Білім туралы Күшін жойған



бет11/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Білім туралы Заңы 1999 ж.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен .

  25-бап. Кәсiптiк жоғары бiлiм беру



      1. Кәсiптiк жоғары бiлiмдi орта бiлiмi бар азаматтар алады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн кәсiптiк жоғары бiлiм алуға құқығы бар.
      2-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтардың тiзбесiне сәйкес шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгі оқу нысанында жоғары кәсiптiк бiлiм алу үшiн "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық негiзде ие болуға құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының мынадай түрлерi белгiленедi: университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).
      Жоғары оқу орындарының филиалдары мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асырады.
      Бiлiм алушылардың мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарының жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер жөнiндегi оқу бағдарламаларын меңгеруi филиал құрған жоғары оқу орындарында жалғастырылады.
      Жоғары оқу орындарында тиiстi лицензиялары болған жағдайда жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.
      4. Бiрыңғай оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының құрамына жоғары оқу орнының құрылымдық бiрлiктерiнiң немесе заңды тұлға мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бөлiмшелер кiре алады.
      Медициналық бiлiм беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған жағдайда ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.
      5. Қазақстан Республикасында кәсiптiк жоғары бiлiмнiң мынадай құрылымы белгiленедi:
      1) қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға бiлiктiлiк пен "бакалавр" академиялық дәрежесiнiң берiлуiмен расталатын, оқу мерзiмi төрт жылдық жоғары базалық бiлiм (бакалавриат);
      қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға бiлiктiлiк нен "магистр" академиялық дәрежесiнiң берiлуiмен расталатын, оқу мерзiмi: жоғары базалық бiлiм негiзiнде - екi жылдық; жоғары арнаулы бiлiм негiзiнде бiр жылдық жоғары ғылыми-педагогикалық бiлім;
      2) тиiстi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда,қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға "кәсiптiк жоғары бiлiмi бар маман" тиiстi бiлiктiлiгiнiң берiлуiмен расталатын, оқү мерзiмi кемiнде төрт жылдық жоғары арнаулы бiлiм.
      Медициналық бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқу мерзiмi жетi жыл болады және соңғы оқу жылы интернатура нысанында ұйымдастырылады.
      Интернатурадан өтпеген бiтiрушiлер клиникалық практикаға жiберiлмейдi.
      Университеттер мен академиялар бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, кәсiптiк жоғары бiлiм берiлетiн нақты мамандықтар бойынша кадрлар даярлау құрылымын белгiлейдi.
      6. Кәсiптiк орта бiлiмi бар азаматтар жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтар жөнiнде жоғары кәсiптiк бiлiм алуға құқылы.
      Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар азаматтар ақылы негiзде жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша екiншi кәсiптiк жоғары бiлiм алуы мүмкiн.
      Кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      7. Жоғары оқу орны өзiнiң ғылыми қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
      8. Жоғары оқу орнының тәрбиелеу мiндеттерi студенттердiң, оқытушылар мен қызметкерлердiң бiрлескен оқу, ғылыми, шығармашылық, өндiрiстiк қызметiмен iске асырылады.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 , 2004.07.09. N 597 , 2006.07.04. N 150 Заңдарымен.

   26-бап. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру



      1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң жоғары сатысы ретiнде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлауды көздейдi.
      Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi арнаулы жоғары бiлiмi немесе "магистр" академиялық дәрежесi бар бiлiктi мамандықтағы азаматтар алады.
      2. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау жоғары оқу орындарының клиникалық ординатурасында, ассистентура-тағылымдамасында адъюнктурасында және докторантурасында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер қызметiне, iзденушiлiкке ауыстыру, шығармашылық демалыстар беру нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтардың тiзбесiне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шетелдiк жоғары оқу орындарына күндiзгi оқу нысанында оқытуға жiберу жолымен жүзеге асырылады.
      3. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмi күндiзгi оқу нысанында - үш жылдан, сырттай оқу нысанында - төрт жылдан, магистр дәрежесi бар адамдар үшiн тиiсiнше екi және үш жылдан аспауға тиiс.
      Ассистентура-тағылымдамада тағылымдамадан өту мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша - екi жылдан, сырттай оқу нысаны бойынша үш жылдан аспауға тиiс.
      Докторантурада болу мерзiмi - үш жылдан, докторлық диссертация әзiрлеу үшiн аға ғылыми қызметкер қызметiне ауыстыру екi жылдан аспауға тиiс.
      4. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы ереженi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 , 2006.07.04. N 150 Заңдарымен.

27-бап. Қосымша кәсiптiк бiлiм беру



      1. Кәсiптiк бiлiм берудiң әрбiр сатысының шегiнде қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерi технологиялар мен өндiрiсте болып жатқан өзгерiстерге байланысты оларға қойылатын талаптарды ұдайы арттыруды ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшiлердiң, мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз арттыру, еңбек нарығы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша мамандықтар алу арқылы кәсiби бiлiмдi, дағдылар мен iскерлiктi тереңдету және кәсiби мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.
      2. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгi нысандары бiлiктiлiктi арттыру мен кадрларды қайта даярлау болып табылады.
      3. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын бiлiм беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен қосымша бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ нысанасы бiлiм беру қызметi болып табылатын тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi бар өзге де заңды тұлғалар бекiтедi және iске асырады.
      4. Қосымша кәсiптiк бiлiм беру бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      5. Бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру кемiнде бес жылда бiр рет жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  4-тарау. Білім беру жүйесін басқару



       28-бап. <*>

      Ескерту. 28-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  29-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiлiм беру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет