Білім және ғылым



бет114/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   146
Электр өрісімен басқару әдісі жұқа қабыршақты оптикалық материалдар алу мүмкіндігі. Төменгі молекулалық сұйық кристал- дардың бағытталынуы үшін әдетте пайдаланылатын электр (немесе магниттік) өрісін қолдану арқылы мезогенді топтарды қажетті бағытта бағдарлануға мәжбүр етіп, мезофазалы СК полимерлер құрылымын басқаруға болады. Мезогенді топтардың бағдарлану типі бұл жағдайда диэлектрлік өтімділік анизотропиясының шама көрсеткішімен анықталады:
  11  
Мұндағы ε11 және ε1− мезогенді топтардың ұзын біліктерінің параллелді (||) және перпендикулярлы () бағытталуында өлшенген диэлектрлік тұрақтылары.
ε > 0 болған жағдайда мезогендердің ұзын біліктері электр өрісін жағалай, ал ∆ε<0 болған жағдайда оған перпендикулярлы орналасады.
7.5-суретте электр өрісінің әсері арқылы екі мөлдір шыны тілігі арасына орналастырылған нематикалық тарақ түріндегі полимер- лердің (∆ε > 0) орналасу (бағытталу) үдерісі көрсетілген.
Полимерлі қабыршақтан өткен (7.5-сурет) мезогенді топтардың поляризацияланған жарықтың интенсивтілігінің J өзгеруіне байланысты, мезогенді топтардың бағытталу үдерісінің кинетикасын қарастырсақ мынандай жағдайларды байқауымызға болады:
Тез арада таралатын көмескі жарық үлгісі бірте-бірте полимерді суыту және электр өрісін өшіру арқылы қатырылып, мөлдір қабыршыққа айналады. 7.5-суретте көрсетілген мезогенді топтар ұясының сыртына перпендикулярлы бағытталған құрылым гомео- троптық деп аталады. Ал СК полимердің диэлектрлік тұрақтыларының теріс анизотропиясын пайдаланған жағдайда мезогенді топтардың мүлдем басқаша бағытталу түріне қол жеткіземіз. Олардың ұзын

7.5-сурет. Нематикалық СК полимердің электр өрісінде бағытталуы
біліктері (ось) шыны-электродтар сыртында жағалай орналасады. Бұл планарлы құрылым деп аталады.
Осындай жоғары ұйымдастырылған қабыршақтар қатты опти- калық элементтер болып саналады. Олар жоғары оптикалық анизотропиясымен (сәуле сынуының екіжақтылылығы n = 0,2 - 0,3) сипатталады және олардан фазалы тілік (табақша), фазалы линзалар, поляроидтар және басқа да жұқа қабыршақты оптикалық материалдар алуға болады.
Сонымен қатар, СК полимерлер көп қабатты жұқа қабыршақты материалдар, басқарылатын ақпарат жазылып алынуға арналған оптикалық белсенді орта, беріктігі өте жоғары талшықтар алуға мүмкіндік береді. СК ароматты полиэфир талшықтар беріктігінен басқа радиацияға, бейорганикалық қышқылдарға және органикалық еріткіштерге төзімді.
Жоғары механикалық көрсеткіштері, термотұрақтылығы, қайта өңдеуге қолайлылығы СК полимерлері құрылыстық және армирлен- ген материалдар ретінде, электронды радиотехникалық өндірісте, ұшақ және ғарыш техникасында, өрттен қорғайтын және де басқа полимерлі материалдар алу үшін пайдаланылады.
Барлық қарастырылған жағдайларға сүйене отырып, СК полимер- лердің ғылыми және практикалық салаға белсенді кіріп жатқанын айтуымызға болады. Лиотропты және термотропты жүйелерден алынатын СК сызықты полимерлердің өндірісі қазіргі кезде жүздеген тоннаға жетіп отыр. Болашақта тарақ түріндегі полимерлер өндірісін дамыту қолға алынады. Қазіргі уақытта, осы саладағы білімді жинау, дамыту байқалады. Бұл, әрине, біздің СК қосылыстар туралы білімімізді кеңейтеді және жаңа полимерлі материалдар жасауға мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет