Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет61/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   240
2. Тесіктерді өңдеу түрлері.
 
Машина бөлшектеріндегі тесіктер цилиндрлік, сатылы, конустық, 
пішінді болып келеді. Машина бөлшектерінде цилиндрлік тесіктер жиі 
кездеседі.
Тесіктерді металл жаңқаларын алып тастау арқылы және алып тастамай 
өңдеуге болады. Жаңқаларды кескіш жүзі бар және түрпілі аспаптар 
көмегімен немесе түрпілі ұнтақпен алып тастауға болады. 
Кескіш жүзі бар аспаптармен тесіктерді бұрғылау, зенкерлеу, ұңғылау 
кейде жұқалап кеңейтіп жону (алмазбае) операцияларын орындайды. 
Түрпілі аспаппен ажарлау, хонингтеу, суперфиништеу операциялары
ал түрпілі ұнтақпен тегітеу (жеткіз) операциялары жүзеге асырылады. 
Тесіктерді металл жаңқаларын алмай өңдеу жаншып-тегістейтін 
ұнтақтар мен шариктердің көмегімен калибрлеу арқылы жүзеге асады.
Тесіктерді алудың ең тиімді әдісі - оларды штамптарда тесу. 
Тесіктерді кескіш жүзі бар аспаппен өңдеу. Тесіктерді бүтін металлда 
бұрғылау арқылы алу. Алынған тесіктің ішкі бетін талап етілген кедір-
бұдырлығына байланысты одан әрі өңдеу зенкерлеу, ұңғылау, кеңейтіп жону, 
тарту арқылы жүзеге асырылады.
Құйылған немесе штампталған тесіктер алдымен дөрекі зенкермен 
өңделеді, содан кейін қажетті дәлдік пен кедір-бұдырлық қол жеткізу үшін 
таза зенкермен, ұңғымен, тартқышпен, т.б. өңдейді. 
Бұрғылау тесіктерді бұрғының көмегімен алу және өңдеу болып 
табылады. 
Спиральды бұрғы (2.32-сурет) жұмысшы бөлігінен, құйрықшадан және 
мойыннан тұрады. Бұрғының жұмысшы бөлігі өз кезегінде цилиндрлік 
(бағыттаушы) және кесу бөліктерінен тұрады.
Бағыттаушы бөлігінде кесу кезінде жаңқалар шығарылатын екі 
бұрандалы ойықтар орналасқан. Бұрандалы ойықтардың бағыты әдетте оң 


73
дәрежеде өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты, жаншып тегістеу үш 
түрге бөлінеді: 
- калибрлеу - беттің өлшемінің дәлдігін арттыру және кедір - 
бұдырлығын азайту үшін;
жаншып тегістеу – өңделетін беттің кедір-бұдырлығын азайту үшін; 
- əрлеу - материалдың беткі қабатының беріктігін арттыруға 
бағытталған. 
Бытырамен үрлеу процесінің мәні - өңделетін бетін пневматикалық 
немесе механикалық жолмен болаттан немесе шойыннан өндірілген 
бытырамен үрлеу арқылы соққылау. Осы өңдеудің нәтижесінде өңделген бет 
тығыздалып қалады. Бытыраны үрлеуге арналған пневматикалық 
құрылғылар құмды үрлейтін аппараттар секілді жұмыс істейді. Механикалық 
құрылғыларда үлкен жылдамдықпен айналатын ротор болады, ол бытыраны 
бөлшектің өңделетін бетіне қарай лақтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет