Дәріс №5. Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.
Трактордың жалпы құрылысы.
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.
Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады.
Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады.
Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді.
Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі.
Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады.
Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.
Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады.
Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.
Дәріс №13,14
Трактордың элоктро техникалық жабдықтары
Тракторлар автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.
Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.
Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады.
Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды.
Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.
Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады.
Аккумулятор
Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды-қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды.
Аккумуляторларды машиналарда пайдалану үшін олардың бірнешеуін біріктіріп, бір батареяға жинақтайды. Сол батареядағы аккумулятор санына қарай электр кернеуін тиісті шамаға жеткізеді. Автомобильдерде қолданылатын электр құралдары мен машиналары 12В кернеуге есептелген. Сондықтанда аккумуляторлық батареяның кернеуін 12В етіп жасайды, яғни бір батареяда алты аккумулятор болады.
Әрбір аккумулятор бөлек ыдысқа жасалады. Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының ерітіндісі құйылады. Ерітіндіге оң және сол зарядты пластиналарды бір пакетке жинайды да, олардың аралықтарын ажыратып тұратын сеператорлар қойылады.
Аккумулятордың оң мен сол зарядты пластиналарын жасау үшін алдымен сурьма (6-8%) қосылған қорғасыннан тор тәрізді етіп, қанқасын құяды. Қаңқаның ішін қорғасын тотығының ұнтағымен (активтік масса) толтырады. Толық зарядталған аккумулятордың оң пластинасы қара қоңыр түсті қорғасыннан түзіледі.
Аккумуляторлық батареяның негізгі көрсеткіштеріне электрлік кернеуі мен сиымдылығы жатады. Электр кернеуі жоғарыда айтылған аккумулятор санына байланысты. Ал сиымдылығы деп толық зарядталған батареяның белгілі бір шекке дейін берген тогын айтады және ол ампер-сағатпен өлшенеді. Сиымдылықтың екі түрі болады: біріншісі – қалыпты, екіншісі – стартерлік сыйымдылық.
Қалыпты сыйымдылық пен аккумулятордың кернеуі 1,7В болғанға дейін 10 сағат бойы шығарған тоғын айтады. Стартерлік сыйымдылық деп ток күші қалыпты сыйымдылықтан үш есе көп ток шығаруын айтады.
Аккумуляторлық батареяларды белгілі тәртіппен, жүйелі ретпен маркалайды. Маркасында көрсетілген бірінші сан осы батареядағы аккумулятор санын көрсетеді. Сол арқылы батареяның кернеуін табуға болады. Содан кейінгі әріптер батареяның түрін көрсетеді (Т-трактордікі, СТ-стартерлік). Әріптен кейінгі сандар батареяның қалыпты сыйымдылығын ампер-сағатпен көрсетеді. Соңында көрсетілген әріптер ыдыстың материалын (Э-эбонит, П-қышқылға тұрақты қосалқысы бар асфальтті масса, В-қосалқысы жоқ асфальтті масса),сператордың материалын (М – мипласт, МС – әйнек аралас мипласт, Р – мипор) көрсетеді.
Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының қышқылды және сілтілі түрлері, ал құрылысы бойынша ашық немесе жабық түрлері болады.
Ашық батареяларда электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады.
Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.
Аккумулятордың қызметі электр энеогиясымен химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.
Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.
Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиынтығы орналасқан.
Бананы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен (6) жабады. Құятын тесік тығынмен (5) жабылады. Тығында аккумулятор қуысын сыртқы атмосферамен жалғастырып тұратын желдеткіш тесікбар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың сыртқа шығуы үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |