Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №9 Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер



бет8/14
Дата09.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#33327
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
аза стан республикасы

Дәріс №9 Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатьын тракторлар мен автомобильдер.

-брозда жырту тиімдірек болады; байламалар қар суының борозда бойымен ағып кетуіне бөгет жасайды.

Қашаулауды қарды ұшырып әкететін жел, яғни эрозиялық қуаңшылыққа ұшырайтын учаскелердегі тік жел өтіндегі беткейлерде жүргізген жөн.

Кемерлеу(террасалау). Бұл әдіс гидрологиялық процестерді түбірінен өзгертіп, техникалық, жеміс, цитрус және басқа да дақылдарды егіп-өсіруді қамтамасыз етеді.

Кемерлеу беткеймен аққан қар мен жаңбыр суларын бөгеп, олардың жер бетімен ағуын тоқтатады, сөйтіп топырақтың шайыла-шайыла бұзылып кетуіне жол бермейді. Бұл әдіс беткейдегі топыраққа жиналған судың бәрін толық сіңіріп, өсімдіктердің тиімді қоректенуін қамтамасыз етеді.

Кемерлеу жүзім, цитрус және басқа екпе ағаштарды өсіруге кеңінен қолданылып келеді. Соңғы жылдары тау беткейлеріндегі бау-бақшалар мен жүзімдікке арналған жерлерді кемерлеу нәтижелі бола бастады. Мұның өзі су режимін жақсартуға, топырақ эрозиясымен, селді тасқындармен күрес жүргізуге көмектеседі, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді.

Беткейлердегі жерді өңдеу әдісі олардың тіктігіне байланысты. Мәселен, беткей беті 0-ден 9-қа дейін тік болса, 3-12м аралықта су жинағыш бороздаларды горизонталь жыртып, жаппай өңдеген жөн; 9-дан 10-қа дейін болса, 4-тен 20 м-ге дейінгі ендікте тілкем жыртылады. Беткей бетінің тіктігі 13 және одан да тік болса, кемер жасау қажет.

Кемер жасауда мынандай негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет;

-агротехникалық- кемер төсемінің бетіндегі қара шірік қабатының сақталуын көздейтін талаптарды, бұл қара шірік ылғалдың барынша толық пайдалануын қамтамасыз етеді;

-мелиоративтік- беткі қабаттағы қар, жаңбыр суларымен топырақ эрозиясын тоқтатуды қамтамасыз ету;

-пайдалану- құлама жардың жасалуын жеңілдететін, кемерлердің ұзақ пайдалануын және оларды жөндеуге қаражаттың шамалы жұмсалуын, ылғалдың аз булануын , сондай-ақ егін өсіруге ұсынылған дақылдарды одан әрі механикаландыруды қамтамасыз етеді;

-құрылыстық-кемерлерге келуді қамтамасыз ету;

-экономикалық- беткейлерде кемерлер жасау жұмысының құнын төмендетуді және кемер жасалатын алаңдардағы өнімсіз шығынды кемітуді көздейтін үнемдеу шараларын басшылыққа алу.

Су эрозиясымен күрес жүргізетін машиналар. Қар айдағыш-жал салғыш СВ У-2,6 машинасы егістікке жал салу арқылы қар тоқтатуға арналған. Ол гидрожүйесінің болу-болмауына қарамастан Т-4А және ДТ-75М тракторларына агрегатталады.

Қар айдағыштың негізгі бөлшектері- болат табақтан дайындалған цилиндр формалы қайырмалар(7). Қайырманың төмендегі жағына болат тілкемінен жасалған түрен болттармен бекітіледі. Әрбір қайырмаға екі-екіден тіреу пісірілген. Қайырмалар өзара қорапша білеуден пісіріліп, қорапша қималы алдыңғы(3)және артқы (5) арқалықтармен жалғасқан. Арқалықтарды қайырмалар тіреуіндегі үшкілдердің аралығына орнатып, арнайы болттармен бекітеді.

Арқалықтарға грядильдер (4 және 6) орнатылады. Олар артқы арқалыққа кронштейнмен, ал алдыңғысына қамыттармен бекітіледі. Арқалықтардың алдыңғы бөліктеріне тіркеменің (1) жалғау биіктігін реттейтін ойығы бар төмендеткіштер (2) жапсырыла пісірілген. Қапсырмалардың тұмсығы грядильдердің алдыңғы бөлігіне шпренгельдермен жалғастырылған. Қайырма тіреулеріне екі алдыңғы және екі артқы сырғыма болттармен бекітіледі.

Қар айдағыштың тіркемесі үшбұрыш формалы болады. Тіркеменің тартқыштары мен кергіштері төрт қырлы түтік тәрізді жасалып пісірілген бұрыштамалардан дайындалған. Тасымалдау және қар үйіндісінен босату үшін қар айдағыш қайырмалардың артқы бөліміне бекітілетін тартқыштарымен жабдықталған.

Сүйреу тартқыштары шығыршықты құралған. Түрендерді борозда түбіне орнату бұрышы 46. Қайырмаларды жүріс бағытына орнату бұрышы 30. Қар айдағышпен жұмыс істеу технологиясы мынадай. Қар айдағышты үлкен жолақ қалдыратындай етіп алға қарай сүйретеді, ал оның түрендері қарды астыңғы жағынан тіледі. Сонда қар қыртысы оң қайырмамен солға қарай, ал сол жақ қайырмамен оңға қарай құлатыладыда, биіктігі қар қабатынан 2,5-3,5 есе асып түсетін ортақ білеу пайда болады. Қайырмалардың қарға терең батуын сырғыманы ауыстырып қою арқылы реттейді. Құралдың алым ені 2,6м итерілетін қар жолағының астыңғы ені 0,8 м, үстіңгі ені 0,49м. Агрегат (осындай екі қар айдағышы бар) ДТ-75М тракторымен жұмыс істегенде өнімділігі сменасына 60 га-ға дейін жетеді. ПЛДГ-10 құралы беткейлерде сүдігер жыртқан кезде шұңғыл жасауға, сөйтіп еріген суды іркіп, су эрозиясынан қорғауға арналған. ПЛДГ-10 құралының конструкциясы ЛДТ-10 сыдыра жыртқышының негізінде жасалған, оның құрылысы $4 жазылған.

Құралдың негізгі бөлшектері- бес сфералық дискіден (диаметрі 450мм) тұратын секция. Дискілер эксцентриситет 110мм келетін оське қондырылып, бір-бірімен 180 , ал шабуыл бұрышы 30 болатындай етіп орналасқан.

Шұңқыр жасағыш алға қарай қозғалғанда диск секциялары топыраққа алма-кезек еніп, оны тіледі де, тереңдеген сайын біртіндеп тарыла беретін сопақша шұңқырлар жасай отырып, топырақты аударып тастайды. Шұңқырдың ұзындығы орта есеппен 1164 мм, ені 330 мм және тереңдігі 150 мм-ге дейін болады.

Қар және жаңбыр суын шұңқыр жасап бөгеуден басқа топырақ білеулерімен де(қашылау) тоқтатады. Бұл әдістің мәні мынада: плуг корпусының біріне, жер жыртқан кезде оның қыртысын алдыңғы бороздаға аудара жал жасайтын, қайырманы ұзартатын тақта орнатады. Қашылауды ортаңғы екі корпусы алынып, артқы корпусы мөлшері үлкен қайырмамен жабдықталған-төрт корпусты плугпен жасауға болады. Осы плугпен агрегатталған трактор бір рет жүріп өткенде биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін білеу түзіледі және білеу табанының ені 1,2-1,3 м болады. Мұндай плугпен жерді шетке қарай жыртқан жөн.

Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусы күзгі-қысқы және көктемгі маусымдағы қар мен жаңбыр суын бөгеуге және бір мезгілде сүдігер жыртуға арналған білікшелермен жол жасау үшін қажет. Мұндай жағдайда жалды 5-тан аспайтын тік беткейлерге кесе-көлденең етіп жасайды.

Ұзартылған қайырмасы бар корпусты төрт, бес корпусты сериялы плугтардың ең соңғы корпусының алдындағысының орынына орнатады.

Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусының сериялы корпустан айырмашылығы, оның кергісі және атыз тақтасында кергінің төменгі ұшына бекітуге арналған қосымша тесіктері болады. Корпустың түрені мен тірегі стандартты. Ұзартылған қайырмасы бар корпуспен жабдықталған плугтың жер жырту технологиялық процесінен айырмашылығы жоқ. Оның айырмашылығы тек КВ- 1 корпусының соңынан биіктігі 18-20 см, табанының ені 40-50см жалдың пайда болуында ғана.

Кемер жасау(террасалау) үшін қолданылатын машиналар мен құралдар. Кемер жасау үшін ППН-50 плантажды плугын, Т-4 кемерлеуішті және РТН-2-25 кемер қопсытқышты пайдалануға болады. Т-4 кемерлеуіші топырағы тастақ келетін тау беткейінің ылдиы 40-қа дейінгі жерлерде кемер тілгілеуге арналған. Оны енсіз орларды , жыраларды топырақпен толтыруға және жол салуға қолдануға болады. Ол- әнбебап (бульдозерлі) рамасыбар Т-130 тракторына лайықталған, алмалы-салмалы жабдық.

Кемерлеуіштің негізгі құрастыру бөлшектері- Т-130 тракторындағы рама, шарлы ұясы және қопсытқыш тістері бар қайырма, кронштейн, түрткіш, тереңдету секторы, тірек өкшелігі.

Қайырма вертикаль жазықтыққа тереңдету секторының көмегімен 10 бұрыш жасай орнатылады. Мұның өзі кемер жолағынан кері 10 бұрыш жасауға мүмкіндік береді. Қайырманы әнбебап рамадағы шар тәрізді қалпақшамен бұра айландыру арқылы оңға және солға қарай топырақ айыратын қалыпқа орнатуға болады. Жұмыс өнімділігі (тістерінің қопсыту тереңдігі 220 мм және алым ені 2660 мм болса) 30-60 м/сағ. РТН-2-25 аспалы кемер қопсытқышы кемер жолағындағы жүзімділік пен жеміс егетін жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, жер қыртысын аудармай терең қопсытуға арналған. Ол гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған Т-130 тракторына агрегатталады.

Қопсытқыш пісірілген рамадан тұрады, оған екі қопсытқышты жұмыс органы, екі тіреуіш жетек доңғалағы, екі планкалы-қырғышты транспортері бар бункер және тыңайтқыш шашу нормасын қалыптастыруға арналған жапқыштар, тракторлармен жалғауға арналған асқыш қондырылған.

Қопсытқыш органдарының жүріс тереңдігін бұрандалы механизм арқылы іске қосатын тіреуіш-жетек доңғалақтарды көтеріп-түсіру нәтижесінде қалыптастырылады. Қопсытқышты сақтауда тіреуіш тірек қызметін атқарады.

Қопсытқышты жұмыс қалпынан тасымал және қайта жұмыс қалпына қою трактордың гидрокөрсеткіштігі арқылы атқарылады. Агрегаттың жүріс жылдамдығы 2,5 км/сағ болған кездегі жұмыс өнімділігі (70 см тереңдік-те ) 0,3га.

Жерді тілгілеуге қолданылатын машиналар мен құралдар. Тілгілеу өңделмеген жерде де, беткейлердегі егістік жерлерде де жүргізіледі. Беткейлерде қар мен жаңбыр суын көп жылдық шөп пен күздік дақылдар егісіне бөгеу мақсатында жерді тілгілеу үшін ПРВН- 2,5А жүзімдік плуг қопсытқыштарын, КЗУ- 0,3 арық қазғыш-тегістегіштерді және ЩН- 2-140 тілгілеуіш-үңгілеуішті пайдаланады. ШН-2-140 тілгілеуіш-үңгілеуіш-аспалы құрал. Ол дискілі пышақ, тіреуіш доңғалақ, тілгілеуіш пышақ, пышаққа орнатылған үңгілеуіш, дестелеуіш, қашау бекітілген рамадан тұрады.

Жел эрозиясымен күрес жүргізуге арналған машиналар. Жел эрозиясы күшті болатын аудандарда жерді өңдеген уақытта топырақтың шаңдануын болдырмау- қазіргі агротехникадағы маңызды шаралардың бірі. Себу алдында жер өңдеуде және парды баптап- күту кезінде дискілі сыдырғыштарды қайырмасыз құралдармен алмастыру қажет.

Тез шаңданатын жеңіл және карбонатты топырағы бар жерлерде сүдігер егістігіндегі паяларды мейлінше сақтап қала отырып, қайырмасыз жырту қажет. Өйткені пая қардың қалың жиналуынан, топырақты терең тоң болып қатып қалудан, қыс пен көктемгі эрозиядан сақтайды, көктемгі қар суының жерге жақсы сіңуіне себепкер болады және топырақтағы ылғалдың булануын, желмен үрленуін азайтады.

Жерді қайырмасыз өңдеуді негізгі екі түрге бөлуге болады:жердің үстіңгі бетін астарлай өңдеу және пая топырақтың үстіңгі қабатына аздап көмілген кезде жер қыртысын аударыстырмастан, топырақты ішінара қопарыстыра қопсыту.

Топырақты қайырмасыз өңдеу үшін мынадай машиналар қолданылады.

КШP-3,6А шангілі культиваторы арамшөптерді отауға, топырақты қопсытуға, сондай-ақ себу алдында топырақты культиваторлауға арналған. Топырақты өңдегенде ол паяға зақым келтірмей, оны егістік бетіне қалдырып кетеді, сондықтан ол жел эрозиясына ұшырайтын және ылғалы жеткіліксіз аудандарда пайданылады.

Алмал-салмалы тіркесі болғандықтан культиватор аспалы күйде де тіркемелі күйде де жұмыс істей алады. Культиватор аспалы күйінде МТЗ-80 тракторына, ал тіркемелі күйінде гидроцилиндрлермен жабдықталған МТЗ-80 тракторына агрегатталған. Екі культиватор тіркелген күйінде СП-11 тіркеуішімен немесе СП- 16 тіркеуішінің ортаңғы секциясымен ДТ-75М, Т- 150 және Т-150К тракторына, үш культиватор Т-4A тракторына, төрт культиватор СП-16 тіркеуіші арқылы К- 701 тракторына агрегатталады.

Культиватор рамадан , алмалы-салмалы тіркеу тетігінен, жүріс доңғалақтарынан , теңгергіш жәшіктен және жұмыс органынан тұрады. Штанга –культиватордың жұмыс органы. Ол –көлденең қимасы 25х25 мм және ұзыңдығы 3700 мм төрт қырлы білік. Штанга культиватордың жүріс бағытына көлденең орналасады да, культиватор доңғалақтарының айналуына қарама-қарсы 1,1 м жолда 1 айналым жасайды.

Штанга топырақ астымен жылжи отырып, арамшөптерді тамырмен жұлып, бетіне шығарып тастайды, бір мезгілде ол жер қыртысын аудармай, топырақтың үстіңгі қабатын қопсытады. Культиватордың жұмыс өнімділігі 1,8 га/сағ , алым ені 3,6 м және өңдеу тереңдігі 5 -10 см.

КПЭ-3,8 ауыр культиваторы жерді негізгі өңдеуге және себу алдында паяны топырақ бетінде қалдыра өңдеуге арналған. Культиватордың біреуі ДТ-75М тракторына агрегатталады. Культиватордың бірнешеуі Т-4А , Т-150, К-701, Т-130 тракторына және әнбебап гидрофикиацияланған СП-16 тіркеуішіне агрегатталады.

Культиватор рамадан, тіркестен, жұмыс доңғалақтарынан, жұмыс органдарын көтеру механизімінен, жұмыс органдары бар грядильден, жалғастыру буындарынан тұрады.

Культиватор рамасы тікбұрыш формасында пісіріліп жасалған. Ол параллель қойылған үш брустан –жапсырмасы бар бұрыштамамен өзара қосылған тікбұрыш қималы түтіктерден жасалған. Раманың бүйірлері бойлық брустарымен шектелген. Олардың жалғамаларды бекітуге арналған бір-бірден фланеці болады. Раманың әрбір брусына тіркесті жалғастыратын екі құлақша орнатылған.

Тіркес көп тармақты, алмалы-салмалы бұрыштамалардан тұрады. Ортадағы төрт бұрыштама раманы жоғарғы және төмеңгі жағынан ұстап тұрады және өзара болттармен жалғастырылған. Тіркестің бүйір тармақтарының бір ұшын тіркеме құрылғысының жоғарғы орталық бұрыштама-маларына, екінші ұшын раманың құлақшаларына бекітеді. Тіркеу тетігінің алдыңғы жағында төмендеткіші болады, ол тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларымен болттар арқылы жалғастырылған. Төмендеткішке топса арқылы қапсырма жалғастырылған.

Культиватордың жүріс доңғалақтары пневматикалы, оның мөлшері- 6-16, №207 және 208 шарикті подшивниктерде айналып тұрады. Шинадағы ауа қысымы 0,25 МПа . Доңғалақтардың күпшектерінде солидолды шприцпен айдап енгізетін май құтылары болады.

Жұмыс органдарын көтеру механизмінің негізгі бөлшектері- тартқышқа топсамен жалғастырылған кронштейн және теңгергіштер, жапсыра пісірілген түтіктер. Тартқыш топса арқылы тербелгішпен , ал тербелгіш өз кезегінде тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларына жалғасқан. Тіркеу тетігі раманы жұмыс органдарымен тасымал қалпында ұстап тұратын екі тасымалдау тартқышы бекітілген . Теңгергіштері бар түтікті құйма кронштейнде қиыстырылады, ал кронштейндерді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет