Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №7 Тыңайтқыш шашқыш машиналар. Пайдалануы және реттелуі



бет6/14
Дата09.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#33327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
аза стан республикасы

Дәріс №7 Тыңайтқыш шашқыш машиналар. Пайдалануы және реттелуі.

1.Машиналардың жұмыс бағыты мен типтері! 2.Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналар! 3.Тиеуіштер. Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтғыш енгізудіғ:негізгі енгізу,егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдәсіде тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге,сондай-ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі.Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық-минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді. Минералды тыңайтқышты енгізу үшін өнеркәсібіміз жүк көтергіштің 4 т тіркемелі 1-РМГ-4,жүк көтергіштігі 6 т РМС-6,жүк көтергіштігі 10 т РУМ-8,автомобилъді КСА-3 деп аталатын үйлестірілген кузовты ортадан тепкіш себелеуіштер шығарады.Бұл машиналардың тыңайтқышты кузовтан себелеуіш дискіге шығаратын ілгерілмелі жылдамдықты агрегаты бар синхронды конвейер жетегі болады.Себелеуіш дискілер гидрожетек арқылы айналады.Бұл машина конструкциясын оңайлатады.РМС-6 себелеуіші тау беткейлеріне тыңайтқыш енгізудің қол еңбегін механикаландыруға мүмкіндік береді. Егу үстінде минералды тыңайтқыш енгізуге құлама сеялкалар мен отырғызғыштар қолданылады.Тыңайтқыш тұққыммен бірге сол қатарға,ұяға немесе әр түрлі қатарға енгізіле береді.Кейбірде тыңайтқыш енгізілетін қатар тұқым себілетін қатардан 1,5-2 см қашықтықта да болады. Минералды тыңайтқышты ұсақтау,араластыру және тиеу үшін нығыздалып қалған тыңайтқышты ұсақтап,араластвратын ИСУ-4 ұсақтап -араластырғыш ,СЗУ-20 араластырғыш-тиеуіш,автомобильге тіркелетін ЗСА-40сеялка тиеуіші кең тараған.Самолеттерге,вертолеттерге тыңайтқыш тракторға тіркелетін ПБ-35, ПФ-0,5 ИФ-0,75 тиеуіштерімен тіркеледі.Бұл тиеуіштер сол үшін арнайы тетіктермен жабдықталған. ИСУ-4 минералды тыңайтқышты ұсақтап-араластырғыш түрлі тыңайтқышты ұсақтап-араластырғыш түрлі тыңайтқышты енгізер алдында араластыруға,тыңайтқышты шашумен бір мезгілде шаруашылық жолымен табылған немесе жатып қалған завод тыңайтқыштары мен әкті ұсақтауға арналған.Машина МТС-80/82 және Т-40М тракторының агрегатында жұмыс істеуге есептелінген.Өнімділігі сағатына 2-4 т. Ұсақтап-араластырғыш рамадан(1) кеңіткіші бар(8) бункерден (6),ұнтақтау апаратынан (9),бұр конвейерінен(7), жетек механизімінен тұрады.Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40-2000кг/га,сидерат себу нормасы 8-150кг/га.Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6-12 км/сағ. 1-РМГ-4 минералды тыңайтқыш себелеуші –бір осьті,жартылай аспалы машина.Ол минералды тыңайтқыш пен әк материалдарын топырақ бетіне себуге арналған.МТЗ-трактторының барлық өзгертілген түрлерімен агрегатталады.Себелеуші рамалы кузовтан,шыбықшалы конвейерден,мөлшерлеуіш құрылғыдан, тыңайтқыш бағыттауыштан,екі себелеуіш дискіден, конвейердің жетек механизмінен,желден қорғау құрылғысынан, электр жабдықтарынан ,доңғалақты белдіктен , тежеуіш жүйеден тұрады. Таза бір сағат жұмыс істегендігі өнімділігі 12га (жүру жылдамдылығы 12км/сағ болса).Жүк көтергіштігі -4000кг.Рамалы кузов тұтас пісірілген торап болып есептеледі. Себелеуіш дискілер металдан жасалған тегіс,қалақшалы.Оң жақ дискі гидромотордың тісті муфтасы арқылы қозғалады.Дискінің төменгі бөлігіне сол жақ жетектегі дискіні айналдыруға арналған шкив бекітілген.Дискілердің айналу жиілігі 850 айн/мин. Май гидромоторға трактор гидрожүйесінің бөлгішінен жеткізіледі.Гидрожүйедегі жұмыс қысымы 8,5МПа-ға (85 кгс/см) дейін барады. ПОУ бүркіп қоректендіргіші дәнді және отамалы дақылдар мен тағы басқа дақылдардың арамшөптерімен химиялық күрес жүргізуге ,тұқым себіліп жатқанда гербицидті тұтас және қарарлап немесе қатараралық культиватор кезінде бүркуге, сулы аммиакты жер жырту кезінде тұқым себілер алдында культиваторлау үстінде енгізуге ,отамалы дақылдарды үстеп қоректендіруге ,егіс дақылдарынының аурулары мен зиянкестеріне қарсы улы химикаттар бүрку жолымен химиялық күрес жүргізуге арналған.МТЗ, ЮМЗ-6Л, ДТ-75М, Т-40М, Т-16М тракторларына,КПС-4, КРН-5,6, КРН-4,2, УСМК-5,4А тіркемелі және аспалы культиваторларына, СКНК-8, СУПН-8, ССТ-12А сеялкаларына,жалпы бағыттағы тіркемелі және аспалы плугтарға агрегатталады.Бір сағат таза жұмыс істегендегі өнімділігі 0,5-2,9га. П3-0,8А тиеуіш-экскаватор ауыстырмалы жұмыс –органдарымен түрлі жұмыстар атқарады,мысалы:грейферлі шөмішпен тыңайтқыш ,астық,құм;айырлы шөмішпен көң,сүрлем,сабан,пәлек,т.б. қазады, ілгегімен ыдысқа салынған жүктерді тиеп, түсіреді,түрлі бағыттағы құрастыру жұмыстарын істейді, бульдозермен жеңіл тегістеу жұмыстарын атқарады,топырақ үйеді,көмеді, жолды қардан тазартады т.б.

«Беларусь»тракторына агргатталады.Жүк көтергіштігі – 800 кг.Сусымалы жүк тиеудегі өнімділігі-5-80-115сағ.Көң тиеудегі өнімділігі-40-90сағ, ор қазудағы өнімділігі-15-20м3,шөмішпен және айырлы шөмішпен тиеу биіктігі -3,6 м, ілгегімен -5,5 м,экскаватор күрегімен қазу тереңдігі-2,3м. ПЗ-0,8А тиеуіш – экскаваторы рамадан(1),бұру колонкасынан(2), жебеден(10),грейфер механизімінен(5),тіреуіш домкраттарынан(3),гидрожүйеден,редуктордан,бульдозерден(12), отырғыштан ,тұғырдан(11),алмалы-салмалы органдардан (күректен -4) тұрады,рамасы (1) пісіріп жасалынған.Алдыңғы жағынан трактордың лонжерондарына,артқы жағынан артқы доңғалақтардың жарты осінің құндағына бекітіледі. Әмбебап ПГ-0,2 тиеуіш сусымалы,кесек ыдысқа салынған жүк,сондай-ақ көң мен сүрлем тиеуге арналған,Т-25А1 тракторы мен өздігінен жүретін Т-16М шассиіне асылады.Жүк көтергіштігі – 0,2 т.Тиеу биіктігі-2,7-2,9м,тереңдігі 1,5 метрге дейінгі шұңқырдан жүк алып шыға алады.1 сағат таза жұмыс істегенднгі өнімділігі 50 т жүк тиейді.Тиеуіш колонкалардан (5),жебеден (7),қондырмпдан (9),алмалы-салмалы жұмыс органдардан (10),гидрожүйе мен бульдозерден (5) тұрады. Комплектіге мынадай жұмыс органдары кіреді;қиыршық тас, құм, топырақ және минералды тыңайтқыш тиеуге арналған айырлы грейферлі қармауыштар,ыдысқа салынған жүк тиеуге арналған ілгек. Бульдозер жүкті ысыру, жеңіл-желпі тазарту және тегістеу жұмысстарын істеуге қолданылады.Бульдозердің алымының ені-1,7м. ПГ-0,2 тиеуішінің құрылымы мен жұмыс процесі ПЭ-0,8А тиеуіш – экскаваторының құрылымы мен жұмыс процесіне ұқсас. Тиеуіштің гидрожүйесі бір-біріне тәуелсіз екі;біріншісі-трактор гидрожүйесімен байланысты,екіншісі-қосымша жүйеден тұрады.Трактор гидрожүйесімен бульдозер және жебені бұру гидроцилиндрі басқарылады. Қосымша жүйеге НШ-32 насосы,насосты іске қосу редукторы, Р-75-6ПГ гидротаратқышы ,жебені көтеру гидроцилиндірі ,қондырма гидроцилиндрі, грейфер механизімінің гидройилиндірі, май түтіктері,ауыспалы муфталар кіреді.Қосымша жүйе бақылау-реттеу қондырғыларымен қамтамасыз етілген.Олардың көмегімен машинаның сенімділігі арттырылады,басқару ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.Жебенің бұрылу бұрышы-180.Тиеуіштің жұмыс органдарының толық комплектісін қоса есептегендегі салмағы-1280кг. ПБ-35 тиеуіш – бульдозері тасу көліктеріне органикалық және минералды тыңайтқыштар,шымтезек,құм,қиыршық тас тағы басқа сусымалы және аз суситын материалдар тиеуге арналған.Жүк көтергіштігі – 1500кг.ДТ-75М тракторына асылады.Тиеу биіктігі-2,3 м.1 сағат таза жұмыс істегендегі (трактор 20 метрге дейінгі қашықтан өткенде)өнімділігі-80т. Тиеуіш қосымша әрі аудару әдісімен де жұмыс істей береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет