Бұршақ қоңызы – Bruchus pisorim L.( Coleoptera – қоңыздар отряды.
Bruchidae – дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы – 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялықаулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |