Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет10/73
Дата22.12.2023
өлшемі234,1 Kb.
#142846
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Еңбек психологиясы - еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ерік - адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.
Жалпы психология - неғұрлым жалпы психологиялық зандылықтарды, психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары мен санаттық құрылысын анықтайтын теориялық және эксперименттік зерттеулер.


Жан - адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп

12

отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен психологияда жан материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы. "Жан" ұғымының шығуы ұйқы, естен тану, өлім және тағы басқа жағдайларды қарадүрсін-материалистік тұрғыдан ұғынған алғашқы қауымдық адамның анимистік түсініктерімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет