Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
59
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім
беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге
асырылады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды,
сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында
-
өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар
(ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің,
практика жетекшісінің
басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі,
кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті
органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың,
спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін
мәдениет және өнер, дене шынықтыру және
спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
2. 2011.24.10.
№ 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
3-тармақпен толықтырылды
3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу
полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.
2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
4-тармақпен толықтырылды
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын
меңгеру бойынша
қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта
буын маманы» біліктілігі беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
32-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: