Білім туралы Күшін жойған


бiлiм беру саласындағы құзыретi



бет14/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Білім туралы Заңы 1999 ж.

бiлiм беру саласындағы құзыретi

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар ұсынған бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi, олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;
      2) ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы шешім қабылдайды;
      3) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүрiп-тұруы туралы шешiм қабылдайды.
      2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
      2) азаматтарға кәсiптiк бастауыш бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      3) кәсiптiк орта бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi;
      4) арнайы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм берудi - қамтамасыз етедi;
      5) дарынды балаларға мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында жалпы бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      5-1) бiлiм және (немесе) бiлiктілiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың бланктерiне тапсырыс берудi ұйымдастырады, олармен жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз етедi және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта бiлiм беретiн, арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жас өспiрiмдер мектептерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;
      6-1) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім берудің негізгі бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады;
      7) бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      8) кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда), сондай-ақ арнайы және мамандандырылған бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      9) мiндеттi жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдар үшiн, сондай-ақ арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      10) облыс ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      11) балаларға спорт бойынша қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      12) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      13) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      14) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      15) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      16) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      17) кәсiптiк орта бiлiм беретiн ұйымдардың бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      18) мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
      2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      3) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      4) азаматтардың кәсiптiк бастауыш бiлiм алуын қамтамасыз етедi;
      5) азаматтардың кәсiптiк орта бiлiм алуын қамтамасыз етедi;
      6) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
      7) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын, мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;
      8) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта бiлiм берудiң негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ оларды мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзудi ұйымдастырады;
      9) кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      10) бiлiм алушылардың бiрыңғай ұлттық тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
      11) мiндеттi жалпы орта бiлiм беретiн мекемелер үшiн, сондай-ақ арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      12) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      13) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін әрі кәсіптік мектептерді және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      14) арнайы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      15) дарынды балаларға мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында жалпы бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      16) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      18) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      19) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      20) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      21) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      23) бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      24) мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi;
      25) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
      2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      4) арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта құрады және таратады;
      5) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, арнайы, мамандандырылған және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      7) мiндеттi жалпы орта бiлiм беретiн мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      8) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      9) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi ұйымдастырады;
      10) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      13) бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      14) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      15) мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi;
      16) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
      5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:
      1) мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
      2) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
      Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi ауылдық (селолық) жерде бiлiм алушыларды мектепке дейiн және керi тегiн жеткiзудi ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет