Білім және ғылым



бет15/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Атауы

Құрылым формуласы

1

2

І. Винилді қосылыстар

Акриламид Акрил қышқылы Акрилонитрил
Бромтрифторэтилен Бутилакрилат
а – цианометилакрилат Метакрил қышқылы Метакрилонитрил Метилметакрилат
a – метилстирол Стирол Нитроэтилен Тетрафторэтилен Винилацетат Винилкарбозол Винилхлорид Винилэтил эфирі Винилэтилкетон 2-Винилпиридин
Винилиденхлорид

CH2 = CHCONH2 CH2 = CHCOOH CH2 = CHCN CF2 = CFBr
CH2 = CHCOOC4H9 CH2= C (CN) COOCH3
CH2= C (CH3) COOH
CH2= C (CH3)CN
CH2 = C (CH3) COOCH3 CH2= C (CH3) C6 H5 CH2=CHC6H5
CH2= CHNO2 CH2= CF2
CH2= CHOCOCH3
CH2= CH (C12 H8 N)
CH2= CHCI CH2= CHOC2H5
CH2=CHCOC2H5
CH2= CH (C5H4N)
CH2= CCI2

ІІ. Аллилді қосылыстар

Аллилацетат Аллил спирті Аллилхлорид

CH2= CHCH2OCOCH3 CH2= CH – CH2OH CH2= CH – CH2 CI

1

2

ІІІ. Олефиндер

Этилен Пропилен Изобутилен

CH2= CH2 CH2=CHCH3 CH2= C (CH3)2

ІV. Диендер

1,3 – Бутадиен Хлоропрен Изопрен

CH2= CH – CH =CH2 CH2= CH – CCI = CH2 CH2=C(CH3) – CH = CH2

Фотохимиялық иницирлеу. Бұл әдіс лабораториялық тәжірибеде кең қолданылады. Мұнда мономер жарық сәулесінің квант энергия- сын бойына жұтып, мономер молекуласы қозған күйге көшеді, содан соң гомолитикалық ыдырап, еркін радикалдар түзеді:
M + hν M* R ˙ + R ˙
1 2

мұндағы М* – қозған мономер молекуласы.
Активті орталықтар квант энергиясының тікелей жұтылуынан пай- да болатындықтан, фотополимерлену басқа әдістермен салыстырғанда төмен температурада жүреді. Мысалы, винилацетат ультракүлгін сәуленің әсерінен – 350 С -та полимерлене алады, ал жай қыздырғанда сәйкес инициатор болмаса, ол өздігінен полимерленбейді.
Егер мономер УФ-сәулелерінің әсерінен қозған күйге көшпесе фотосенсибилизаторлар қолданылады. Квант сәулесінің әсерінен фотосенсибилизаторлар оңай ыдырап, радикалдар түзеді. Бұл мақсатта бензофенон және кейбір бояулар (эозин, флуоресцеин) жиі қолданылады.
Радиациялық иницирлеу. Мұнда еркін радикалдар иондаушы радиоактивтік сәулелердің (γ- және рентген сәулелері) әсерінен пайда болады:
M M+ + e- M* R1 + R2
Химиялық иницирлеу. Ең көп тараған иницирлеу әдісінде, арнаулы химиялық қосылыстар, инициаторлар (ұйытқылар) қолданылады. Инициаторлар мономер ортасында аздап қыздырғанда радикалдар түзеді. Инициатор ретінде әр түрлі пероксидтер және азоқосылыстар пайдаланылады. Мысалы, бензоил пероксиді қыздырғанда мына сызбанұсқамен ыдырайды:

Азоқосылыстар ішінде инициатор ретінде көп тарағаны 2,2 – азобисизобутиронитрил (АИБН):


CH3 CH3 CH3
CH3 - C - N = N - C - CH3 2CH3 - C + 2N2 CN CN CN
Инициаторларды іріктеу, олардың ыдырау температурасына негізделген. Мысалы, АИБН – 500 – 700 С-та, бензоил пероксиді 600-900 С-та, третбутил пероксиді 1200-1400 С-та қолданылады. Иницирлеудің активтену энергиясы, әдетте, оның ыдыраған кездегі байланыс энергиясына жақын, шамамен 105-175 кДж/моль аралығында. Көп қолданылатын инициаторлар 3.2-кестеде келтірілген.
Тотығу-тотықсыздану арқылы иницирлеу. Радикалдық полимерленуді бөлме немесе одан төмен температурада иницирлеу үшін тотығу-тотықсыздану жүйесін қолданады. Тотығу-тотықсыз- дану реакциясын мономер бар ортада жүргізеді. Мысал ретінде сутегі пероксиді мен екі валентті темір ионының арасындағы әрекеттесуді көрсетуге болады:
Fe2+ + H2O2 Fe3+ + OH- + HO
Түзілген HO радикалы мономер молекуласымен қосылып, радикалдық полимерленуді ұйытқылайды. Осы сияқты суда еритін заттардан басқа органикалық еріткіштерде еритін тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш жұбын таңдап алуға болады. Реакция органи- калық ортада жүреді, оған бензоил пероксиді мен метилаланин арасындағы реакция мысал бола алады:

H3C-NH + C6H5 - C - O - O -C - C6H5


C6H5 O O


C6H5 - C - O + CH3N + C6H5COOH


O C6H5
Тотықсыздандырғыш ретінде сульфидтер, тиосульфаттар және оксиқышқылдар да қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет