Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №10 Жер жырту агрегатын жабдықтау



бет9/14
Дата09.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#33327
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
аза стан республикасы

Дәріс №10 Жер жырту агрегатын жабдықтау.

Жер жырту агрегатын жабдықтағанда трактордың қуатын неғұрлым түгел пайдаланытндай етіп жабдықтайды. Шағын және әр түрлі формадағы учаскелерді жырту үшін Т-25А тракторына агрегатталған бір,екі немесе үш корпусты ПН-30Р плугын қолданады немесе ПЛН-3-35 плугын МТЗ-80/82 тракторымен агрегаттайды.

Поволжье мен Қазақстанның және басқа да далалы аймақтарын жырту үшін біздің өңдірісіміз қуаты үлкен әрі шапшаң жүретін тракторлар шығарады, мысалы, К-700А, К-701, Т-150, Т-150К. Мұндай қуатты траклардың болуы қазірдің өзінде жер жыртатын агрегаттардың қнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. К-701 тракторы мен жартылай аспалы тоғыз корпусты ПТК -9-35 плугынан құралған агрегаттың қнімділігі 2,76 га/сағ.

Жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенде егістік күйінің маңызы зор. Тегіс емес жерлер, жиналмаған сабандар, жолдар, терең бороздалар жұмысты қиындатады, шапшаң жүретін трактор агрегатының өнімділігін азайтады. Жоғарғы жылдамдықта плугтың жұмыстық тетіктері жиі-жиі жер бетіне шығып кетеді, болттық жалғастырулар босайды, әлсіз пісірілген жапсарлар мен басқа да жалғастырғыш детальдар бұзылады.

Плугтың жұмысы жоғары сапалы және өнімді болуы үшін түрендердің кескіш жүздерінің өткір бөлуін қадағалау қажет. Өтпейтін жүздерді созып өткірлейді. Кәдімгі стандартты түрен бірінші созуға дейін 2,0-3,5 га жер айдайды. Егер түренді қатты қорытпа етіп балқытып дәнекерлеп, өзі қайралатын етіп жасаса, онда оның жүздерін жүздерін созбастан 50-дан артық жер жыртуға болады.

Плуг конструкциясына шолу. Жалпы жұмысқа арналған жартылай аспалы плугтар. ПТК-9-35 тоғызз корпусты жартылай аспалы плуг меншікті кедергісі 88,3 кПа-ға дейін жететін, тасы жоқ топырақты тереңдігін 30 см-ге жеткізіп жыртуға арналған. К-701, К-700А тракторларына агрегатталады. Плугтың конструкциясы, оның бір корпусын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Плуг тырмаға арналған тіркемемен жабдықталған және каток тіркейтін де орын бар.

ПТК-9-35 плугы металл доңғалағы бар оң және алдыңғы тіреуіш доңғалақтарының механизмдері орнатылған рамадан, шым аударғыштан, корпустан, пневматикалық доңғалақтары бар тасымалдау механизмінен, сигнал қалқандарынан, аспадан, май түтіктерінен жіне плугтың артқы корпусының алдына орнатылған дискілі пышақтан тұрады.

Плуг рамасы өзара топсамен жалғасқан үш қуыс брустан жасалған. Негізгі, бойлық, көлденең бруста өзара топсалармен жалғасқан. Көлденең және бойлық брустарды жалғайтын топса жылжымалы. Топсаны бойлық брустың бойымен жылжыту арқылы негізгі брустың қалпын және плугтың алым кеңдігін өзгертеді. Негізгі брустың артқы ұшы алмалы-салмалы болғандықтан, плугты сегіз корпусты етіп құрастыруға мүмкіндік береді.

Плуг корпусы сегіз табаннан тұрады, оның төменгі штампталған ұшына құйма табан үш болтпен бекітіледі. Осы табанға түрен, қайырманың қанаты мен төсі және жақтау орнатылады. Тіректің жоғарғы ұшында эксцентрик жұдырықшасы пісіріліп бекітілген арнаулы кронштейнге тірек қамыттарымен бекиді. Плугтың алым кеңдігі өзгергенде, жылжу бағыты бойынша жұмыс қалпын сақтау үшін қамыттарды босатып, корпустарды тиісті шамаға бұруға болады.

Шым аударғыш төменгі штамтталып жасалған, ұшына түрен мен қайырма бекітілетін дөңгелек тіректен тұрады. Тіректің жоғарғы жұмыр ұшы арнайы құйылып жасалған тұтқышқа еніп тұрады да, қосадқы гайкасы бар винттермен оны қажетті қалыпта тұрақтандырады, сол үшін тірекке тұрақтандырғыш винт ұшы ентін алты ойық жасалған. Шым аударғыштың тұтқышы негізгі брусқа қамыт пен гайка арқылы бекиді әрі ол брус бойымен жылжи алады. Шым аударғыштың дөңгелек тірегі оны ұстағышпен бұруға мүмкіндік береді, сөйтіп плугтың алым кеңдігі өзгергенде шым аударғышты жүріс бағытымен дұрыс қоюға жағдай туғызады.

Тасымалдау механизмі плугты жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керісінше аудару қызметін атқарады. Ол раманың бойлық және негізгі брустарына бекітілген, ұштарында цифрлары бар, көлденең брустан тұрады. Көлденең брусттың оң және сол жағындағы цапфаларына, ұштарына пневматикалық доңғалақтар орнатылған, консольдар бекітіледі. Консольдардың жоғарғы ұштары гидроцилиндрлермен жалғасады. Плуг тасымалдау кезінде екі пневматикалық доңғалақтармен жылжиды. Топырақ жырту кезінде оң доңғалақ жоңары көтеріліп қойылуы тиіс және жер бетінен жоғары тұрғанда қозғалмастай етіп бекітіледі, ал сол доңғалақ жырту тереңдігін реттейді. Реттеу, сол жақ консольдың жоғары қарай жылжуын шекткп тұратын винт арқылы жүзеге асырылады. Пневматикалық доңғалақтар шинасындағы ауа қысымы 0,35 МПа болуы тиіс.

Алдыңғы тіреуіш доңғалақтың механизм тіректен, жартылай осьтен, күпшектен және құрсаудан тұрады. Онымен жер жырту кезінде плуг рамасын тегістейді, ал рлугты шығарып қойғанда алдыңғы доңғалақ тірек қызметін атқарады. Ол екі құрсаумен бойлық брусқа бекітіледі. Ол жоғарғы ұшына құйрықты гайка, ал төменгі ұшына жартылай ось бекітілген тіректен тұрады. Құйрықты гайка реттегіш винт өтіп тұратын бұрандалы тесікпен жабдықталады. Тіректің төменгі ұшына доңғалақ бекітілетін жартылай ось орнатылған.

Корпустар болаттан құйылып жасалған тіректерден және оған бекітілген түрен мен қайырмадан тұрады. Екінші мен үшінші қабаттағы корпустардың атыз тақтайшалары бар. Плуг корпустарын алмастыру арқылы онымен екі немесе үш ярусты етіп жер жыртуға болады. Үш ярусты плугпен жер жыртқанда топырақтың жоғарғы қабаты аударылып, жердің бетіне түседі, екінші қабаты өзара орын алмастырады, яғни екінші қабат тереңге түседі де үшінші қабат оның орнына ауысады. Жер жыртудың мұндай схемасы плугтың алдыңғы жағына орналасқан корпус арқылы жүзеге асады, өйткені ол топырақтың жоғарғы қабатын аударып үшінші қабатқа түсіреді.

Аддыңғы корпустан кейін орналасқан корпус оған қарағанда оңға қарай орнатылғандықтан топырақтың үшінші қабатын оның үстінде жатқан бірінші қабатпен қоса көтереді де, оларды аудармастан бір шетке қарай жылжытады. Осымен бір мезгілде плугтың арт жағында орналасқан корпус, оның алдындағы ұзын қайырмалы корпус ашып кеткен борозда түбіне екінші қабатты аударып түсіреді. Ортаңғы корпустан жылжып шыққан үшінші мен бірінші қабат борозда түбіне түскен екінші қабатты жауып қалады.

Плугты екі корпусты плугпен жырту үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін.

Бірінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабаты жер бетіне салынады, ал екінші мен үшінші қабат өзара араластырылады. Ол үшін алдыңғы корпусқа ұзын қайырма орнатылады, ортаңғы корпустағы ұзын қайырманы қысқасымен салмастырады, ал корпустың өзін алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады, артқы корпусты алып тастайды.

Екінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабатын тереңге көмеді, ал төменгі екі қабаты аудармастан бір корпуспен жоғары көтереді. Мұндай технологиялық процесті орындау үшін артқы корпусты алып тастайды да, оның орнына алдыңғы корпусты орнатады, ортаңғы корпус орнында қалады. Мұндай екі корпуспен жер жырту схемасы жоғарғы қабаты кұрылымсыз топырақтар үшін қолданылады.

Үшінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабатын плантаждық типте жыртады. Бұл жағдайда артқы корпус алынады, ал ортаңғы корпусты алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады.

Плугты трактормен агрегеттағанда оның аспалы жүйесін екі нүктелі схемаға келтіреді. Жоғарғы және горизанталь аспа тартқыштарын шеткі оң жақтағы орынға бекітеді. Аспа механизмінің айқыш тартпалары берік болуы тиіс. Плугты асу үшін трактор аспасы горизанталь тартқыштарының шар тәрізді втулкалары өздеріне сәйкес цапфаларға дәл келетіндей етіп тракторды шегіндіреді. Содан кейін кезекпен шар тәрізді втулкалары цапфаларға кигізеді де оларды алмалы-салмалы штырьлармен бекітеді. Аспа механизмінің жоғарғы тартқышты плуг аспасының айқыш тартпасына штырьмен қосылып бекітіледі. Горизанталь тартқыштардың блокировкалайтын шынжырлары аз салбырайтындай, ал тасымалдау қалпында трактор гидроаспасынын, төменгі осін бекітітін бугель шпилькаларына гидроцилиндрден күш түспейтіндей етіп реттейді.

Бірінші борозданы салып жер жырту кезінде ортаңғы корпус 15-20 см тереңдікте болуы керек. Плугтың екінші жүрісінде корпустарды жыртудың берілген тереңдігінде жүретін етіп кояды. Плуг бір жағына тартпай, берілген бағыт бойынша бороздамен орнықты жүруге тиіс. Плугтың қисаюынан жырту тереңдігі біркелкі және борозда түбі тегіс болмауы мүмкін. Егер плуг рамасы осы жаққа еңкейіп жүрсе, онда трактор аспсының оң жақтағы төменгі тартқыш буынындағы айқыш тартпаны ұзарту, ал оңға еңкейсе, қысқарту керек. Трактор жылдамдығы 5,0 км/сағ, алым ені 40 см жырту тереңдігі 40 см болғанда плугтың өнімділігі 0,2 га/сағ.


Дәріс №11 Шағын тракторлар

«718» модельді шағын трактор. Бұл трактор тарту күші 2,0 кН болатын класқа жатады. Мұны Кутаисидің шағын тракторлар заводы шығарады. Мұнымен ауыл шаруашылығындағы өсімдік күтіп –баптау жұмыстарының барлығын жүргізе алады. Оған қосымша құрылыста да, комуналды шаруашылықта да қолданылады.

Шағын трактордың негізгі топтарына двигатель, трансмиссия, жүріс бөлігі, қуат алу білігі сияқты қондырғылар жатады. Олардың құрылысы мен жұмысы бізге алдыңғы бөлімдерден белгілі тракторлардан айырмашылығы жоқ десе де болады. Сондықтан да төменде тек солардың ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Трактор РД – 180 маркалы екі цилиндрлі төрт тактылы дизельді двигательмен жабдықталған. Оның негізгі сипаттамалары 1,3 – кестеде көрсетілген.

Трансмиссиясы ілінісу муфтасынан беріліс қорабынан алдыңғы және артқы жетек белдемесінен екі қуат алу білігінен тұрады. Ілінісу муфтасы бір дискалы, құрғақ. Беріліс қорабы алға қарай екі диапазонға бөлінген алты беріліс, артқа қарай үш беріліс жасайды. Алдыңғы және артқы жетекші белдемелерде жұдырықшалы муфталармен біріктірілген дифференциалдар орналасқан. Солардың көмегімен трактор тура жүрген кезіндегі дөңгелектердің тығылуын болдырмайды. Қуат алу біліктері екі режимді: 568 және 836 айналыс/ мин жасайды. Олардың екеуі де артқа шығарылған бірақ біреуі жерден 446 мм, ал екіншісі 516 мм биіктікте орналасқан. Олар іске беріліс қорабы арқылы қосылатындықтан одан тәуелді жұмыс бойынша алдыңғы қуат алу білігімен де жабдықталады. Жүріс бөлігі барлығыда жетекші төрт дөңгелектен және ортасынан сына алатын тұғырдан құралған. Ортасынан топса арқылы жалғасқан тұғырды червякті берілісі бар рульдік механизм басқарады. Осындай құрылған жүріс бөлігі тракторды шұғыл бұруға мүмкіндік береді. Ең аз бұрылу радиусы 1,8 м.
МТ – 14С шағын тракторы алдында айтылған «718» модельді шағын трактордың бір түрі болып табылады. Өйткені оның көптеген тораптары сол трактормен бірдей жасалған. Атап айтқанда двигателі трансмиссияның негізгі бөліктері және сол сияқты. Оның айырмашылығы тұғыры ортасынан сынатын емес, керісінше рамалы етіп жасалған. Жетекші бір ғана белдемесі бар. Екінші белдемесі басқарушы қызметін атқарады. Оның үстіне трактор агрегаттарын орналастыру да бөлекше жасалған. Бұл трактордың да көрсеткіштері 1,4 – кестеде келтірілді.

Т- 08 шағын тракторы Бұл трактор шағын тракторлардың жеңіл түріне жатады және тарту күші 2,0 кН болады. Мұны Харьковтың трактор завады щығарды. Двигателі үшін екі цилиндрлі карбюраторлы УД – 25 маркалы двигатель қолданылған. Трансмиссиясы бір дискалы құрғақ ілінісу муфтасынан шестернялары тұрақты тістесіп тұратын беріліс қорабынан екі сатылы басты берілістен және жандық редукторлардан құралады.

АМЖК – 8 шағын тракторы. Бұл тракторды Гомсельмаш заводы шығарды. Ол көбінесе мал шаруашылығында қолдануға арналған. Оның үстіне алдыңғы Т- 08 тракторының істеген жұмыстарын да істеі алады. Аталған тракторда УД – 25Г двигателі қолданылады.Жүріс бөлігі кәдімгі тракторлар сияқты алдыңғы басқаратын артқы жетекші дөңгелектерден тұрады. Ілінісу муфтасы құрғақ екі дискалы. Одан беріліс белдік арқылы беріліс қорабына жеткізіледі. Беріліс қорабы алға бес артқы екі беріліс жасайды. Басқа топтарында айтарлық ерекшелік жоқ.

МТ З -220шағын тракторы. Мұны Минскінің трактор заводы шығарды. Ол трактордың алдыңғы белдемесі басқаратын ал артқы белдемесі жетекші. РД – 180 двигателімен жабдықталған. Ілінісу муфтасы бір дискалы құрғақ тұрақты қосылып тұрады. Беріліс қорабы шестернялар тұрақты тістесіп тұратын екі еселегіші бар механикалық редуктор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет