1. Мемлекет шетелдегi қазақ диаспорасының бiлiм алуға деген қажеттерiн қанағаттандыруға жәрдемдеседi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында бiлiм алуға құқығы бар.
3. Шетелдегi қазақ диаспорасына арналған бiлiм беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен .
48-бап. <*>
Ескерту. 48-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 597 Заңымен .
8-тарау. Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны
үшін жауапкершілік
49-бап. Бiлiм беру саласындағы заңдарды бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк
Бiлiм беру саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9-тарау. Өтпелі ережелер
50-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу
1. 40-баптың 1999 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлетiн 4-тармағын қоспағанда, осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiледi.
2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын және осы Заң күшіне енгізілгенге дейін стипендия алуға құқығы бар білім алушылар оқу орнын бітіргенге дейін бұл құқығын бұрынғы тәртіппен сақтайды.