Білім туралы Күшін жойған



бет22/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Білім туралы Заңы 1999 ж.

ақы төлеу жүйесi

      1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. алып тасталды
      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары өздеріндегі бар қаражат шегінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет есебінен сыйлықақылар мен ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдердің мөлшерлерін дербес айқындай алады.
      4. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне бiлiктiлiгi жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкiлетті органы берген тиiстi диплом болған жағдайда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтары үшiн, ғылым кандидатына бiр айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторына екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгіленедi.
      5. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн нормативтік оқу жүктемесі аптасына:
      1) жалпы бiлiм беретiн оқу орнының бастауыш сатысы үшiн - 20 сағаттан;
      2) жалпы бiлiм беретiн оқу орнының негiзгi және жоғары сатылары, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары үшiн - 18 сағаттан;
      3) мектепке дейiнгi ұйымдар, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптары үшiн - 24 сағаттан;
      4) мектептен тыс ұйымдар үшiн - 18 сағаттан (балалардың, жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнде - 24 сағаттан) аспайтын етiп белгiленедi;
      5) мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мемлекеттiк тапсырысты және мемлекеттiк бiлiм беру кредитiн анықтау кезiнде студенттер мен оқытушылардың орташа арақатынасы (бiр оқытушыға келетiн студенттердiң орташа саны) тиiсiнше күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1, ал медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1, кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1 және сырттай оқу нысаны үшiн - 32:1 болуын негiзге ала отырып есептеледi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде педагог қызметкерлерге арналған нормативтiк оқу жүктемесiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Заңда белгiленген шекте реттеп отырады.
      6. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, сыныпқа басшылық жасағаны үшiн, дәптерлердi, жазба жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн қосымша ақы және Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген басқа да ақылар төленедi.
      7. Өз қаражаты есебiнен Еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ереженi тиiстi оқу орындары (құрылтайшылар) айқындайды.
      8. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi олардың құрылтайшылары немесе соған уәкiлдiк берiлген адам айқындайды.
      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

41-бап. Білiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет