Білім және ғылым министрлігі



бет11/14
Дата09.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#33327
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
аза стан республикасы

Дәріс №13

Трактордың жалпы құрылысы.Тракторлармен автомобилдердің жалпы құрлысы. Мотор трансмиссиясы, жүріс бөлігі, басқару механизмі және қосымша жабдықщтар.

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.

Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады.

Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады.

Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді.

Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі.

Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады.

Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.

Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады.

Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет