Бір білім мекемесінде бір уақытта педпрактика
да жүрген барлық мамандық студенттері бірігіп жүргізетін командалық жұмыс
|
ЕСІРТКІ
КАЛЬЯН
ІШІМДІК
ТЕМЕКІ
ВИРТУАЛ
ДЫ
ТӘУЕЛДІЛІК
СЕМІЗДІК
|
Барлық студенттер бірігіп, берілген проблеманың біреуін таңдайды. Сосын сол проблеманың зиянды тұстарын өз мамандықтары тұрғысынан қарастырып, ақпараттар жинайды. Ақпараттардан интеллектуалды өнім дайындайды.
|
Дайындалған өнімді оқушыларға сату керек. Өнімнің құны ретінде олар сол тақырыпқа байланысты өзі білетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.
|
Интеллектуал
ды өнімді сатушы мен сатып алушылар біріге отырып агиткоманда құрайды да, көпшілікке таңдалған проблеманың зияндығын насихаттайды.
|
Нұсқау:
І тапсырма бойынша әр мамандық 1 өнімнен алдын-ала таңдап алады. Интеллектуалды өнім саны бір мезетте педпрактикада жүрген студенттердің мамандық санына байланысты;
ІІ тапсырма бойынша интеллектуалды өнім тек маңызды ақпарат берген оқушыға ғана сатылады;
ІІ, ІІІ тапсырма дәлізде, үлкен үзілісте немесе оқушылардың көп шоғырланған уақытында өткізілуі керек;
Интеллектуалды өнім ретінде плакат, минифото альбом, лозунг, қолөнер бұйымы т.б. шығармашылық бағыттағы өнім түрінде ұсынылады. Дәлеледемелерді сақтаңыз!
|