Білім және ғылым



бет52/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   146
5.3-сурет. Полимердегі кристалдық құрылымдардың түрлері. а-кристаллит, б- фибрилла, в- радиалды сферолиттер, г- сақиналы сферолиттер



      1. Аморфты полимерлер

Аморфты полимерлерде бергі реттіліктің болатынын жоғарыда келтірдік. Сонымен қатар полимердің аморфты күйінде ешқандай реттілік болмайды деп қарастырмау керек, себебі аморфты күйде белгілі бір реттіліктің барын кейбір факторлар дәлелдейді:



  1. Аморфты және кристалды полимерлердің тығыздықтарының мәндері бір-біріне жақын. Мысалы, идеал түрдегі кристалдық полиэтиленнің тығыздығы 1000 кг/м3, ал аморфты− 800 кг/м3. Егер аморфты полимерде ретті аймақтар болмаса, оның тығыздығы түгелдей кристалды полимермен салыстырғанда едәуір төмен болар еді.

  2. Полимердің кристалдану жылдамдықтарының жоғары болуы. Егер аморфты полимерлерде ретті құрылымдар болмаса, кристалдану жылдамдығы біршама жоғары болар еді.

  3. Әртүрлі физика-химиялық әдістермен (электрондық микро- скопия, рентген сәулелерінің және нейтрондардың дифракциясы) аморфты полимерлерде белгілі бір аймақта буындардың орна- ласуында бергі реттілік бар екендігі көрсетілді.

Жоғарыда келтірілген тұжырымдардың нәтижесінде Иея аморфты полимерлер үшін мынадай модуль ұсынды (5.4-сурет):
− аморфты полимерлерде ретті аймақтар бар, оны домендер дейді, мөлшері 30-100Å. Домендерде полимер тізбегі параллель орналасып, қатпарлы конформация түзеді. Домендердің реттілік дәрежесі, мөлшері, саны және өзара орналасуы полимерлерді салқындатқандағы жағдайларға байланысты;
− домендер бір-бірімен өтпелі тізбектер арқылы байланысқан. Сондықтан кейбір макромолекулалар бірнеше домендердің құрамына кіреді де, үш өлшемді құрылым түзуі мүмкін;



5.4-сурет. Аморфты полимердің құрылым моделі: 1-ретті домен; 2-доменаралық кеңістік; 3-өтпелі макромолекулалар

– домендердің арасында доменаралық аймақтар бар. Мұнда негізінен тізбектердің соңы, өтпелі тізбектер, молекулалық массасы төмен молекулалар бар;


домендер бір-бірімен қосылып, доменнен ірі құрылым түзуі мүмкін.
Аморфты полимерлердің ретті құрылым түзуі блок-сополимер- лерде дәлелденген және мұндай құрылымдар полимерлердің физика- механикалық қасиеттеріне едәуір ықпал етеді.



      1. Полимерлердің бағдарланған күйлері

Полимердің бағдарланған күйі дегеніміз макромолекула мен макромолекуладан ірі құрылым осьтерінің бағдарлану осі бойынша орналасуы. Полимерлер мұндай күйінде анизотропиялық қасиетке ие, яғни олардың қасиеттері барлық бағытта бірдей болмайды. Сондық- тан бағдарланған полимерлерден алынған талшықтар бағдарлану осі бағытында өте берік болады. Бағдарланған полимерлер табиғатта жиі таралған: мақта, зығыр талшықтары, жүн және т.б.


Бағдарланған синтетикалық полимерлерді оларды синтездеу барысында алуға болады. Мысалы, қатты фазада полимерлеу, мұнда мономер монокристалл пішінінде болады; сұйық полюсті мономерді тұрақты электр өрісінде полимерлеу.
Өнеркәсіпте полимерлерді бағдарлаудың екі тәсілі қолданылады: бір және екі бағытта созу. Бағдарланған созуды жүргізу үшін поли-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет