Білім туралы Күшін жойған



бет12/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiлiм берудi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
      2) бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      2-1) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және болашақтағы қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн құрады;
      3) жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестердiң кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және кәсiптiк жоғары бiлiмi мен жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi бар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарда кәсiптiк орта бiлiмi бар мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      3-1) мемлекеттiк бiлiм беру гранттары шеңберiнде жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн үш жыл бойы ауылдық жерде одан әрi жұмыс iстеу шарты негiзiнде медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшiн квота белгiлейдi;
      4) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша бiлiм беру жүйесiнiң қызметiн осы Заңға сәйкес реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      4-1) мемлекеттiк бiлiм беру гранты, мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк кредиттер туралы ережелердi бекiтедi;
      4-2) бiлiм берудiң жалпыға бiрдей мiндеттi мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн және оның қолданылу мерзiмдерiн айқындайды;
      4-3) Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеу және бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
      4-4) бiлiктiлiк талаптарын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау тәртiбiн бекiтедi;
      4-5) мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды берудiң тәртiбiн айқындайды;
      4-6) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
      4-7) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын, сондай-ақ Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
      4-8) жеке адамның тәрбиесiне, бiлiм алуына және кәсiби қалыптасуына зор үлес қосқан мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы шешiм қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгiзедi;
      5) бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      6) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;
      6-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiн бекiтедi;
      7) мемлекеттiк атаулы стипендияны белгiлейдi;
      8) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi.
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 150 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

30-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет