Бірінші ереже - кері байланыс орнату, яғни қатысушылар жаттығу ойын кім қалай орындағанын және оны қалай орындаса дұрыс болатыны туралы айтады, пікірлеседі, конструктивті кеңестер айтылады. Мұнда сын айтылмайды, кеңес беріледі. Сын айтылмау себебі, егер топ мүшелерінің басым бөлігі сын айтар болса, онда ол адам әрі қарай дамымауы мүмкін. Өзінің айтылған кемшілігінде тұрақтап қалу ықтималы бар. Ал енді қатыстушыға оның дұрыс орындағанын және бұдан да артық орындаудың мүмкіндігі айтылса, онда студент алға ұмтылады.
Екінші ереже – қазір және осында. Жаттығуды топта, аудиторияда бар студенттер орындайды, егер пікірталас созылып кетсе, онда оны сол уақытта тоқтатуға болады. Дәл сол сияқты бір ойынды: «Ал мен мынадай жағдайдың куәсі болдым...»,– деген сияқты әңгімелермен бірнеше сағатқа да созылуы мүмкін. Ешкім шаршамайды, барлығына да қызықты. Әрине, егер ұстаз топ мүшелерінің кейбірі бұл тапсырмадан жалыға бастағанын көрсе, онда ойынды ақырындап аяқтай бастаған дұрыс.
Үшінші ереже – топта жұмыс жасап үйрену дағдысы. Шағын топ мүшелері жаттығу аяқталмайынша басқа топ мүшелерімен бұл тақырыпта әңгімелеспейді, талдамайды, олар тек өз топтарымен ғана пікір бөлісе алады, топ құпиясын іште сақтайды.
Диагностика –техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.