«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет42/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

6-1-бап. 
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның 
(облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары 
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық 
маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары осы Заңда және Қазақстан 
Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде тиісті аумақта 
білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады. 
2. Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті 
органмен келісу бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді 
басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан 
босатады. 
2020.25.06. № 347-VІ ҚР 
Заңымен
 7-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
7-бап. 
Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету 
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен 
уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді 
басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы ақпараттандыру 
объектілері құрылады. 
2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері оның ішінде жоғары және 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру 
бағдарламаларының тізілімін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді 
және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру 
ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге де деректерді қамтиды. 
8-бап.
Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің 
құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес 
білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз 
етеді. 
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық 
жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 
2011.22.07. № 478-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
); 2012.13.02. № 553-IV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2013.21.05. № 93-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 
171-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 2-
тармақ өзгертілді
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы 
біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім 
алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер 
Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім 
алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді. 
2-тармақтың 2 бөлімі 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына 
отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың 
білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының 
азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға 
құқығы бар. 
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет 
білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
42 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім алуға құқық беріледі. 
Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, 
шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет