Фотохимиялықиницирлеу.Бұл әдіс лабораториялық тәжірибеде кең қолданылады. Мұнда мономер жарық сәулесінің квант энергия- сын бойына жұтып, мономер молекуласы қозған күйге көшеді, содан соң гомолитикалық ыдырап, еркін радикалдар түзеді:
M + hν M* R ˙ + R ˙ 1 2
мұндағы М*– қозған мономер молекуласы.
Активті орталықтар квант энергиясының тікелей жұтылуынан пай- да болатындықтан, фотополимерлену басқа әдістермен салыстырғанда төмен температурада жүреді. Мысалы, винилацетат ультракүлгін сәуленің әсерінен – 350С -та полимерлене алады, ал жай қыздырғанда сәйкес инициатор болмаса, ол өздігінен полимерленбейді.
Егер мономер УФ-сәулелерінің әсерінен қозған күйге көшпесе фотосенсибилизаторлар қолданылады. Квант сәулесінің әсерінен фотосенсибилизаторлар оңай ыдырап, радикалдар түзеді. Бұл мақсатта бензофенон және кейбір бояулар (эозин, флуоресцеин) жиі қолданылады.
Радиациялық иницирлеу. Мұнда еркін радикалдар иондаушы радиоактивтік сәулелердің (γ-және рентген сәулелері) әсерінен пайда болады:
M M+ + e-M*R1+R2 Химиялықиницирлеу. Ең көп тараған иницирлеу әдісінде, арнаулы химиялық қосылыстар, инициаторлар (ұйытқылар) қолданылады. Инициаторлар мономер ортасында аздап қыздырғанда радикалдар түзеді. Инициатор ретінде әр түрлі пероксидтер және азоқосылыстар пайдаланылады. Мысалы, бензоил пероксиді қыздырғанда мына сызбанұсқамен ыдырайды:
Азоқосылыстар ішінде инициатор ретінде көп тарағаны 2,2 – азобисизобутиронитрил (АИБН):
CH3 CH3 CH3 CH3 - C - N = N - C - CH3 2CH3- C + 2N2CN CN CN
Инициаторларды іріктеу, олардың ыдырау температурасына негізделген. Мысалы, АИБН – 500– 700С-та, бензоил пероксиді 600-900С-та, третбутил пероксиді 1200-1400С-та қолданылады. Иницирлеудің активтену энергиясы, әдетте, оның ыдыраған кездегі байланыс энергиясына жақын, шамамен 105-175 кДж/моль аралығында. Көп қолданылатын инициаторлар 3.2-кестеде келтірілген.
Тотығу-тотықсыздануарқылыиницирлеу. Радикалдық полимерленуді бөлме немесе одан төмен температурада иницирлеу үшін тотығу-тотықсыздану жүйесін қолданады. Тотығу-тотықсыз- дану реакциясын мономер бар ортада жүргізеді. Мысал ретінде сутегі пероксиді мен екі валентті темір ионының арасындағы әрекеттесуді көрсетуге болады:
Fe2++ H2O2 Fe3++ OH-+ HO
Түзілген HO●радикалы мономер молекуласымен қосылып, радикалдық полимерленуді ұйытқылайды. Осы сияқты суда еритін заттардан басқа органикалық еріткіштерде еритін тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш жұбын таңдап алуға болады. Реакция органи- калық ортада жүреді, оған бензоил пероксиді мен метилаланин арасындағы реакция мысал бола алады:
H3C-NH + C6H5- C - O - O -C - C6H5
C6H5 O O
C6H5- C - O + CH3N + C6H5COOH
O C6H5 Тотықсыздандырғыш ретінде сульфидтер, тиосульфаттар және оксиқышқылдар да қолданылады.