3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
12. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі аудиториялық
жəне аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерімен қоса, аптасына
54 сағаттан аспауы тиіс.
13. Орта білімнен кейінгі кəсіптік оқу бағдарламаларын меңгерудің
нормативтік мерзімі (медицина мамандығынан басқасы) жалпы орта білімі
бар тұлғаларға екі жылдан кем емес, ал техникалық жəне кəсіптік білімі бар
тұлғаларға - кемінде бір жылды құрайды.
14. Теориялық оқытудың күндізгі нысанында оқу уақытының жалпы
көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен
айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пəндер
бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
1) Факультативтік пəндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес
көлемде көзделеді.
2)
Оқытудың
күндізгі
нысанындағы
білім
алушылар
үшін
консультациялар əрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын
көлемде көзделеді.
Консультациялар емтихандар мен курстық жəне дипломдық жұмыстарды
орындау түрінде аралық жəне қорытынды аттестаттау көзделген пəндер
бойынша, сондай-ақ кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді
ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдеріне арналып жоспарланады.
3) Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
аралық аттестаттау;
білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беру көрсетіледі.
Пəндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім
алушы меңгеруі тиіс білім, шеберлік пен құзырет деңгейіне қойылатын
талаптарға сəйкес айқындалады.
Бақылау жұмыстары пəндерді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен
жүргізіледі.
Семестрдегі курстық жобалардың саны, əдеттегідей біреуден аспауы тиіс.
Бір оқу жылы бойындағы емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4
аптадан аспауы тиіс. Емтихандық сессияның бір аптада тапсырылатын
емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
36
Барлық пəндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ,
тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмысы мен сынақтар аталған пəнді оқытуға бөлінген оқу
уақытының есебінен; емтихандар - аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде
жүргізіледі.
Кəсіптік оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушылардың
даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
қорытынды аттестаттау:
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау;
кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беруді қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың
толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кəсіптік оқу бағдарламаларын оқытуды аяқтағаннан кейін орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың мүмкін
нысандары: арнайы пəндер бойынша емтихандар тапсыру немесе дипломдық
жобаны орындау жəне қорғау немесе арнайы пəндердің бірі бойынша
қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып, дипломдық жұмысты
орындау, қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау
нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан артық
айқындалмайды.
Кəсіптік даярлығының деңгейін бағалау жəне мамандық бойынша
біліктілікті беру (бұдан əрі - КДДБББ) екі кезеңнен:
арнайы пəндер бойынша теориялық тестілеуден;
біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан
тұрады.
Кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беруді ұйымдастыру
мен өткізуге арналған оқу уақытының көлемі бір білім алушыға кемінде 12
сағат көлемінде анықталады.
Практикалық емтихандар əрбір мамандық бойынша өндірістік алаңдарда,
қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларда, шеберханаларда немесе
оқу орталықтарында өткізіледі.
4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау жəне қорытынды аттестаттау)
бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың
ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның біліктілік деңгейіне
байланысты 6 аптаға дейін жоспарланады.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул
уақыты 11 аптаны құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде - кемінде 2 апта.
15. Оқу пəндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың əрқайсысы
бойынша оқу уақытын курстарға жəне семестрлерге бөлу пəнаралық
байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
37
Арнайы пəндердің тізбесін анықтау мен оларды зерделеуді жоспарлау
кезінде көрсетілген пəндерді зерделеу бəсекеге қабілетті мамандарды
даярлау жəне жоғары білім берудің 1-2 курстарына арналған кəсіптік оқу
бағдарламаларымен
интеграциялау
мүмкіндіктерін
қамтамасыз
етуге
бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.
4. Білім алушылардың кəсіптік даярлық деңгейіне қойылатын
талаптар
16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
даярлау деңгейіне қойылатын талаптар оқытуды аяқтау бойынша қызмет
көрсету жəне басқару еңбегінің кіші мамандарының біліктілігін беру
мүмкіндігін көздейді.
17. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кəсіби
ұтқырлықты, бəсекеге қабілеттілікті жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз
ететін əмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттіліктер
ретінде мазмұндалады.
18. Кəсіптік құзыреттілікке қойылатын талаптар маманның кəсіптік
қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нəтижелерін бағалауға, қызметінің
негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білімнің, шеберліктің, дағдының
белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
38
Орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Р/с
№
Циклдердің, пəндер мен оқу
жұмыстарының атауы
Жалпы орта білім
базасында
Техникалық жəне
кəсіптік білім
базасында*
1 ж. 6 а.
1 ж. 10а.
10 а.
1
Жалпы гуманитарлық пəндер
+
+
+
2
Əлеуметтік экономикалық пəндер
+
+
+
3
Жалпы кəсіптік пəндер
+
+
+
4
Арнайы пəндер
+
+
+
5
Білім беру ұйымдары анықтайтын
пəндер
+
+
+
6
Кəсіптік практика
Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының
көлемінен кемінде 40% болуы керек**
7
Аралық аттестаттау
+
+
+
8
Қорытынды аттестаттау:
8.1 Білім беру ұйымында оқытудың
толық курсының қорытындысы
бойынша қорытынды аттестаттау
2 аптадан артық болмауы керек
8.2 Кəсіптік даярлық деңгейін
бағалау жəне біліктілікті беру
Кемінде 12 сағат болуы керек
9
Барлығы міндетті оқуға
2304
2880
1440
10
Консультациялар
Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы
керек
11
Факультативтік сабақтар
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан
артық болмауы керек
Барлығы
2680
3312
1656
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім деңгейіне жəне оқу бейініне байланысты белгіленеді.
** оның ішінде жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-
тəжірибелік сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалар.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен
бекітілген
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан əрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде əзірленді, білім беру мазмұнына,
студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын əзірлеуге,
олардың құрылымына жəне студенттердің даярлық деңгейін бағалауға
қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоғары арнаулы білім - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен
міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 161 кредитін жəне кəсіби
практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша
біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім
берудің кəсіптік оқу бағдарламасы;
2) бакалавриат - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде
теориялық оқудың кемінде 129 кредитін жəне кəсіби практиканың кемінде 6
кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық
дəрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім
берудің кəсіптік оқу бағдарламасы;
3) дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру
бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды жəне
құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту
нəтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы
санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының
өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нəтижелерін
жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) - үлгілік оқу жоспары мен элективті пəндер
каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің əр оқу жылына арнап
өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) элективті пəндер каталогы (ЭПК) - зерттеу мақсатын, қысқаша
мазмұнын (негізгі бөлімдер) жəне зерттеуден күтілетін нəтижелерді
(студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете
отырып, пəннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері
бойынша барлық пəндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
7) таңдау компоненті - жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
40
студенттердің өздері таңдай алатын оқу пəндерінің жəне тиісті кредиттердің
(немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
8) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім,
шеберлік жəне дағдысын кəсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана
білу қабілеті;
9) міндетті компонент - үлгілік оқу жоспарында белгіленген жəне білім
беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу
пəндерінің жəне тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) - мамандық бойынша əзірленетін үлгілік
оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру
ұйымы дербес əзірлейтін оқу құжаты;
11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) - оқу мазмұнын, көлемін,
ұсынылатын əдебиетті анықтайтын жəне білім беру саласындағы уəкілетті
орган
бекітетін
мамандықтың
үлгілік
оқу
жоспарының
міндетті
компоненттегі пəннің оқу құжаты;
12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) - Қазақстан Республикасының жоғары
жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен
осы стандарт негізінде əзірленетін, міндетті компонент пəндерінің тізбесі мен
кредиттердің ең аз көлемін жəне практиканың, қорытынды аттестаттаудың
барлық түрлерін көрсете отырып, пəндер циклі бойынша білім беру
бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру
саласындағы уəкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына
жəне меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары
жəне жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық
беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді
мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа жəне жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырады.
4. Жоғары білімнің кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша
қорытынды
аттестаттаудан
табысты
өткен
тұлғаларға
«бакалавр»
академиялық дəрежесі немесе біліктілік беріледі.
5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) студенттердің дайындық деңгейіне жəне жоғары оқу орындарының
білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары
білім сапасын арттыру;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
41
3) студенттерді оқыту деңгейін жəне білім беру бағдарламаларының
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең
дəрежеде
қатысуы
үшін
жоғары
білім
туралы
құжаттардың
конвертациялануын қамтамасыз ету.
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары
заңнамаға сəйкес оқытудың түрлі технологияларын, оқу процесін
ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, əдістерін таңдай алады.
7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы
стандарттың ережелеріне сəйкес келуі жəне білім беру бағдарламаларының
құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен
студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын
анықтауы тиіс.
8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан
Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс.
9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық біліктілік шеңберіне, кəсіптік стандарттарға сəйкес жəне Дублин
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім
беру бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.
10. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің əрбір деңгейінің
(сатысының) білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған
білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін
сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нəтижелеріне, қалыптасқан
құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына
негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
11. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын
анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады жəне
олардың арақатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді.
12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық жəне бейіндеуші пəндер циклдерін
меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері - кəсіптік практиканың түрлерін, дене
шынықтыруды, əскери дайындықты жəне т.б.;
3) аралық жəне қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пəнді оқытудың
модульді жүйесі негізінде жобаланады.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
42
13. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пəндердің оқу-əдістемелік
кешендерінің негізінде жүзеге асырылады.
Мамандық пен пəндердің оқу-əдістемелік кешендерінің нысанын,
құрылымын жəне əзірлеу тəртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.
14. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын
материалдың көлемі бойынша жүзеге асады жəне оқытудың нақты
нəтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек
шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер
білім
беру
бағдарламасының
жекелеген
пəндерінің
жəне/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді.
Жалпы
еңбек
сыйымдылығы
ұғымына
лекциялық,
практикалық
(семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік
жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кəсіптік
практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық жəне одан
өту кіреді.
15. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу
пəндерінің тізбесімен анықталады.
16. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру
кезінде əр оқу пəнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте
пəн, əдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пəнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
17. Дене шынықтыруды, тілдік пəндерді қоспағанда басқа əрбір оқу пəні
қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
18. Студенттер əр оқу пəнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны
аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал
кəсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша
дифференциалды сынақ тапсырады.
19. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы əр
пəнге тиісті əріптік жəне сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін
қарастыратын пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
20. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу
жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пəндер
міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік жəне орыс тілдері («Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
11 шілдедегі Заңы), дене шынықтыру («Дене шынықтыру жəне спорт
туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы),
еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы
Еңбек кодексі) жатады.
21. Жалпы білім беретін пəндер (ЖБП) циклі міндетті компонент
пəндерінен тұрады жəне таңдау компоненттерін де қоса алады. Базалық
пəндер (БП) жəне бейіндеуші пəндер циклдері міндетті компонентті жəне
таңдау компонентін қамтиды.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
43
22. Міндетті компонент - жалпы мəдениеттік, жалпы мемлекеттік мəні
бар білім беру бағдарламасының жəне жалпы мамандықтың елдің бірыңғай
білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.
Міндетті компонент пəндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен
айқындалады. Міндетті компонент пəндерінің көлемін қысқартуға жол
берілмейді. Бұл шарт техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі немесе
жоғары
білім
базасында
оқытылатын
қысқартылған
білім
беру
бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.
23. Таңдау компоненті нақты өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму
ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнындағы
ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке
қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пəндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
24. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің жалпы
көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрайды жəне мынадай пəндерден
тұрады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі,
Информатика, Экология жəне тұрақты даму, Саясаттану, Əлеуметтану,
Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауіпсіздігі негіздері
жəне Дене шынықтыру.
Бұл ретте Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде
жүргізіледі жəне ЖБП циклі кредиттерінің жалпы көлеміне кірмейді.
25. Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пəндері
алынып тасталады немесе БП цикліне ауыстырылады. Бұл жағдайда,
босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі. Мысалы, «Құқық»
тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пəні алынып
тасталады; «Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» тобындағы
экономикалық мамандықтар бойынша «Экономикалық теория негіздері» пəні
ЖБП циклінен БП цикліне ауыстырылады.
«Гуманитарлық ғылымдар», «Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне
бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар жəне
технологиялар» тобындағы жекелеген мамандықтарға да ЖБП циклындағы
аттас пəндер бойынша осындай əдістер қолданылады. Бұл ретте босатылған
кредиттер таңдау компонентіне беріледі.
ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пəндер базалық немесе
бейіндеуші пəндер циклінің міндетті компонентіне енген мамандықтарды
қоспағанда, Мəдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық
менеджмент пəндерін қолдану ұсынылады.
26. БП цикліндегі пəндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің
жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит
міндетті компонент пəндеріне жəне 44 кредит таңдау компоненті пəндеріне
бөлінеді.
Бұл ретте таңдау компоненті жоғары оқу орнының шешімімен, сондай-ақ
кафедраның, білім алушының, жұмыс берушінің ұсынысы бойынша əзірленуі
мүмкін.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
44
27. БП циклінің міндетті компонентіне əрбіреуі кемінде 2 кредит
көлемінде «Кəсіби қазақ (орыс) тілі» жəне «Кəсіби бағытталған шет тілі»
пəндері енгізіледі.
Көрсетілген пəндер тілдік жəне тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші
кафедраларға бекітіледі.
28. Бейіндеуші пəндер цикліндегі пəндер көлемі үлгілік оқу
жоспарындағы пəндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті
құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пəндеріне жəне 27 кредит
таңдау компоненті пəндеріне бөлінеді.
29. «Өнер», «Əскери іс жəне қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық
сақтау жəне əлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша
жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру
процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде осы стандарттың 64-
Достарыңызбен бөлісу: |