Білім және ғылым


СК полимерлердің құрылымы мен қасиеттерінің ерекшелігі



бет113/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

СК полимерлердің құрылымы мен қасиеттерінің ерекшелігі. СК полимерлер мезофазалары төменгі молекулалық сұйық кристал- дар секілді құрылымдық түрлерді (типтерді) құрайды: өздеріне тән мезогенді үзінділерінің орналасуымен сипатталатын нематик (N), смектик (S) және холестерик (Сһ). Бағытталу тәртібі нематиктерде (7.4 а-сурет), қабаттық тәртібі смектиктерде (7.4 б-сурет). Оптикалық белсенді полимерлерден пайда болатын холестерикалық фазада



7.4-сурет. Мезогенді топтары негізгі және бүйір тізбекте орналасқан нематикалық (а), смектикалық (б) және холестерикалық (в) СК полимерлерде молекулалардың орналасуы (Р – холестерикалық құрылымды спираль қадамы)


холестериктердің ерекше оптикалық қасиеттерін анықтайтын спираль тәрізді құрылымы пайда болады (7.4 в-сурет).
СК полимерлердің басты ерекшілігі − олардың екі табиғаттылығы. Бірі материалда жоғары молекулалық қосылыстардың (қабыршақ, талшық, қаптамалар жасауға қабілеті) және қасиеттері сұйық кристалдардың мезоморфты бірегей қасиеттерін өзінде біріктіру, яғни оларға ие болуы. Екіншісі анықталған жағдайда СК полимерлер қасиеттерінің екі табиғаттығы ерекше сипаттамаға ие болады.
СК термотроптық полимерлер температурасы балқу темпера- турасынан (Тб) немесе шынылану температурасынан (Тш) жоғары болған жағдайда, СК полимерлер күйіне өтуі мүмкін (егер бастапқы полимер кристалданбаса). Бұл температуралар СК фаза пайда болуының төменгі шекарасына сәйкес, ал жоғары шекарасы болып мөлдірлену температурасы Тм болады. Осы температурадан жоғары болған жағдайда полимер изотроптық балқымаға айналады. Тш (немесе Тб) – Тм дәл температура көрсеткіштерінің аралығында СК полимердің мезогенді үзінділері өздігінен ұйымдастырылып, полимердің молекулалық массасына және молекулалық құрылымына сәйкес мезофазаның белгілі бір құрылымдық үлгісін (N, S, Сһ) құрайды.
Ерітінділерде пайда болатын лиотроптық СК полимерлер жайында айтсақ, мезогенді белгілі бір құрылымдық үлгісі температура көрсеткіштерінің және ерітіндідегі полимердің концентрациясы дәлме-дәл белгіленген жағдайда пайда болады. Әдетте осы жағдай
лиотропты СК полимерлердің диаграммаларын зерттеу барысында өте жақсы көрінеді.
СК полмерлерді пайдалану салалары олардың жоғары реттелген СК құрылымына негізделген. Сыртқы әсерлердің әртүрлі әдісі арқылы қатты дененің белгілі бір бағытталған құрылысын алдын ала СК кезеңде белгілеп алып, полимер құрылысын оп -оңай басқаруға болады.
СК полимерлердің қасиеттері мен басқару мүмкіндігіне негіздел- ген маңызды мысалдарды қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет