9
теориялық және практикалық аспектілері туралы (с. О. смирнова, Х. т. Ше-
рьязданова) [5-7];
Бағдарламаның әдістемелік негізі:
- эмоционалды-бағытталған тәсілдер: эмоционалды-семантикалық тәсіл
О.с. никольская, р.е. Баенская, м.м. либринг, әдіс DIR-FT ("Floortime") с.
гринспен және с. уидер [8, 9];
- баланы имитациялау және баланың орындаған әрекетеріне ілесуге
негізделген әдістер: Son-Rise бағдарламасы (Б. кауфман, с. кауфман);
мельенің прелингвистикалық дағдыларын дамыту моделі (Prelinguistic
Milieu Teaching PMT; Yoder and Warren); м. е. Баймұханованың артта қалған
имитациялау әдісі [10-13];
- мінез-құлық тәсілдері: қолданбалы мінез-құлықты талдау (и. лова-
ас), теассн бағдарламасы (Treatment and Education of Autistic and Related
Communication Handicapped Children, Eric Schopler) [14-18];
- коммуникацияның баламалы құралдарын пайдалануға негізделген
тәсілдер (ресЅ) [18-19];
- аутизмі бар балалардың ата-аналарына көмек көрсетуде қолданылатын
әдістемелік тәсілдер "аутизмі бар балаларға ерте араласудың Денверлік
моделі", топтық жұмыс формалары [20, 21];
- сенсорлық интеграцияның әдістері мен тәсілдері (Дж.айрис), ба-
лалармен жұмыс жасаудың дене-бағытталған, кинезиологиялық және
нейропсихологиялық әдістері [22-26];
- балалар психологиясы мен педагогикасы тәжірибесінде қолданылатын
балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдері
[7, 27-30].
Ұсынылып отырған бағдарламада жеке, соның ішінде жоғарыда аталған
тәсілдерден бейімделген және модификацияланған әдістер мен тәсілдер
пайдаланылады, бірақ авторлық бағдарламалардың өздері емес, оларды пай-
далану лицензиялық курстарда, семинарларда, тренингтерде және т.б. ар-
найы оқытуды көздейтін технологиялар мен әдістемелер, оларды авторлық
бағдарламаға немесе технологияға сәйкес практикалық жұмыста қолдану
құқығын куәландыратын тиісті сертификаттың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: