Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 484 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 150 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. <*>
Ескерту. 32-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
33-бап. Білiм беру ұйымдарының құзыретi
1. Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы Үлгi ережелер мен бiлiм беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесiн жүзеге асыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
1-1. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар етедi.
2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы уәкiлеттi басқару органдарымен келiсiм бойынша өз орынбасарларын тағайындайды және қызметiнен босатады. Оларды тағайындау және қызметтен босату тәртiбi бiлiм беру ұйымының жарғысымен белгiленедi.
3. Бiлiм беру ұйымының құзыретiне мынадай мiндеттер жатады:
1) жарғының жобасын әзiрлеу;
2) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;
3) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестелерiн әзiрлеу және бекіту;
4) осы Заңда және тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы Yлгi ережеде өзгеше көзделмесе, бiлiм алушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес қалыптастыру;
Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарының бiлiм алушылар контингентiн қалыптастыру тиiстi үлгiдегi Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң, кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары конкурсының негiзiнде жүзеге асырылады; V001118 V001245 5) бiлiм беру процесi мен бiлiм беру технологияларының әдiстемелерiн, оның iшiнде дистанциялық бiлiм беру технологияларын пайдалану және жетiлдiру;
6) бiрыңғай ұлттық тестiлеудi және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi берудi қоспағанда, бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;
7) алып тасталды 8) өздерiнiң қаржы қаражаты шегiнде және республикалық нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген шектеулердi ескере отырып, мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы қызметкерлердiң жалақысы мен лауазымдық айлықақысының ставкаларын белгiлеу;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақыларына үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық берудiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлеу;
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
10) бiлiм беру ұйымдарын нормативтiк талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жарақтау мен жабдықтау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерiн тарту;
12) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары бөлiмшелерiнiң және медициналық ұйымдардың жұмыс iстеуiне қажеттi жағдайлар жасау, олардың жұмыстарына бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлер мен қызметкерлердiң денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатында бақылау жасау;
13) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қосымша жеңiлдiктер мен материалдық қамтамасыз ету түрлерiнiң уақытылы берiлiп отыруын қамтамасыз ету;
14) тәрбиеленушiлер мен бiлiм алушылардың күтiмi мен тұру жағдайларының белгiленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
15) қоғамдық өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер органдарының қызметiне жәрдемдесу;
16) құрылтайшылар мен мүдделi адамдарға қаржылық және материалдық ресурстардың түсуi мен жұмсалуы туралы есеп беру;
17) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагог қызметкерлерiне тиiстi оқу орнының доцентi және профессоры академиялық атақтарын беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органының алдында доцент және профессор ғылыми атақтарын беру туралы өтiнiш жасау.
18) алып тасталды