Білім туралы Күшін жойған


орталық атқарушы органның құзыретi



бет13/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
орталық атқарушы органның құзыретi

      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мынадай мiндеттердi атқарады:
      1) бiлiм беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, олардың бiлiм беру саласындағы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк игiлiктердiң минимумын алуын қамтамасыз етедi;
      1-1) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады, бiлiм беру саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      1-2) ұсынылатын бiлiм беру қызметiн көрсетудiң сапасына талдау жасайды және әдiстемелiк әрi әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      2) алып тасталды
      3) бiлiм беру ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      3-1) бiлiм беру сапасын басқаруды жүзеге асырады, бiлiм беру сапасын бағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық және технологиялық нормаларды қабылдайды;
      3-2) бiлiм беру мониторингiн және бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережесiн бекiтедi;
      3-3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын қоспағанда, бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
      3-4) сырттай, кешкi және экстернат нысанында бiлiм алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi; 
      3-5) жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында бiлiм алуға рұқсат бередi;
      4) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда, жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын бекiтедi;
      4-1) аралық мемлекеттiк бақылау өткiзудiң ережесiн бекiтедi;
      5) бiлiм беру мен ғылым саласында нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      6) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарындағы оқу жылының басталу және аяқталу уақытын белгiлейдi;
      7) бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерi бойынша сыныптардың (топтардың) санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес толықтырылуын айқындайды;
      8) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бойынша кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн белгiлейдi;
      8-1) бiлiм алушылардың үлгерiмiне, оларды аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттауға ағымдағы бақылау жүргiзудiң нысанын әзiрлейдi және тәртiбiн бекiтедi;
      8-2) бiрыңғай ұлттық тестiлеудi және кешендi тестiлеудi өткiзудiң ережелерi мен технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
      8-3) санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға алып келетiн аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың шектi санын бекiтедi;
      8-4) техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiптiк дайындық деңгейiн растаудың және бiлiктiлiк берудiң тәртiбiн әзiрлеп, бекiтедi;
      9) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына:
      жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын және кәсiптiк орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      дiни бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
      халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға лицензия бередi;
      9-1) бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;
      9-2) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      9-3) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда), кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiм беру және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      10) жалпы орта бiлiм беретiн республикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi, шығармашылық сайыс негiзiнде оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарын дайындау мен басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және бiлiм беру ұйымдарына оқу әдебиеттерiн таңдаудың тетiгiн жасайды;
      10-1) жалпы орта бiлiм беретiн республикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;
      11) бiлiм беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттердi, соның iшiнде электрондық жеткiзгiштегi әдебиеттердi пайдалануға рұқсат етедi;
      11-1) мектептен тыс республикалық маңызы бар iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      12) алып тасталды
      12-1) жалпы бiлiм беру пәндерi бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылардың және кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын өткiзудi ұйымдастырудың ережесiн бекiтедi;
      13) денсаулық сақтау кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты қоспағанда, бюджет қаражаттары есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
      14) бiлiм беру ұйымдарына, магистратураға, аспирантура мен докторантураға оқуға қабылдаудың жалпы тәртiбiн және үлгi ережелерiн, сондай-ақ бiлiм беру қызметтерiн ақылы көрсету шартының үлгiлiк нысанын бекiтедi;
      14-1) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;
      14-2) күндiзгi оқыту нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;
      14-3) осы Заңның 14-бабында көзделген нысандар бойынша оқыту ережелерiн бекiтедi;
      15) ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдары мен кәсiпорындарының құрылтай құжаттарын бекiтедi;
      16) бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының, ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджет және қаржы тәртiбiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
      16-1) бiлiм алуды аяқтамаған азаматтарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
      16-2) бiлiм беру қызметiнде бiлiм беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      16-3) білiм деңгейi (сатысы) және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланктерiне тапсырыс берудi ұйымдастырады, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етедi және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      17) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында еңбекке ақы төлеудiң мемлекеттiк нормативтерi туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      18) бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың белгiленген тәртiппен қаржыландырылуын жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, ведомостволық бағыныстағы мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      19-1) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесiн бекiтедi;
      20) алып тасталды
      21) салалық көтермелеу жүйесiн жасайды және бекiтедi;
      21-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау ережесiн бекiтедi;
      22) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жоспарлайды және ұйымдастырады;
      23) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзiп, өз құзыретi шегiнде бiлiм беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) және бағдарламаларға қол қояды;
      24) алып тасталды
      24-1) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;
      25) алып тасталды
      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 150 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет