Радикалдық полимерленудің кинетикасы мен механизмі
Радикалдық полимерлену химиялық тізбекті реакциялар сияқты үш қарапайым реакциядан тұрады, яғни иницирлеу, тізбектің өсуі және тізбектің үзілуі.
Иницирлеу. Инициатор ыдырағанда пайда болған біріншілік радикал мономермен әрекеттесіп, өсу радикалына айналады. Бұл реакцияның жылдамдығы біріншілік радикал түзілетін реакцияның жылдамдығынан жоғары. Сондықтан соңғы реакция иницирлеу реакциясының жылдамдығын анықтайды.
–кесте. Радикалды полимерленудегі маңызды инициаторлар
Инициатор
|
Еыдырау КДж/ моль
|
Аыдырау, с-1
|
Температура,
0С, үшін
1/2
|
0,1
сағ.
|
1
сағ.
|
10
сағ.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Бис (2-этилгексил)пероксидикарбонат
O O
3HC (CH2)3 CH CH2 O C O O C CH2 CH (CH2)3 CH3 C2H5 C2H5
|
122,45
|
1,831015
|
83
|
64
|
47
|
Лаурил пероксиді
O O
3HC (CH2)10 O C O O C (CH2)10 CH3
|
123,37
|
3,921014
|
99
|
79
|
61
|
2,2’-Азобис(изобутиронитрил)
CH3 CH3
H3C C N N C CH3 CN CN
|
130,23
|
2,891015
|
101
|
82
|
64
|
Бензоил пероксиді
O O
C O O C
|
122,35
|
6,941013
|
113
|
91
|
71
|
Трет-Бутил пероксибензоат
O CH3
C O O C CH3
CH3
|
151,59
|
2,231016
|
142
|
122
|
103
|
Кумол пероксиді
CH3 CH3
C O O C
CH3 CH3
|
152,67
|
9,241015
|
153
|
132
|
112
|
Ди-трет-бутил пероксид
CH3 CH3
H3C C O O C CH3 CH3 CH3
|
153,46
|
4,201015
|
164
|
141
|
121
|
Трет-Бутил гидропероксид
CH3
H3C C OOH CH3
|
-
|
-
|
231
|
199
|
171
|
Дициклогексилпероксидикарбонат
O O O C O O C O
|
123,88
|
9,141015
|
73
|
56
|
40
|
Кумил гидропероксиді
CH3
C O O H CH3
|
-
|
-
|
253
|
193
|
159
|
3,4-диметил -3,4-дифенилгексан
C2H5 C2H5 C C
CH3 CH3
|
180,32
|
1,451015
|
254
|
226
|
201
|
2,3-диметил -2,3-дифенилбутан
CH3 CH3 C C
CH3 CH3
|
230,19
|
7,341018
|
284
|
259
|
237
|
ku
R1 + CH2 = CHR R1 - CH2 - CHR
Инициатор [I] арқылы жүретін полимерлену реакцияларында иницирлеу жылдамдығы сол инициатордың ыдырау жылдамдығымен анықталады:
kbI
I 2 R1
Сонда иницирлеу реакциясының жылдамдығы былай жазылады:
Vu 2kы f
(3.1)
мұндағы [ I] – инициатор концентрациясы, kЫ – инициатордың ыдырау жылдамдық константасы, f – иницирлеу нәтижелігі, ku – иницирлеу реакциясының жылдамдық константасы. Бұл жерде ku ═ 2 kЫ f cондықтан:
Vи 2kи I
(3.2)
Иницирлеу нәтижелігі ( f) полимерленуге ұйытқы болған радикалдар санының жалпы түзілген радикалдар санына қатынасымен анықталады, көпшілік жүйелер үшін 0,5 < f >1,0 сақталады.
Тізбектің өсуі. Тізбектің өсуі иницирленудің нәтижесінде түзілген радикалдарға мономерлердің біртіндеп қосылуынан жүреді. Реакция кезінде мономердегі π және σ-байланыстарының энергиялары әртүрлі болғандықтан бұл реакция әрқашанда жылу бөлу арқылы жүреді.
R - CH 2 - CHX + CH 2 = CHX k o
R - CH2 - CHX - CH2 - CHX
R - CH 2 - CHX - CH 2 - CHX + CH 2 = CHX k o
●
R - CH 2 - CHX - CH 2 - CHX - CH 2 - CHX
R- (CH 2 - CHX) n - CH 2 - CHX + CH 2 = CHX k o
R - (CH 2 - CHX) n+1 - CH 2 - CHX
мұндағы kө- тізбектің өсу реакциясының жылдамдық константасы. Активтендіру энергиясының мөлшері 10-40 кДж/моль шамасында.
Тізбектің өсу жылдамдығының теңдеуін шығару үшін мынадай екі жорамал қабылданады, біріншіден, макрорадикалдардың концентрациясы [М ●] полимерлену басталғаннан кейін тез арада тұрақты шамаға жетеді де, онан соң өзгермейді, яғни стационар жағдайда болады, екіншіден, макрорадикалдардың реакциялық қабілеттігі олардың полимерлену дәрежесіне байланысты емес.
Әрекеттесуші массалар заңының теңдеуіне сүйене отырып, тізбектің өсу жылдамдығын мына түрде жазамыз:
V k M M
(3.3)
мұндағы [М ●] – өсіп келе жатқан барлық радикалдардың кон- центрациясы, [М] – мономердің концентрациясы.
Тізбектің өсу реакцияларының активтену энергиясы 12-40 кДж/ моль шамасында. Реакция жылдамдығының константасы мен активтену энергиясы негізінен мономердің табиғатына байланысты. Еріткіштер мономер молекуласымен және өсіп келе жатқан радикалдармен ерекше байланысқа бейім болса олар тізбектің өсу реакциясына әсер етеді.
Радикалдардың қос байланысты мономерлерге қосылу активтену энергиясын дәл кванттық-химиялық тәсілмен есептеу көп жағдайда қиын. Бірақ Эванс-Поляни-Семеновтың жартылай эмпирикалық ережесі арқылы көп жағдайларда олардың активтену энергиясын Ea бағалауға және оның бір типтік мономерлер қатарында өзгеруін
болжауға болады. Ереже бойынша E a қарапайым реакцияның жылу
эффектісімен Q былай байланысқан: E a=A-αQ, мұндағы А және α
– ұқсас қатарлар үшін тұрақты шама.
Мономерлердің радикалға қосылу реакциясының активтену энергиясы неғұрлым төмен болса, яғни мономер неғұрлым активтілеу болса, осы мономерден түзілген радикалдың қосарлану энергиясы соғұрлым жоғары болады. Керісінше, радикалдың қос байланысты мономерге қосылғандағы активтену энергиясы неғұрлым жоғары болса, яғни радикалдың реакцияласу қабілеті неғұрлым жоғарырақ болса, соғұрлым оның қосарлану энергиясы төмен болады. Демек, бір мономерлер қатарында мономерлердің және оларға сәйкес радикалдардың реакцияласу қабілеті антибатты өзгереді. Мысалы, төмендегідей орынбасарлары бар бірқатар винилді мономерлердің реакцияласу қабілеті солдан оңға қарай кемиді:
C 6H 5 > CH = CH 2 > COCH 3 > COOR >
Cl > OCOCH 3 > OR
Ал осы мономерлерге сәйкес радикалдардың реакцияласу қабілеті оңнан солға қарай төмендейді. Сондықтан неғұрлым мономердің реакцияласу қабілеті жоғары болса, тізбектің өсуінің активтену энергиясы соғұрлым жоғары, яғни соғұрлым оның радикалдық полимерлену реакциясының жылдамдығы төмен.
Тізбектің үзілуі. Үзілу реакциясы деп кинетикалық және материалдық тізбектің шектелу реакцияларын айтады. Тізбектің үзілуі
жүйедегі активті радикалдардың жойылып, олардың орнына активтігі төмен, мономер молекуласын өзіне қоса алмайтын радикалдардың пайда болуына әкеледі. Радикалдық полимерленуде тізбектің үзілуі негізінен өсіп келе жатқан екі радикалдың бір-бірімен әрекеттесуінен болады. Үзілу рекомбинациялану
~ CH2 - CHX + CH2 - CHX
kY
~ CH2 - CHX - CHX - CH2 ~
немесе диспропорциялану жолымен жүреді.
~ CH - CHX + ~ CH - CHX kY
2 2
~ CH2 - CH2X + ~ CH = CHX
мұндағы kү – үзілу реакциясы жылдамдығының константасы. Диспропорциялану кезінде бір радикалдың β – көміртегіндегі сутек атомы екінші радикалға ауысады. Соның нәтижесінде екі полимер молекуласы түзіледі, оның біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған тізбектен тұрады. Үзілу процесінде макрорадикалдың рекомбинациялану мен диспропорциялану реакциялары қатар жүруі де мүмкін.
Үзілу реакциясының активтену энергиясы негізінен радикалдың бір-біріне диффузиялануының активтену энергиясымен анықталады да 6 кДж/мольден аспайды. Тізбек өзінің кез келген өсу сатысында үзілуі мүмкін. Сондықтан полимерлену кезінде ұзындығы әртүрлі макромолекулалар түзіледі. Сол себептен синтетикалық полимерлер полимолекулалы келеді.
Үзілу реакциясы бимолекулалы болғандықтан, оның жылдамдығы радикалдар концентрациясының квадратына тура пропорционал:
V k M 2
(3.4)
Радикалдық полимерленуде келтірілген негізгі үш қарапайым реакциядан басқа тізбек беру реакциялары да жүреді. Бұл реакциялар кезінде жүйедегі радикал кез келген молекуладан атом немесе атомдар тобын үзіп алады. Ол инициатордың, мономердің немесе еріткіштің молекулалары болуы мүмкін. Тізбек беру реакциясы полимерлену жылдамдығынан аз болғанымен, ол полимерлену дәрежесіне елеулі әсер етеді. Тізбек беру үдерісін жалпы түрде былай өрнектеуге болады:
мұндағы ХА – мономер, инициатор, еріткіш немесе басқа заттар, Х – полимерге ауысатын атом, kT – тізбек беру реакциясының
жылдамдық константасы. Сонда тізбек беру реакциясының жылдамдығы мынаған тең:
V k M XA
(3.5)
T T
Мысал келтірейік. Тізбек беру мономер арқылы жүрсін:
M + CH = CH km
2
RH + CH2 = CH
OCOCH 3 OCOCH 2
мұндағы k m- мономерге тізбек беру реакциясының жылдамдық константасы. Активті радикал М ● винилацетат молекуласындағы қос байланысқа қосылудың орнына, ацетил тобынан бір сутек атомын үзіп алып, өзінің бос валенттілігін толтырады да, мономер молекуласын радикалға айналдырады. Ол радикал мономердің басқа
молекуласымен қосылып, жаңа тізбек бастауы мүмкін:
CH 2 = CH + CH 2 = CH CH 2 = CH - OCOCH 2 - CH 2 - CH OCOCH 2 OCOCH 3 OCOCH 3
Аллил мономерлері полимерленгенде тізбектің мономерге берілуі қос байланыстағы жылжымалы сутек атомын бөліп алу арқылы резонансты тұрақталған, активті емес, аллил радикалы пайда болады:
~CH 2 - CH - CH 2X + CH 2 = CH - CH 2X
~CH 2 - CH 2-CH 2X + CH 2 CH CHX
Аллил радикалдары полимерленуді иницирлеуге қабілеті нашар, рекомбинациялауға ұшырап димер түзеді. Сондықтан кинетикалық тізбек үзіледі. Тізбектің осылай берілуі деградациялық тізбектің берілуі деп аталады. Деградациялық берілу өсу реакциясымен қабаттаса отырып, аллил мономерінің полимерлену жылдамдығын азайтады және алынған өнімнің молекулалық массасы төмен болады.
Мономер молекулаларының тізбек беру реакциясына қатысу қабі- леті тізбек берудің салыстырмалы константасымен (C M) , яғни моно- мерге тізбек беру реакциясының жылдамдық константасының тізбек-
тің өсу жылдамдық константасына қатынасымен сипатталады.
C kM k
M
(3.6)
Көптеген мономерлер үшін kM<< kθ. См мәні 10 -10 шамасында,
-4 -5
аллил мономерлері үшін См мәні бірнеше есе жоғары (3.3-кесте).
3.3-кесте. Тізбектің мономерге берілу константалары
Достарыңызбен бөлісу: |