Білім туралы Күшін жойған


құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері



бет19/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Білім туралы Заңы 1999 ж.

құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері

36-бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң


құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм беру ұйымын және қабылдау шарттарына сәйкес бiлiм алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
      Бiлiм алушылар тiлек бiлдiрген жағдайда бiлiм беру ұйымы олармен тараптардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлетiн оқу шартын (келiсiм-шартын) жасасуға мiндеттi.
      Азаматтар ақылы оқуға түскен кезде бiлiм беру ұйымы олармен бiлiм беру қызметiн ақылы көрсету шартын жасасуға мiндеттi. <*>
      2. Бiлiм алатын азаматтар бiлiм алушылар немесе тәрбиеленушiлер болып табылады.
      Бiлiм алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар, тағлымдамадан өтушiлер, аспиранттар, адъюнктер және докторанттар жатады.
      Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетiн адамдар жатады.
      3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:
      1) мемлекеттiк жалпы мiндетті бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм алуға;
      2) Бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң шешiмiмен жалпы мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары, жеделдетiлген бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға;
      3) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша бiлiм беру қызметiн пайдалануға, бiлiм алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;
      4) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
      5) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен оқу орнына қайта қабылдануға және бiреуiнен екiншiсiне, бiр мамандықтан екiншiсiне немесе оқудың бiр нысанынан екiншiсiне, мемлекеттiк емес оқу орнынан мемлекеттiк оқу орнына ауысуға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдары кiтапханаларының ақпараттық ресурстарын тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен халықты жұмыспен қамту саласының жағдайы туралы ақпарат алуға және кәсiби-диагностикалық зерттеуден өтуге;
      8) өз пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;
      9) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
      10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
      4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң:
      1) жергiліктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
      2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметке шақырылудан кейiнге қалдырылуға құқығы бар.
      4-1. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда бiлiм алушыға Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген мерзiмге және тәртiппен академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.
      5. Бiлiм беру ұйымдарында негiзгi жұмысынан қол үзбей (сырттай, кешкi және дистанциялық оқу нысандары бойынша) оқитын азаматтарға, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында көзделген реттердi қоспағанда, жұмыс берушiлер жалақысын сақтап және сақтамай ақы төленетiн және ақы төленбейтiн қосымша демалыстар, жұмыстан бос күндер беруi де мүмкiн.
      6. Меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердiң келесi деңгейдегi бiлiм беру ұйымына түсу кезiнде және жұмысқа орналасу кезiнде құқықтары тең болады.
      7. Бiлiм бepy ұйымдарында бiлiм алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк стипендиялар төленедi.
      Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мейлiнше дарынды аспиранттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушы студенттерiне жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
      Жеке және заңды тұлғалар белгiлейтiн атаулы стипендиялар кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында бiлiм алушыларға тағайындалады.
      Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртiбiн оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
      8. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi.
      9. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi.
      10. Мемлекет жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн балалар үйлерiн және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарын, Жасөспiрiмдер үйлерiн, интернаттық ұйымдар, сондай-ақ отбасылық үлгiсiндегi балалар үйлерiн құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйлерi мен интернаттық ұйымдарда тәрбиеленедi, оларды мемлекет толық қамтамасыз етiп отырады.
      11. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да жеңiлдiктер берiледi.
      12. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпы мiндетті бiлiм беру стандарттары көлемiнде бiлiмдi, шеберлiк пен практикалық дағдыларды меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, бiлiм беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
      13. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және дене бiтiмiн өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi.
      14. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға бiлiм беру ұйымының жарғысында, не шартта (келiсiм-шартта) көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 597 , 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.

37-бап. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет