1. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында бiлiм берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi белгiленген көрсеткiштер бойынша бiлiм беру жүйесiндегi есепке алудың деректерін, білiм беру мониторингiнiң деректерiн және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, жергiлiктi атқарушы органдар, бiлiм беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.
Ескерту. 35-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.04. N 150 Заңымен.