Дәріс №13 Тракторлардың автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.
Тракторлар модификациясы.Тракторлардың автомобилдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.
Класы 6 кН тракторлардың негізгі базалық маркасының бәрі Т – 25А Владимировск трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды – қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға, мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған ( двигателі ауамен салқыдатылады). Металдан жасаған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар.
Осы кластағы трактордың мынандай модификациялары шығарылды және олардың базалық моделінен төмендегідей айырмашылықтары бар. Маркасы Т – 16 өздігінен жүретін шассилі Т – 16ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған, күн қағар тент қана орнатылған; Т – 25АЗ – кабинасының каркасы өте етіп жасалған; Т – 25Аl - жоғары клинерсті (ауырлық нүктесі қте төмен орналасқан); Т – 25МГ - тауда жүретін шассилі және оның тұлғасын автоматты түрде көлденең бағытта ұстап тұратын қондырғысы бар. Осы көрсетілген өзгерістен басқа механизмдері базалық модельдікімен бірдей.
Класы 9 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т – 40М, Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т – 25А тракторының двигателінікімен бірдей. Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылған және гидрофикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әртүрлі тиегіштермен жұмыс істей алады.
Бұл трактордың мынандай модификациялары шығарылады; Т – 40М – алдыңғы оське де жетекші дөңгелек орнатылғандықтан дөңгелек схемасы 4х4, оның өтімділігі арттырылған; Т – 40 АМ - төменгі клинерсті, көлбеулі беткейлердегі жұмысты атқаруға арналған; Т – 28х4 Ташкенттің трактор заводы шығарған мақта өсіру жұмыстарын орындайды.
14 кН класты тракторлардың екі түрлі базалық моделі бар. Біріншісі – МТЗ-80, 1974 жылдан бері Минск трактор заводынан шығады. Бұл трактор бұрын шығарылған МТЗ-50 тракторының өте жақсартылған моделі. Көптеген эксплуатациялық көрсеткіштері жөнінен МТЗ-80 тракторы шетелдердің ең таңдаулы тракторларымен сәйкес келеді. Оның бір өзі 20 түрлі машинамен жұмыс істей алатындығының өзі-ақ трактордың артықшылығын дәлелдейді.
МТЗ-80 тракторы универсалды – қатараралық және ауыл шарушылығында кездесетін жұмыстардың барлығын да атқара алады десе де болады. Оның мына төмендегідей модификациясы шығарылады. МТЗ-82 өтімділігі жоғары, дөңгелек схемасы 4х4, алдыңғы оське қозғалыс автоматты түрде беріледі,екі доңғалақ аралығында жоғары үйкелісті, өздігінен біріктірілетін дифференциал қойылған; МТЗ-82Н төменгі клинерсті; МТЗ-82К көлбеулігі 20º беткейдегі жұмыстар үшін; МТЗ-82Р күріш өсіру жұмыстары үшін; МТЗ-82Х мақта өсіру жұмыстары үшін пайдаланылады.
Бұл кластың екінші базалық моделі ЮМЗ-6Л. Оны Днепропетровск қаласындағы оңтүстік механикалық завод шығарады және универсалды-қатараралық жұмыстарға арналған. Бұл трактор МТЗ-80 тракторы орындайтын жұмыстардың көпшілігіне жарай береді, тек двигатель қуаты 45квт қана болғандықтан өнімділігі одан төмендеу болып келеді.
Класы 20 кН тракторының Т-70С маркасы шығарылады. Мұны Кишинев трактор заводы негізінен қант қызылшасы плантациясының жұмыстарын атқаруға арнап 1975 жылдан бастап шығарып келеді. Бұл бұрынғы қуаты аз Т – 54С, Т-38М тракторларының орнына қолданылады және оларға қарағанда өнімділігі 27 % артық. Осы кластағы тракторлардың екеуі де шынжыр табанымен жабдықталған.
Осы трактордың ДТ – 75М моделін Павлодардың трактор заводы шығарады. Оған қуаты 66 квт болатын А-41 двигателі қойылған. Соның есебінен бұл модификацияның өнімділігі ДТ-75-ке қарағанда 11% артық. Келешекте осы модельді жақсартып, двигатель қуаты 90 квт ДТ-75МН моделі шығарылмақ.
30 кН класындағы трактордың негізгісіне Т-150 К дөңгелекті тракторы жатады. Оған трубокомпрессоры бар двигатель қойылып, оның қуаты 120 квт дейін жеткізілген. Жалпы агрегаттарының орналасуы басқа тракторларға қарағанда өзгеше. Өйткені, оған ортасынан топсамен жалғастырылған жартылай рамалар қолданылғандықтан , оның құрылысына едәуір өзгешеліктер енген. Осыған қосымша трансмиссиясында жылдамдық берілісін тракторды тоқтатпай –ақ алмастыратын беріліс қорабы бар.
Т-150К тракторының мынандай модификациялары жасалады; Т- 150КМ, двигатель қуаты 150 квт. жеткізілген; Т- 157 – орман шарушылығы үшін қарағай таситын түрі; Т – 158 өндірістегі жалпы жұмысқа арналған.
Харьков трактор заводының тағы бір негізгі өніміне Т - 150 маркалы шынжыр табанды трактор жатады. Оның да көптеген өзгешеліктері бар. Негізгі өзгешеліктеріне әрбір шынжыр табанға двигатель қуатын жеке-жеке жеткізетіндігін жатқызуға болады. Ол үшін екі ағынды беріліс қорабы орнатылған . Осындай өзгешеліктің нәтижесінде тракторды бұратын механизм мүлде қарапайым етіп жасалған, яғни тракторды бұру үшін беріліс қорабындағы бір білікті тоқтатса болғаны.
Класты 40 кН тракторының негізгі базалық моделі жалпы жұмысқа арналған Т- 4А маркасы. Оны Алтай трактор заводы (Рубцовск қаласы) шығарады. Айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Т – 4АП – 1 модификациясы өңдірістегі жұмыстарға арналған; ТТ – 4 орман шарушылығында қарағай тасу, ал ВТМ – 4 қарағайды жығу, тасу жұмыстарын орындайды; ТМЛ – 110 (ТЛМ – 4) мелиоротивтік меншікті қысымы 2 н/ см² шамасына дейін азайтылған.
Класы 50 кН тракторларындағы негізгі базалық модельдер ауыл шаруашылығына , ал модификациялары өңдіріске арналған. Негізгі базалық моделіне Ленинградтағы Киров атындағы трактор заводы шығаратын, жалпы жұмысқа арналған, өңделетіндер ауданы үлкен шаруашылықтар үшін қолданылатын дөңгелекті тракторлардың К – 700А және К – 701 маркалары жатады.
К – 700 А маркасында 8 цилиндірлі , трубокомпрессорлы, қуаты 150 квт. двигатель орнатылған, ал К – 701 маркасына 12 цилиндірлі, қуаты 220 квт трубокомпрессорлы жоқ двигатель қойылған. Олардың да құрылысына басқа кластағы тракторларға қарағанда көптеген техникалық жаңалықтар енгізген. Негізгісіне жүріп келе жатқан жылдамдықты алмастыратын қораппен өздігінен біріктірілетін дөңгелек аралық дифференциалды жатқызуға болады. К – 702 модификациясы өңдірістегі жалпы жұмысқа , ал К – 703 орман шарушылығына арналған. Бұл класс бойынша двигатель қуаты 370 квт жеткізілген , К – 710 маркасы келешекте шығарылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |