 
жəне нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік 
шешімдерін қамтуы; 
3)  алдыңғы  қатарлы  ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып 
орындалуы; 
4)  негізгі  қорғалатын  ережелер  бойынша  эксперименталды-зерттеу 
(əдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс. 
82.  Ғылыми-зерттеу  немесе  эксперименталды-зерттеу  жұмыстарының 
нəтижесі өтілуіне қарай əрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың 
есебі түрінде ресімделеді. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

73 
 
МҒЗЖ  (МЭЗЖ)  шеңберінде  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспарында 
міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады. 
83.  Магистранттың  ғылыми-зерттеу  немесе  эксперименталды-зерттеу 
жұмысының  ең  соңғы  қорытындысы  магистрлік  диссертация  болып 
табылады. 
84.  Магистрлік  диссертацияның  негізгі  нəтижелері  ең  кемі  бір 
жарияланымда 
жəне/немесе 
ғылыми-практикалық 
конференцияға 
қатысуында көрінуі тиіс. 
85.  Магистрлік  диссертацияның  мазмұны  мен  ресімделуіне,  оның 
дайындалуы  мен  қорғалуына  қойылатын  талаптарды  жоғары  оқу  орны  өзі 
анықтайды. 
86.  Магистрлік  диссертация  міндетті  түрде  плагиатқа  тексерілуден  өтуі 
тиіс,  мұндай  тексерісті  жүргізу  қағидалары  мен  тəртібін  жоғары  оқу 
орнының өзі анықтайды. 
87.  ЖОО-ның  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар  лицензиялау 
кезінде  білім 
беру 
қызметіне 
қойылатын  біліктілік 
талаптарымен 
айқындалған. 
ЖОО  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларының 
талаптарын  ұстанған  жағдайда  оқу  сабақтарын  ұйымдастыру  мен  өткізудің 
əдіс-тəсілдері мен нысандарын, оқытудың əдістерін еркін таңдауға құқылы. 
88.  Магистратураға  оқуға  қабылданғаннан  кейінгі  екі  айдың  ішінде 
магистрлік  диссертацияға  жетекшілік  жасау  үшін  ғылыми  жетекші 
тағайындалады. 
Ғылыми  жетекші  жəне  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес 
шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі. 
Магистранттың  ғылыми  жетекшісінің  ғылыми  дəрежесінің  болуы  жəне 
ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми 
зерттеулермен  белсенді  түрде  шұғылдануы  тиіс.  Қажет  болған  жағдайда 
ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады. 
89.  ЖОО  магистранттың  зерттеу  нəтижелерін  жариялауға  көмек 
көрсетеді. 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет