Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
45-бап. Бiлiм беру ұйымдарының кәсіпкерлiк қызметi
1. Бiлiм беру ұйымдары жарғыға сәйкес кiрiс келтiретiн қызметпен айналыса алады.
Қызмет көрсетулердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Білiм беру ұйымы осы қызметтен түсетiн кiрiстi бөлу тәртiбiн өз жарғысына сәйкес дербес белгілейдi.
2. Ақылы қызмет көрсетулердi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге болмайды.
3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi мынадай:
1) қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту;
2) арнаулы курстар мен пән циклдарын қосымша оқыту;
3) жекелеген білiм алушылармен оқу жоспары бойынша сағат санынан тыс пәндер бойынша жеке тәртіппен қосымша сабақтар өткізу;
4) оқушылардың пәндердi қосымша тереңдетiп зерделеуi (мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттардың тиiстi білім беру бағдарламалары шеңберiнен тыс);
5) балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған қосымша дене шынықтыру-сауықтыру бағдарламалары;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, соның iшiнде мектеп жанындағы лагерьлерде ұйымдастыру;
7) үйiрме қызметiн ұйымдастыру (базистiк оқу жоспары шеңберiнен тыс);
8) білiм алушылар арасында спорттық және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды өткізу, төрешілік жасау, медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асыру, спорттық және мәдени-көпшiлiк iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
9) мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының бiлiктілігiн арттыру;
10) кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар мамандарды қайта даярлау;
11) музыкалық аспаптарды, техникаларды және басқа да жабдықтарды пайдалануға беру;
12) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергиялық қондырғылары мен қазандықтарынан берiлетiн жылу энергиясын жiберу;
13) оқу-қосымша, оқу-тәжiрибе, қосалқы учаскелер мен шаруашылықтардың өнiмдерiн өндiру және сату;
14) оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сату;
15) бiлiм алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету;
16) Интернет-байланыс қызметiн көрсету бойынша ақылы қызмет көрсетулер ұсынуға құқылы.
Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң ақылы қызмет көрсетулерiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымының білім беру қызметiн, соның iшiнде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары шегiнде iске асырғаны үшiн ақы алуға құқығы бар.
5. Ақылы қызмет көрсетулердi ұсынудың тәртiбi мен шарттары білім беру ұйымы мен бiлiм алушының (оның заңды өкiлдерiнiң) арасында жасасылатын ақылы қызмет көрсетулер шартында белгiленедi, оның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Жеке педагогтiк қызмет кәсiпкерлiк ретiнде қарастырылады, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Жеке педагогтiк қызмет лицензияланбайды.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.04. N 150 Заңымен.
7-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет
46-бап. Халықаралық ынтымақтастық
1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары және халыкаралық шарттар, келiсiмдер, конвенциялар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Бiлiм беру ұйымдарының өз жұмыстарының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу орындарын, шетелдiк бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын құру халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың арасындағы шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын құрылтайшы елдердiң Үкiметтерi (уәкiлеттi органдары) бекiтедi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық оқу орындарының және басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, шетелдiк оқу орындары филиалдарының бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланады.
Бұл бiлiм беру ұйымдарын аттестаттауды құрылтайшылар құратын бiрлескен комиссиялар өткiзедi.
5. Аталған бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары бiтiрушiлерге:
1) егер олардағы оқу процесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары негiзiнде ұйымдастырылса, Қазақстан Республикасында қабылданған;
2) егер оқу процесi тиiстi мемлекеттердiң бiлiм беру бағдарламалары бойынша жүргiзiлсе, сол мемлекетте қабылданған бiлiм беру туралы құжаттар бередi. Бұл жағдайда бiлiм туралы алынған құжаттар Қазақстан Республикасында нострификациялануға тиiс.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттердің зайырлы оқу орындарында оқуға, даярлануға, бiлiктiлiгін арттыруға, қайта даярлаудан және тағлымдамадан өтуге құқығы бар. Бұл құқық бiлiм алушылармен, білiм беру ұйымдарымен, өзге де заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық шарттар мен нысаналы бағдарламаларға сәйкес жасалатын тiкелей шарттар бойынша iске асырылады.
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда, келiсiмдерде белгіленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған келiсiм-шарттар бойынша бiлiмге және педагогтiк қызметпен айналысуға құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен .
47-бап. Шетелдегi қазақ диаспорасының бiлiм алуға деген
Достарыңызбен бөлісу: |