Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
56
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен
есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық
және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу
теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу
бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу
арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-
тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және
бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас
бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық,
азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін
қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары
мен қабілеттерін дамытуға
бағытталған.
Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен
айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің
жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым
салынады.
2015.03.12. № 433-V ҚР
Заңымен
4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
4. Оқу-тәрбие
процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің
адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің құқықтарына білім беру
жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және
психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті
өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру
тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 6-тармақ өзгертілді
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім
алушылардың негізгі
орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта
білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы
білім беру ұйымдарынан басқа) жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
7-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін
бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады
және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге
асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін
таңдауда дербес болады.
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
8-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
57
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
меңгеру білім
алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2016.09.04. № 501-V ҚР
Заңымен
(2017 ж. 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау
мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
10-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2018.04.07.
№ 172-VI ҚР
Заңымен
10-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
10. Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм
алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган айқындайды.
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің
ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және
мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
29-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
Достарыңызбен бөлісу: