Тәрбиелік жұмыстардың циклограммасы: сыныптағы тәрбиелік іс-шаралар тақырыбы, формасы, өткізу кезеңдері, уақыты, жауаптылар туралы қысқаша мәлімет.
Тәрбиелік жұмыстардың бағыт картасы – тәрбиелік жұмыстардың сынып жетекшісімен практика уақытында атқарылатын жұмыстар жоспары.
Тәрбие - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Сынақ сабақ –пән бойынша ашық және сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуымен көрсетіліп, талқыланатын сабақ.