Білім және ғылым министрлігі


TDAE 1204 ТАРИХИЛЫҚҚА ДЕЙІНГІ АДАМЗАТ



Pdf көрінісі
бет31/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192
TDAE 1204 ТАРИХИЛЫҚҚА ДЕЙІНГІ АДАМЗАТ 
ЭВОЛЮЦИЯСЫ 
 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлары: 
Төлеубаев Ә.Т. – тарих ғылымының докторы, археология, этнология 
және музеология кафедрасының профессоры 
Тұрғынбаев Е.М. – тарих ғылымының кандитаты, археология, этнология 
және музеология кафедрасының доценті 
Пікір жазғандар: 
Нұржанов А.А. – тарих ғылымының кандитаты, жетекші ғылыми 
қызметкер А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 
Ноянов Е.Н. – тарих ғылымының кандитаты, әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы өте үлкен уақыттық 
кезеңді – жер бетінде адамның пайда болуынан бастап, алғашқы өркениет 
ошақтары мен мемлекеттердің, әдетте олар мен қатар жүретін жүйеленген 
жазудың қалыптасуына дейінгі аралықтағы алғашқы қоғамның күрделі де өте 
ауқымды мәселелерін қамтиды. Адамзат қоғамы дамуының прогрестік 
теориясын жақтаушылар оның бірнеше даму сатысын ерекшелейді. Бұл 
прогрестің бастапқы сатысы алғашқы қауымдық құрылыс болды. Адамзат 
тіршілігінің бұл алғашқы сатысы алғашқы қоғам тарихы пәні болып 
есептеледі, әрі біртұтас тарих ғылымының бір бөлімі ретінде қарастырылады.
Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы тарих ғылымының әліпбиі 
болып табылады. Сондықтан бұл пән оқу процесінің бастапқы сатысында 
оқытылады және «Мамандыққа кіріспе», «Археология негіздері», «Этнология 
негіздері» сияқты жалпы курстармен I курста оқытылады. 
Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы «Археология», 
«Этнология», «Евразияның тас ғасыры», «Қосалқы тарихи пәндер», 
«Қазақстан тарихы», «Ежелгі дүние және орта ғасыр тарихы» пәндерімен 
тығыз байланысты. 
Курсты оқып-үйрену және нәтижесінде барысында студент: 

адам баласының және қоғамның пайда болуы мен дамуының 
теориялық мәселелері; 

шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттердің пайда 
болуы және дамуы мәселелері; 

алғашқы қоғамдық құрылыс кезеңінің түрлі сатыларындағы 
қоғамдық және отбасылық қатынастардың зандылықтары

алғашқы қоғамның ыдырау зандылықтарын білуі тиіс. 


36 
-
алғашқы қауымдық қоғамның басқа қоғамдық формациялардан 
ерекшелігін талдау; 

Қоғам дамуының жалпы тарихи және жеке мәселелеріне қатысты 
зандылықтарды түсініп, талдау жасай білуі тиіс. 

алғашқы қоғамның қалыптасуының, дамуының, ыдырауының 
заңдылықтарын түсіндіру; 

архаикалық тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіруде 
алғашқы қоғамның нақты фактылық материалдарын пайдалана білу 
дағдысына ие болуы тиіс. 
Адамның және адамзат қоғамының қалыптасуындағы жалпы тарихи 
үдерістердің негізгі теориялық мәселелерін дұрыс қолдануда құзіретті болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет