4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
74. Оқытудың нəтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі
(бакалавриат) негізінде анықталады жəне құзыреттілік арқылы көрінеді.
Оқыту нəтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пəннің,
модульдің деңгейінде де сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса
алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдана білу;
3) дəйектемелер құрастыру жəне зерттеп отырған саласындағы
проблемаларды шешу;
4) əлеуметтік, этикалық жəне ғылыми көзқарастарды ескере отырып,
пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды жəне интерпретациялауды
жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды жəне шешімдерді мамандарға
да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке,
əлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық жəне ұйымдастыру-
басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде
қалыптасады.
76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мəдениеті жоғары жəне дүниетанымы кең жоғары білімді
тұлғаның
қалыптасуына
ықпал
ететін
жаратылыстану
ғылымдары
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
54
(əлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пəндері саласында базалық
білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кəсіптік қызметте
ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кəсіптік қызметке жəне магистратурада білім алуды
жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
77. Əлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дəстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
əлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу жəне өзінің кəсіптік қызметінде
оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық жəне
құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халықтарының дəстүрі мен мəдениетін білу;
4) əлемнің басқа халықтарының дəстүрі мен мəдениетіне толерантты
болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) қоғамның əлеуметтік даму үрдістерін білу;
7) түрлі əлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дəлелдей
алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
10) кəсіби жəне тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
78. Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын
талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг,
қаржы жəне т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен əдістерін,
экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу жəне түсіну.
79. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында əлеуметтік,
экономикалық, кəсіби рөлдердің ауысуына, географиялық жəне əлеуметтік
ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу жəне əлемдік
экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен
процестерге бейімделе білу;
2) кəсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр
болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық жəне
ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің əр мамандығы бойынша кəсіптік
стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның əлеуметтік
сұраныстарын ескере отырып анықталады.
81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің
көлемі аясында алынған білім деңгейі əртүрлі бақылаулар арқылы
қамтамасыз етіледі.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
55
82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды жəне олардың оқу
пəндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің
межелік кезеңдерінде (əр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде)
Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді жəне бақылау мен бағалау
оқытудың қорытынды нəтижесіне бағытталуы тиіс.
83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын
есепке алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша
өтініші негізінде беріледі.
84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын жəне құзыреттерін
бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде
жəне мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық
(мамандықтың оқу пəндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру
жəне/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған
тұлғаларға «бакалавр» академиялық дəрежесі жəне/немесе біліктілік беріледі
жəне
қосымшасы
(транскрипт)
бар
мемлекеттік
үлгідегі
диплом
тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша
(Diploma Supplement) бере алады.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
56
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу
нормасы (оқу мерзімі - 4 жыл)
№
Қызмет
түрлері
Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
СӨЖ
1
2
3
4
5
6
7
8
1 Теориялық
оқыту (1:3)
129
105
5805
1935
3870
55,3
2 Дене
шынықтыру (4
семестр) (2:0)
8
60
240
240
-
4,0
3 Қорытынды
аттестаттау
(1:6) оның
ішінде:
3
6
315
45
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ
үшін)
2) диплом
жұмысын жазу
жəне қорғау
1
2
2
4
105
210
15
30
90
180
52,5
52,5
БАРЛЫҒЫ
140
111
6360
2220
4140
-
4 Практика
(кəсіптік),
оның ішінде:
6
5-11
150-
330
90
60-
240
30,0
1) оқу (1:0)
2
1
30
30
-
30,0
2)
педагогикалық
(1:1)
4
4
120
60
60
30,0
3) өндірістік
(1:4)
4
10
300
60
240
30,0
5 Демалыс
-
63-
57
-
-
-
-
6 Емтихан
сессиясы (7х3
апта)
-
21
-
-
-
-
БАРЛЫҒЫ (52
апта х 4 жыл -
8 апта=200)
146
200
6510-
6690
2370
4140-
4320
ЕСКЕРТПЕ:
1. Бакалавр академиялық дəрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129
кредитін жəне кəсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың
ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
57
2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты
жазуға жəне қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтардың ҮОЖ-ында
жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте
бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде,
ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) жəне дене шынықтыру
сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің
апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пəнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем
болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен
қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (əскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық
күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы
ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
58
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
2-қосымша
Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу
нормасы (оқу мерзімі - 5 жыл)
№
Қызмет
түрлері
Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
6
БӨЖ
1
2
3
4
5
2415
7
8
1 Теориялық
оқыту (1:2)
161
135
7245
240
4830
53,7
2 Дене
шынықтыру (4
семестр) (2:0)
8
60
240
45
-
4,0
3 Қорытынды
аттестаттау
(1:6), оның
ішінде:
3
6
315
15
30
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ
үшін)
1
2
105
2700
90
52,5
2) диплом
жұмысын жазу
жəне қорғау
2
4
210
180
52,5
БАРЛЫҒЫ
172
141
7800
90
5100
30,0
4 Практика
(кəсіптік),
оның ішінде:
6
11
330
30
240
30,0
1) оқу (1:2)
2
1
30
60
-
30,0
2)
клиникалық,
өндірістік
жəне т.б.
түрлері (1:4)
4
10
300
240
30,0
5 Демалыстар
73
6 Емтихан
сессиясы (9х3
апта)
27
2790
Барлығы (52
апта х 5 жыл -
8 апта =252)
178
252
8130
ЕСКЕРТПЕ:
1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін жəне
кəсіптік практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында
жоспарланған кредит санына қарамастан).
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
59
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты
(жобаны) жазуға жəне қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында
жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте
жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит
көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем
жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) жəне дене шынықтыру
сабақтары студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің
апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пəнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем
болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен
қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (əскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық
күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы
ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін
.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
60
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен
бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты
1-бөлім. Магистратура
1 Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан əрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде əзірленді
жəне
магистратураның
білім
беру
бағдарламаларының
мазмұнына,
магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен
мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін жəне академиялық
дəрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) магистратура - тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық
дəрежесін бере отырып:
ғылыми жəне педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті
оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кəсіптік
практиканының кемінде 6 кредитін жəне ғылыми-зерттеу жұмысының
кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен
теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, кəсіптік практиканың кемінде 2
кредитін жəне эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін
міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық жəне
басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы;
2) магистрант - магистратурада білім алушы тұлға;
3) магистрлік диссертация - тиісті ғылым саласының нақты
мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше
ғылыми зерттеуінің нəтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.
2. Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен
меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары
бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар
жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер
даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуішіне;
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
61
2) осы стандартқа жəне магистратура мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.
4. Ғылыми, педагог жəне басқарушы кадрларды магистратурада даярлау
екі бағытта:
1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми жəне педагогикалық;
2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге
асырылады.
Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық
деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сəйкес келуіне жəне
пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер,
қызмет көрсету жəне бизнес салалары үшін кəсіптік даярлығы терең
басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны
MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кəсіптік білім беру
бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне
қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган
бекітеді.
6. Ғылыми жəне педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру жүйесі жəне ғылым саласы үшін ғылыми-
педагогикалық даярлығы терең ғылыми жəне педагогикалық мамандарды
даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу
бағдарламаларын іске асырады.
7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге
асырылады.
8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген жəне
магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр»
академиялық дəрежесі беріледі.
9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) магистранттардың даярлық деңгейіне жəне жоғары оқу орындарының
білім беру қызметіне міндетті талаптар қою есебінен білім сапасына
кепілділікті қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) магистранттардың даярлығын жəне білім беру бағдарламаларының
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
62
6) «магистр» академиялық дəрежесін тағайындау туралы Қазақстан
Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде жəне
халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы
стандарттың ережелеріне сəйкес келуі жəне білім беру бағдарламаларының
құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзімдеріне жəне
магистранттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын
айқындауы тиіс.
11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс.
12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық
біліктілік
шегіне,
кəсіптік
стандарттарға
сəйкес,
Дублин
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру
бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс.
13. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің əрбір деңгейінің
білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің алған білімінің
деңгейі мен көлемін, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын
Дублин дескрипторлары оқу нəтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге,
сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |