Білім туралы Күшін жойған



бет16/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Білім туралы Заңы 1999 ж.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  34-бап. Бiлiм беру ұйымдарын басқару



      1. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Бiлiм беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары бiлiм беру ұйымының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) кеңестер және басқа да нысандар болып табылады, олардың жұмысын ұйымдастыру ережелерiн, оларды сайлау тәртiбiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      3. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды меңгерушi, директор, ректор немесе өзге де басшы жүзеге асырады.
      4. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      5. Бiлiм беру ұйымы басшысының мәртебесi, бiлiм беру ұйымының алқалы органдарының құрамы, өкiлеттiгi, сайлау тәртiбi және қызметi, олардың арасындағы өкiлеттiктiң ара-жiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және олардың жарғыларымен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
      Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң қызметтерiн бiлiм беру ұйымдары iшiндегi немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) қызметтермен қоса атқаруға рұқсат етiлмейдi.
      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары, олардың филиалдары (бөлiмдерi) басшыларының қызметтiк мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 597 , өзгерту енгізілді - 2006.07.04. N 150 Заңдарымен.

  35-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау



      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң азаматтардың бiлiм алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн, мемлекеттiк жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары оны өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:
      1) негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:
      1) аралық мемлекеттiк бақылау;
      2) бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау;
      3) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
      4) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу;
      5) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
      6) бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
      4. алып тасталды
      5. Аралық мемлекеттiк бақылау:
      1) тиiстi сатыдағы бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын бiлiм алушылардың меңгергенiн тексеру мақсатында жалпы орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында;
      2) бiлiм алушылардың кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандартының әлеуметтiк-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейiндi пәндер циклына кiретiн жекелеген пәндердi игергенiн олар екiншi курсты бiтiргеннен кейiн (медициналық оқу орындарында - үшiншi курсты бiтiргеннен кейiн) тексеру мақсатында кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындаған тәртiпте аралық мемлекеттiк бақылаудан қайтадан өтуге құқығы бар.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан екiншi рет өтпеген студенттер - мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң иелерi мемлекеттiк бiлiм беру гранты мен кредитi бойынша бiлiм алуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан екiншi рет өтпеген ақылы бөлiмдердiң студенттерi ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.
      Аралық мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң ережелерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      6. Қазақ тілiнде және орыс тiлiнде оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерi жыл сайын бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсыруға жiберiледi.
      Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырудан босатылады.
      Білiм беру гранттарын алу құқығы конкурсына қатысу үшiн халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына сертификат Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы комиссиясының шешiмi негiзiнде беріледi. Сертификаттардың баллдары Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен шкала бойынша бiлiм алушының жылдық бағасын аудару жолымен белгiленедi.
      Жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарын өткен жылдарда бiтiрушiлердiң, сондай-ақ бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырмаған, халықаралық оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде оқығандардың, ана тiлiнде (қазақ тiлiнен және орыс тiлiнен басқа) оқытатын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарын бiтiрушілердiң, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлердiң кешендi тестiлеудi Yлгiлiк қабылдау ережелерiне сәйкес тапсыруға құқықтары бар.
      7. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
      Бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау бiлiм беру ұйымдары үшiн көзделген тәртiппен бiлiм беру ұйымының құрамында өткiзiледi.
      Алғашқы мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
      1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
      2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бiрiншi бiтiруiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрiлмей;
      3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейiн өткiзiледi.
      8. Жоғары оқу орындарын акредиттеу олардың өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2004.07.09. N 597 Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 150 Заңдарымен.

       35-1-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет