Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет47/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   240
 
Практикалық тапсырма 1. 
Кәсіпорында құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін арттыру 
мақсатымен жүргізілетін іс-шараларға маркетингтік зерттеулер жүргізу. 
Жұмыстың мақсаты: Құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін 
арттыру саласындағы маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктерін игеру. 
Орындау тəртібі:
- технологиялық құрал-саймандар шығаратын кәсіпорынды таңдаңыз; 
- импорттық жабдықтарға арналғана технологиялық құрал-
саймандарды шығару және пайдалануды зерттеңіз; 
- кәсіпорынның құрал-саймандарға техникалық сервис көрсетуін 
талдаңыз; 
- құрал-саймандарды пайдалануда техникалық жәрдемдесу бойынша 
орындалған жұмыстарды зерттеңіз. 
Практикалық тапсырма 2. 
Өндірістің технологиялық құрал-саймандармен қамтылуы туралы 
аналитикалық ақпаратты қалыптастыру. 
Жұмыстың мақсаты: технологиялық құрал-саймандар туралы 
аналитикалық ақпаратпен танысу. 
Орындау тəртібі:
- өндіріс түрі жекеленген немесе кіші сериялы кәсіпорынды таңдаңыз
- жеке жұмыс орнында технологиялық құрал-саймандардың 
айналымын қадағалаңыз; 
- жеке жұмыс орнында технологиялық құрал-саймандардың 
айналымының тиімділігін бағалаңыз. 


59
Қалпына келтіру нәтижесінде жаңа құрал-сайманның қажеттілігі екі есе 
азаяды.
3. Топтық және әмбебап-құрастыру саймандарын және типтік 
технологиялық процесстерді қолдану аумағын кеңейту, аспапты стандарттау 
және бірегейлендіру деңгейін арттыру.
4. Арнайы бір типтес аспаптарды шығару жұмыстарын кәсіпорынның 
аспаптық цехында жүргізу, қалпына келтірілген қаспаптар мен саймандар 
санын арттыру.
5. Жұмысшылардың кескіш аспапты алуға және тапсыруға кететін 
уақытын азайту. Бұған жұмыс орындарын құрал-саймандармен толық 
қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін орталық аспаптар 
қоймасынан (ОАҚ) кескіш аспаптарды жұмыс орындарына алдын-ала 
жасалған кесте бойынша жеткізіп тұру керек. 
6. Құрал–сайман шаруашылығының жұмысын реттеу мақсатында 
қорлардың қозғалысы мен жұмыс орындарын құралдармен қамтамасыз етуді 
үнемі бақылауға мүмкіндік беретін "максимум-минимум" жүйесін енгізу, 
яғни айналым қорлары мен сақтандыру қорларының нормаларын сақтау, 
қажетті аспаптарға немесе технологиялық құрал-саймандарға уақтылы 
тапсырыс беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет