Білім және ғылым


Сұйықкристалды термотропты полимерлер



бет112/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Сұйықкристалды термотропты полимерлер. Барлық термо- троптық полимерлер мезогенді топтардың орналасу сипатына байланысты екі үлкен топқа: мезогенді топтары негізгі тізбекте орналасқан және бүйірлі тізбекте орналасқан СК полимерлерге бөлінеді.
Мезогенді топтары негізгі тізбекте орналасқан сызықты полимерлер. Әдетте, негізгі тізбекте мезогенді топтары бар термотропты СК полимерлерді:
а) қатаң (мезогенді) (1) және иілгіш (2) үзінділерден тұратын әртүрлі бифункционалды қосылыстардың поликонденсациялануы арқылы;
б) әртүрлі ароматты бифункционалды қосылыстардың сополикон- денсациялануы арқылы алынады.
а) поликонденсация






б) сополиконденсация
мұндағы А, В және С функционалды топтар.
Көрсетілген а және б әдістерінің ең тиімдісі болып, (7.1-сурет, д, е, ж) суреттерге сәйкес тізбектің сызықты құрылысын жою қызметін атқаратын бифункционалдық қосылысты бір бөлігі етіп қолдану әдісі. Симметриялық емес топтар (в), топса атомдар (б) және көлемді орынбасарлары (а) бар үзбе-жойғыштардың мысалдары төменде келтірілген:
а б в
O

O O X OC


X= O, S, C=O


Мезогенді топтары бүйірде орналасқан тарақ түріндегі СК полимерлер. Аталмыш топтағы СК полимерлерді алу принциптері (7.3- сурет):
а) СК (мезогенді) топтары бар мономерлерді синтез жасау арқылы және осыдан кейін оларды мезогенді немесе мезогенді емес қосылыстармен гомополимерлену немесе сополимерлену арқылы;
б) төменгі молекулалық сұйық кристалдар молекулаларын полимерлі тізбекке қосу (біріктіру) арқылы. Екінші көрсетілген жағдайда полимер мен мезогенді молекула үшін құрамдарында әрекеттесуге қабілеті бар функционалды топтар (А және В) болуы шарт. Ал жағдайлардың екеуіне де қатысты шарт: негізгі және бүйірдегі топтарды бөлетін «спейсер» болуы кажет.
Төменде таяқша тәрізді мезогенді топтардың мысалдары келтіріледі:

7.3-сурет. Тарақ тәрізді СҚ полимерлер алу сызбанұсқасы



Сондай-ақ, мезогенді топтар дөңгелек-диск тәрізді болуы мүмкін. Макромолекуланың негізгі тізбегі ретінде полиакрил, поливинил, полисилоксанды, ал иілгіш спейсер ретінде алифатты немесе оксиалифатты үзінділерді алуға болады.
Жоғарыда көрсетілген әдістерді қолдану арқылы қазіргі заманда бірнеше мың әртүрлі, әр текті құрылысы бар СК полимерлер синтезі жүзеге асырылған (7.2-сурет). Белгілі болып тұрған “таза сызықты” және “таза тарақты” бұтақтанған макромолекулалардан (7.2 а,б-сурет) басқа құрылысында жұпты мезогені бар СК полимерлердің алуан түрі табылған (7.2, в-сурет), бүйір тізбектерге байланыстырылған мезогенді топтары бар (7.2 г-сурет), дөңгелек жүзді (7.2 д-сурет) және айқасқан түрлі үзінділері бар макромолекулалар болуы мүмкін. Макромолекула ішінде әртүрлі мезогенді топтардың алмасуы мүмкін (7.2е,к-сурет). Мезогенді және мезогенді емес үзінділерінің әртүрлі қиыстыруларынан тұратын макромолекулалардан жасалған СК полимерлерге синтез жасау мүмкіндігі жаңа СК полимерлі қосылыстардың молекулалық құрастырылуына үлкен мүмкіншіліктер береді.
Мезогенді және мезогенді емес топтар құрамына енгізілген макромолекулалар белгілі бір функционалдық қасиеттерге ие болуы мүмкін. Бұл мүмкіншіліктер СК материалдарды тәжірибеде қолдану салаларын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет